Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктері Педaгогикaлық бедел мен имидж


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педaго­гикaлық шығaрмaшы­лық­тың ерек­­ше­лік­те­рі

Педaго­гикaлық бе­дел мен имидж

Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.

Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А. С. Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық. Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.

Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі

Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады.

Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. . Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз) .

Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ, инженерлік, бухгалтерлік, т. с. с. түрлерге бөлінеді.

Жалпы кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі, әдіснама және педагогика саласы бойынша іргелі білімі бар, білім берудегі педагогикалық проблемаларды жүйелі көре алатын құзыретті педагогты дайындау болашақ мұғалімнің педагогикалық әрекетте өзіндік шығармашылық стиліне негізделген имиджін қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталады. Педагогикалық имидж, біріншіден, тұлғаның дербес ерекшеліктерін өздігінен жүзеге асыруының жоғары деңгейімен және өзіндік стильде іс-әрекет етуге қабілеттілікке байланысты. «Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы өңдеулер Р. Ф. Ромашкина, Е. И. Манякина, Е. В. Гришунина, П. С. Гуревич, Ф. А. Кузин және т. б. еңбектерінде жарық көрді. Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату. Бірнеше мағынасы бар «имидж» ұғымының өзіне қарағанда «педагог имиджі» бір мағынада анықталатын өзекті тақырып болып саналады [1] . Ойшыл Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай, мұғалім үшін өз имиджін кәсіби деңгейге көтеру, өз мамандығының данышпаны болу, әрине, өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін айқындайды. Мұғалімнің әрбір сөзі, ісі, қимылы, киіну мәнері, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Ә. Сәтбаевтың ойынша, «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді . . . ». А. Ю. Панасюк «қазіргі таңдағы педагог имиджінің» моделінде ақпараттың мынадай блоктарын бөліп көрсетеді: габитарлы (латынның «габитус» сөзінен - «сыртқы түрі») - киімі, шаш үлгісі, макияж, аяқ киім, парфюм; кинетикалық - мүсіні, жүрісі, дене қимылы, мимикасы (бет әлпетінің көрінісі, жымию, көзқарасының бағыты және ұзақтығы) ; сөйлеуі - жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті, сауаттылығы, стилі, жазуы; орта - адамның өзі қалыптастырған өмір сүру ортасы (интерьер, кабинетін безендіруі, жұмыс орнындағы тәртіп) ; затқа айналдыру - адам еңбегінің өнімдері. Алғашқы үшеуі жеке қарым-қатынаста байқалады, соңғы екеуі - адам туралы сырттай ақпарат береді. Олар біріге отырып, адам туралы тұлға ретінде және кәсіпқой ретінде [2] . А. Ю. Панасюк дәлелдеген педагог имиджін іскерліктер мен дағдыларды жинақтау арқылы оқытуды ұйымдастыруда қолданылатын технологияның құрамдас бөліктері 256 педагогтың балалармен өзара әрекет ету қызметімен анықталады. Себебі: педагогикалық технология кәсіби құбылыс ретінде баланың тұлға субъектісі қалпын мәдениет жетістіктеріне үздіксіз, денелік және рухани жаттығулар арқылы жетелейді. Мұның бәрін педагог психологиялық және физиологиялық құралдар арқылы: дауысы, қозғалысы, кейпі, бейнесі, көйлегі және т. б. әрбір қызметтік элементі педагог имиджін көрсететін кәсіптік дағдылар жүйесі көмегімен жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ИМИДЖІ
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Педагогикалық әдептің негіздері
Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары
Құрастыру сызбасын тұрғызу
МЕН - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГПІН
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz