БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ОРНЫ

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты - бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалық курстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курс оқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік курс: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын
айқындайтын оқу пәні. Элективті курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды. А.Ю.Скопинаның бейінді оқытуды ұйымдастыру моделі бойынша бейінді оқыту екі құрылымнан тұруы керек:
1. Оқу курстарының қысқаша сипаттамалары, бұл бағдарламаны меңгеру үшін дайындық сипаты мен бағдарламаны меңгеру нәтижесінің талаптары берілген бейінді оқыту бағдарламасы.
2. Бағдарламаны меңгеру траекториясынан - оқу курстарын оқыту ретін, орнын, оқыту әдістемесі мен оқ№ыту нәтижесін көрсетеді.
Бейіндік оқыту тұлғалық бағдарлы дамытуға жағдай жасап, оқу жоспарының екі құрылымымен сипатталады: мектеп және оқушы компоненттері. Мектеп компоненті таңдалған бейінге сәйкес министрліктің дайындаған міндетті базалық және бейіндік пәндерден тұрады. Оқушы компоненті элективті курстардан тұрады. Әр оқушы екі жыл ішінде алты элективті курс таңдап, меңгеруі керек. Базалық, бейіндік, элективті курстардың үйлесімді ұйымдастырылуы бейінді оқыту мақсаттарына жетуін, және келесі принциптердің жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1) аймақтық принципі мектеп түлегінің еңбек нарығы негізінде жергілікті оқу орындарын таңдаудағы ерекшеліктерімен сипатталады;
2) вариативтілік принципі мектеп бітірушісіне ұсынылатын бейіндер мен оқу курстарының жеткілікті мөлшерде болуы;
3) даралық принципі жоғары сынып оқушысының кез-келген этапта бейінін ауыстыруға, өмірлік мақсаты мен кәсіптік жоспарларына сай, жеке мүмкіндігі мен қабілетіне қарай бейін таңдаудағы еркіндігінің болуы;
4) өнімділік принципі бейіндік мектепте оқушының оқу әрекетіне жоба әрекетін енгізу арқылы оқу өнімділігін жетілдіру;
5) түсініктілік принципі бейінді оқыту мазмұнының негізгі ұғымдардан басталып, оқушының танымдық әрекеті барысында толықтырылыуымен байланысты.
Бейінді оқыту тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспары келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Вариативтілік - жоспарда элективті курстары көп мөлшерде болуы керек, оқушылардың білімдік сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жоспар құру мүмкіндігінің болуы.
2. Жүзеге асырылатындығы - жоспарды жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың: бағдарламалық-әдістемелік, кадрлардың дайындығы, мектептің материалды-техникалық базасы т.б. болуы.
3. Икемділігі - вариативтілікке сай жоспардың мазмұнын қайта құру, өзгерту мүмкіндігі.
Бейінді оқытудағы икемділік С.В.Суматохин пікірінше, оқу пәндерінің түрлі үйлесімділіктерін құру арқылы жүзеге асады. Бейіндік оқыту принциптері мен талаптарын жүзеге асыру үшін, білімнің дамыту потенциалын арттыру үшін жоғары мектеп сатысында элективті курстар қосылады. П.С Лернер
пікірінше, элективті курстар бейіндік саралауға арналған және бір бейінді толықтыратын факультатив курстары немесе таңдау курстары. А.А. Кузнецов пікірінше, элективті курстар практикалық міндеттерді шешумен байланысты іс-әрекеттердің тәсілдері мен біліктеріді қалыптастыруға бағытталған, әлемнің біртұтас бейнесі туралы бұрын алған білімдерін
интеграциялайтын қосымша білім алуы, жеке өмірлік басымдылықтары мен қызығушылықтарына қарай еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған білімдік нәтижелермен қаруландыруға арналған. Элективті курстарын жалпы орта және кәсіптік оқу орындарындары жүйесінде оқу-тәрбие үдерісінде білім мазмұнын жүзеге асыру құралының құрылымдық бірлігі ретінде де
қарастырылған. Элективті курстарды біртұтас дидактикалық бірлік ретінде алғанымен біз мақсаттық бағдары тұлғалық дамыту мен оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауға арналған мектептік білім берудегі вариативті компонент ретінде қарастырамыз. В.В.Краевскийдің оқу пәні туралы зерттеулеріне сүйеніп, оқу пәні бейіндік оқытудың бір сатысы ретінде қазіргі ғылымның
интегративті, тереңдетілген бағыттарын анық көрсететінін атап өтуге болады Элективті курстың мазмұнын қалыптастырушы сол ғылыми білімнің сәйкес саласы. Оқу пәнінің когнитивті моделін құрылымдау В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин пікірінше, білім мақсаты мен білім алушының мүмкіндігіне қарай нақты білім беру деңгейінде меңгерілетін жеке ғылымның материалын таңдау. Білім мазмұнының алғашқы анықтамаларында оны ғылым негіздерін педагогикалық бейімделген негізі ретінде қарастырады. 3.А. Решетова пікірінше, оқу пәнінің мазмұны қарапайым формада болса да ғылым логикасына сай тарихи, әдіснамалық,
логикалық аспектілерін қамтиды. Сонымен бірге, оқу пәніндегі ғылым пән туралы білім ретінде ғана емес, ғылыми ойлау тәсілдерін көрсететін танымдық әрекетін ұйымдастыру ретінде де қаралу керек. В. В. Краевский бұл тұжырымдаманың оқушыларды ғылым мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz