Бағалы металдар (алтын, күміс, мыс), құрылымы, пайдасы мен зияны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп келген канадалық зерттеушілер осы металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады. Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығы анықталды. Эмоциялы адамдарды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Әшекей бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді. Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлдем тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп, артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес береді. Ал күмістің әсері керісінше. Оны адамзат ежелден қолданып келеді: күміс ыдыстардан тағам жеген, күміс су ішкен, оның көмегімен түрлі ауруларды емдеген. Күміс қосылған тағам: Күмістен жасалған немесе күміс қосылған тағам дегенді естуіңіз бар ма? Жақын арада Е174 деген атауы бар сирек әрі қымбат тағам қоспасы жасалынды. Ол әдеттегідей кондитерлік тағамдарды әшекейлендіру үшін пайдаланылады. Осы секілді Е175 атты алтын қоспасы бар. Бұл күндері алтын қаптамаға салынған шоколадты, алтын көбігі қосылған шараптарды, алтын иондары бар суды кездестіруге болады. Күмістің зияны: Күмістің дәмін татып көруге болғанымен, ағзаға тигізер кері әсері де бар. Күн сайын адам ағзасына тағамдар мен су арқылы 7 микрограмм күміс түседі. Оның ағзаға артық мөлшерде түсіп, бауырға жиналу қасиеті бар. Ми, өкпе, гипофиз, көздің шатырша қабығында күміс мөлшерінің көп болғанына қарамастан, артық болуының еш пайдасы жоқ. Алайда медицина саласында ағзадағы күміс тапшылығы деген ұғым жоқ. Ағзада күміс мөлшерінің артуы аргентоз ауруына әкеліп соқтырады. Сол себепті күміс иондары бар суды пайдалануға тыйым салынады. Ол суды бактериялардан тазартпайды, тек көбеюін тежейді. Күмістің пайдасы: Бұл металл түрінен жасалған әшекей бұйымдарды тағу денсаулыққа пайдалы. Жүрек пен жүйке жүйесін қалпына келтіріп, асқазан мен бас ауырғанды басады. Шаршағанды сергітіп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді. Күмістің қараюы: Күмістен жасалған әшекей бұйымдарымыздың қарайып кеткен сәттері бәрімізде болған шығар. Кейбір адамдардың керісінше терісі қарайып жатады. Күмістің қараюы құрамындағы тотығып, қарайып кету қасиетіне ие медий қоспасының әсерінен. Тершең адамдарда бұл үрдіс жылдам жүреді. Бұдан өзге қараю ауа ылғалының ауысуы мен косметикаңызды жаңартудан болуы әбден мүмкін.

Өндірілген алтынның негізгі бөлігі мемлекеттік қорларда сақталады. Ол халықаралық төлемдер мен есеп айырысуларда валюта ретінде, оларды қамтамасыз етеді. Мәселен, басты шетелдердің алтын қоры 40 мың тоннаға жетеді. Өндірілген алтынның қалған бөлігі зергерлік бұйымдар жасауға (50%), электрондық техникада химиялық өнеркәсіпте, фосфор бүйымдар өндірісінде (35%), медицинада (10%) қолданылады. Соңғы жылдары алтын жаңа техникада дәнекер материал ретінде, терможүптар жасауға, хронометр мен гальванометрдің талшықтарында, ғарыш аппараттарының бетін қаптауға (жылу мен жарықты шағылыстыру үшін) кең пайдаланылады.
Геохимиясы мен минералогиясы
Алтынның кларкі өте төмен болғанымен (4,3 :: 10-7%), бұл металл табиғатта кең таралған. Оның жоғары концентрациясы гранит мен диабазға тән. Алтын әлем мұхиты суында бар, оның мөлшері өте төмен болса да өнеркәсіптік игерілуі жолға қойылған. Алтынның концентрациялану коэффициенті өте жоғары -- 2000 шамасында. Табиғатта құрамында алтын бар 15 минерал белгілі. Негізгі өнеркәсіптік мәнге сомтума алтын мен оның теллуридтері ие. Сомтума алтында күміс, мыс, темір, висмут, қорғасын мен сүрменің қоспалары болады. Алтынның сапасы оның сынамымен (сынам -- 1000 бірлік массасындағы алтын мөлшері) бағаланады. Жоғары сапалы табиғи алтынның сынамы 900-ден асады, ал төменгі сапалыда -- 700-ге дейін. ТМД елдерінде алтын бұйымдары үшін 375, 500, 583 (585), 750, 958 сынамдар стандарт ретінде қабылданған.
Кен типтері мен кондициялары
Алтын кварц желісінде немесе сульфид минералдар -- пирит, арсенопирит, халькопирит, солғын кен, галенит, сфалеритте шашыранды түрде және түйір тәрізді немесе бұрыс пішінді бөлінімдер түрінде кездеседі. Осыған байланысты түбірлік кенорындардың алтынды кварц және алтынды сульфид кені бөлінеді. Шашылымдарда алтын сомтума түрде байңалып, біршама жоғары сынамымен ерекшеленеді. Түбірлік кенорындарда алтынның мөлшері 3 гт, ал шашылымдарда -0,1 гм3 (драга арқылы өндіргенде) шамасынан асқанда кен кондициялың саналады. Өлшемі бойынша дисперсиялың (10 мкм-ға дейін), ұсақ (0,1мм-ге дейін), орташа (1 мм-ге дейін), ірі (5 мм-ге дейін) және сомтума (5 мм-ден немесе массасы бойынша 10 г-нан асады) алтын түйірлері бөлінеді. В.И.Соболевскийдің деректері бойынша, адамзат тарихы барысында барлығы массасы 10 кг-нан асатын 25-30 ірі сомтума ғана табылған көрінеді. Жекелеген сомтумалардың массасы 36,2 кг-нан (Үлкен Үшбұрыш, ТМД) 285 кг-ға (Холтерман тақтасы, Австралия) дейін жетеді.

Қоры мен өндірісі
Алтынның жоғары категориялар бойынша барланған шетелдердегі қоры 31 мың тоннаны құрайды. Оның 75% -ға жуығы ОАР үлесіне тиеді. Алтынның жалпы қоры 60 мың тонна. Өте ірі түбірлік кенорындарда барланған алтынның қоры 100 тонна, ал шашылымдарда -- 50 тонна деп бағаланады. Ірі кенорындарда тиісінше -- 50-100 және 25-50 тонна, орташа кенорындарда -- 10-50 және 1-25 т, ұсақ түбірлік кенорындарда 10 тоннаға дейін, шашылымдық кенорындарда -- 1 тоннаға дейін. Қоры бойынша бірегей саналатын Витватерсранд кенорнында (ОАР) 32,5 мың тонна алтын бар деп есептелген.
Алтын өндірісі шамамен 50 елде шоғырланған, оның көлемі жыл сайын артып келеді, 1985 жылы ол 1140 тоннаға жеткен. Бұл көлемнің 60% мөлшері ОАР; 7,5% -Канада; 6,9% -- АҚШ; 5,5% -- Бразилия; 5% -- Австралия үлесінде. Алтын өндіретін елдердің ішінде айтарлықтайы Филиппин, Зимбабве, Гана, Колумбия, Мексика (жылына 10-20 тонна) саналады.
ТМД елдерінде алтын Саха Республикасы, Забайкалье, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Орал кенорындарында өндіріледі. Алтынның құны әлем биржасында 8-25 $г немесе 1 унциясы (31,1035 г) $250-750 шамасында өзгеріп тұрады. Қазақстан алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша -үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кенорында (126 -- түбірлік, 47 -- жиынтықты, 23 -- шашылымдық) есептелген. Жиынтықты алтынды кенорындар қорының үлесі 35,1%, шашылымдар -- 0,5% құрайды.
Өзіндік алтын кенорындарының есепке алынған қоры 65%, оның 40% -дан астамы бес кенорында шоғырланған -- Васильков, Бақыршық, Жолымбет, Бестөбе және Ақбақай. Балансқа алынған кенорындардың 30% шамасы игерілуде. Алтын дербес алтын кенррындарынан да (61%), кешенді кенорындардан да (39%) өндіріледі.
Алтын өндірілетін ең басты дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Ақша ұғымы, ақшаның шығу және даму тарихы
Литосфераны қорғау
Алтын бұйымдар
Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
Алтын нарығының әлемдік металдар нарығындағы орны
Гальваникалық өндіріс қалдықтарынан асыл металдарды алу
Химияны оқытудa aймaқтық компонeнттeрді кіріктіріп оқыту
Тауар биржасы
Асыл металлдардан бұйымдарының нарығы
Пәндер