Қол сүйектеріне жалпы түсініктеме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Қол сүйектеріне жалпы түсініктеме
II. Бұғана
III. Жауырын
IV. Қол басының сүйектері
V. Қол сүйектерінің байланысы

1. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады.
Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады.
Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акромион) өсіндісіне жалғаса, көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. I қабырға мен жауырынның тұмсық өсіндісіне сіңір байламдары арқылы жалғасып тұрады. Бұғананың қызметі иық белдеуін көтеріп, қолдың еркін қозғалуына жағдай жасайды.
Жауырын - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сырткы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойысы дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады. Ол жауырынды жалүсті және жаласты ойыстарына бөліп тұрады. Жауырын жалы сырт жағына қарай кеңейіп келіп, иық өсіндісіне жетеді. Оны акромион деп те атайды. Сыртқы бұрышында жатқан буын ойысы тоқпан жілік басымен байланысып, иық буынын түзеді. Жауырынның жоғарғы жиегі құстұмсық өсіндісіне жалғасады. Жауырын мен бұғана өзара бір-бірімен байланысып, иық белдеуін түзеді.

Жауырынның сыртқы (А) және ішкі (Б) жағынан көрінісі
1. Жоғарғы жиегі. 2. Жоғарғы бүрышы. 3. Ортадағы жиегі. 4. Төменгі бұрышы. 5. Сыртқы жиегі. 6. Жауырын ойысы. 7. Жауырын мойыны. 8. Буын беті 9. Құстұмсық өсіндісі. 10. Иық өсіндісі. 11. Жауырын жалы. 12. Жауырын жалы. 13. Жалүсті ойыс. 14.Жаласты ойыс.

Ал қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері жатады.
Тоқпан жілік - іші куыс жілік сүйектер қатарына жатады. Оның денесі -- диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Денесі сүйектің ортасында орналаскан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі белігі үш қырлы. Денесінің ортасында дельта еті жалғасатын атгас бұдыры және қан тамыры өтетін қоректік тесіктері болады. Жоғарғы эпифизінде жарты шар пішінді басы бар. Одан айнала сәл жіңішкерген жерін анатомиялық мойыны дейді. Бұдан соң үлкен және кіші төмпешіктер жатады. Екеуінің аралығында төмпешік аралық сайы болады. Диафизге өтетін жеріңде жіңішкеріп келген хирургиялық мойыны жатады. Өйткені бұл сүйек осы жерден көбірек сынады. Төменгі эпифизінде екі буын беті бар, оның ішкі шығыршық тәрізді буын беті шынтақ-жіліктің буын ойындысына, сырт жағындағы шар тәрізді буын беті кәрі жілік сүйегінің буын басына сай келеді. Осы буын беттерінің алдыңғы жағында кіші тәж ойысы, артқы жағында тереңірек шынтақ ойысы орналасқан. Бұл ойыстарға шынтақ жіліктің аттас өсінділері қолды жазып, бүккенде кіріп тұрады. Тоқпан жіліктің төменгі эпифизінің екі жағында бұлшық еттер буын сіңірлері тіркелетін ішкі және сыртқы айдаршық өсінділері жатады. Оның ішкісі сыртқысына карағанда шығыңқы келеді.
Білек сүйектері шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен түзілген.
Шынтақ сүйек білектің ішкі жағында, кәрі жілік сыртқы жағында орналасқан.
Шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінде айшық ойындысы бар. Ол тоқпан жіліктің шығыршықтәрізді буын бетімен байланысып, шынтақ буынын түзеді.

Тоқпан жілік (I алдыңғы, II артқы жагынан)
1. Жілік басы. 2. Жіліктің анатомиялық мойны. 3. Үлкен төмпек. 4. Кіші төмпек. 5. Үлкен төмпек қыры. 6. Кіші төмпек қыры. 7. Жілікгің хирургиялық мойны. 8. Кері жілік буын ойысы. 9. Тәж шұқыры. 10. Иық өсіндісі (акромион). 11. Ішкі айдаршық. 12. Жіліктің томпақ буын басы. 13. Шығыршық тәрізді буын беті. 14. Шынтақ шұқыры.15. Дельта етінің бұдыры; А-жіліктің жоғарғы (проксимальды) эпифизі. Б-жілік диафизі (денесі). В-жіліктің төменгі (дистальды) эпифизі.
Айшық ойындысының артқы шығыңқы келген жерін шынтақ өсіндісі, алдына қарай қырлана келген жерін тәж өсіндісі деп атайды. Бұл өсінділер буынның беріктігін сақгайды.
Шынтақ сүйектің сыртқы жағында кәрі жіліктің басымен байланысатын буын ойысы бар. Тәж өсіндісінен сәл төмен шынтақ бұдыры орналасқан. Оған білектің супинатор еті бекиді. Шынтақ сүйектің бөлігінен сырт жағында кәрі жілікпен буындасатын буын беті және "біз" өсіндісі жатады.

А-білек сүйектері, Б-қол басының сүйектері
А-білек сүйектері (аддыңғы жағынан), Б-білек сүйектері (арткы жағынан) 1. Кәрі жілік. 1. Шынтақ сүйек. 2. Ай тәрізді ойындысы. 3. Тәж өсіндісі. 4. Шынтақ сүйектің мойын бұдыры. 5. Кәрі жілік бұдыры. 6. Жілікаралық қыр. 7. Шынтақ сүйектің біз өсіндісі. 8. Кәрі жіліктің біз өсіндісі. 9. Кәрі жілік басының буын беті. 10. Кәрі жілік мойыны.
Б-І-білезік сүйектері. II алакан сүйектері. III саусақ сүйектері; 1. Бұршақтөрізді сүйек. 2. Қырлы сүйек.3. Айшық сүйек. 4.Қайықша сүйек. 5. Ілгек сүйек. 6. Томпақ сүйек. 7. Кіші трапеция. 8. Үлкен трапеция. 9. Алақан сүйектері. 10. Негізгі бакайшақ. 11. Ортаңғы бакайшақ. 12. Тырнақты бақайшак.

Кәрі жіліктің - жоғарғы жағында цилиндр тәрізді басы болады. Оның жоғарғы бетінде тоқпан жілікпен байланысатын буын ойығы, айналасында жанындағы шынтақ сүйекпен буындасатын сақиналы буын беті бар. Кәрі жіліктің басынан кейінгі сәл жіңішкелеу жерін мойыны, одан төмендеу жерін бұдыры дейді. Бұл жіліктің төменгі бөлігі жалпақ келеді. Оның астыңғы жағындағы буын ойысы бірінші қатарлы білезік сүйектерімен байланысып білек буынын түзеді. Ал, оның ішкі жақ жанында шынтақ сүйекпен байланысатын буын ойындысы сырт жағында шығыңқы келген "біз" өсіндісі жатады.
Қол басының сүйектері - білезік, алақан және саусақ бакайшақтарынан түзілген. Білезік сүйектері екі қатар орналаскан сегіз кішігірім жұмыр сүйектерден тұрады. Олардың білек сүйектеріне жақын жатқан қатарын жоғарғы, ал алақан сүйектерімен шектесіп жатқандарын төменгі қатар деп атайды. Білезік сүйектерінің жоғарғы қатарына (бас бармақган кіші саусаққа қарай) мыналар жатады: қайық-ша, айшық, үш қырлы және бүршақ сүйектері. Ал төменгі қатары -- көп бүрышты, трапеция, томпақ және ілгекті сүйектерден түрады. Бүлардың аттары пішіндеріне сай. Бүл сүйектердің өзара байланысқан беттері тегіс, ішкі және сыртқы беттері бүдырлы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаңқа мен сүйек
Босанудың кезеңдері
Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Көкірек қуысының сүйектері
Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Қол сүйектері. Аяқ сүйектері
Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары
Бас сүйек қаңқасы
Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы. Жас ерекшеліктері
Пәндер