Ақтөбе облысына сипаттама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ақтөбе облысы еліміздің солтүстік-батысында орналасқан. Облыс экономикасындағы жетекші салалары болып табылатын қара металлургияның, химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының маңызы зор. Сондықтан Ақтөбе облысы өз экономикасын еліміздегі басқа облыстарымен, шетелдермен байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму жергілікті жердің табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында ойдағыдай жұмыс жүргізу үшін ең алдымен өз облысымыздың тарихы, табиғаты және шаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін білуімізді керек етеді.

1 Физикалық - географиялық сипаты
1.1 Географиялвқ орны
Ақтөбе қаласы - Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында, теңіз деңгейінен биіктігі 250 -- 400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан. Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы -- 297,39 км². Жер бедері тегіс абсолюттік биіктігі 200 м. Орналасқан жердің рельефі - жазықтық, аумақтың көп бөлігі қыратты-ойлы жазықтық болып келеді.

1.2 Климаты
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші -- 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны -- сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті -- 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай -- маусым (35 мм), ең аз түсетін ай -- қыркүйек (19 мм).
Орташа жылдық температура -- +5,3 C°
Орташа жылдық жел жылдамдығы -- 2,4 мс

1.3 Гидрологиясы
Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы -- Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.
Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер Ақтөбе теңізі деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған). Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны -- сыйымдылығы 280 млн м³ тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған)

1.4 Өсімдік және жануарлар дүниесі
Тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәріздестер (бекіре, шоқыр) кездеседі. Аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 - ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай - ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп (8 түрі бар). Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман - тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 - ға жуық түрі бар). Орман - тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар. Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар. Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде әсіресе жерсінгендері - ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400 - ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 - 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың - 10 - 15, өрмекші, кенелердің 100 - ден астам түрі бар. Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 - ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері : Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз өседі. Елек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Ақтөбе облысына жалпы сипаттамасы
Жайық өзенінің орналасуы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанға эвакуацияланған тұрғындардың тағдыры
Пәндер