Мектеп математика мұғалімін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмысына дайындау жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп математика мұғалімін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмысына дайындау жолдары

...Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз... деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талабына сай, білім саласына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Жоғары мектеп казіргі заманның ғылым негіздерімен қаруланған және оларды практикада қолдана алатын мамандар дайындаудың жолдары мен формаларын үнемі іздестіру үстінде. Осы уақытқа дейін елімізде мектеп математика мүғалімдерін дайындау екі жүйеде жүргізіліп келеді: бірінші педагогикалық институттарда, екіншісі университеттерде.
Педагогикалық институттарда негізінен орта мектеп математика мүғалімдерін дайындауды мақсат ете отырып, жалпы математикалық білім берумен бірге педагогика-психологиялық және әдістемелік дайындығына ерекше назар аударылды.
Дегенмен жаппай университет болып кетіп, кейіннен педагог мамандардың мамандық ерекшелілігне байланысты қайта құрылымданып педагогикалық институт болып қайта ашылғандары да бар. Әрине бұл жағдайдың уақытында өз салдары болды. Болашақ мұғалім дайындауда ғылыми бағыт пен педагогикалық араласып, педагогика-психологиялық және әдістемелік дайындығына ерекше назар аудару жеткіліксіз болғандай көрінді.
Дегенмен ұзақ жылдар педагог маман даярлау саласында еңбек еткен ғалымдардың зерттеулері мен талдаулары, арнайы педагогикалық институттың қажет екеннін анықтап берді. Университтеттерде педагог мамандардарды дайындау арнайы институт болып қайта құрылды. Бұған мысал ретінде еліміздегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ дің Жаратылыстану педагогика жоғары мектебін, Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік педагогикалық институттарын келтіруге болады.
Педагог маман дайындаудың жаңа формациясына көшті.
Студенттердің жаңаша білім алуына ықпал ететін оқытудың кредиттік технологиясына көшті. Қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерістер мектепке жаңа талаптар қояды. Мектеп математика мұғалімі окушылардың бағдарламаға сай білім қорын меңгеруін басты мақсат ете отырып, оларды жан-жақгы жетілуіне ерекше назар аударып отырады.
Бұған дейінгі зерттеулерде :Болашақ математика мұалімдерінің қоғамдық-саяси, жалпы білімділік және кәсіптік дайындық деңгейін көтеру төмендегідей мәселелерді шешуге байланысты:
-окушылырдың жеке басының қалыптасуын камтамасыз ететін, педагогикалық шеберлігін жетілдіретін, тәрбие жүмысын жүргізуге дайындауды жүзеге асыратын психология-педагогикалық пәндерді жан-жақгы білу;
- математикалық білім негіздерін терең меңгеру және ол білімдерді мектеп математика курсын оқьпудағы мұғалімнің; әдістемелік шеберлігі мен біліктілігін арттыруға багъптау;
-математика пәнін оқытудың теориялық негіздемелерін {математикалық, дидактикалық, психологиялық, философиялық, логикалық, лингвистикалық т.б.) білу;
-математика мұғалімінің мектепте шығармашылықпен жұмыс жүргізе алуына дайындау мақсатымен студенттерді ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарға кең түрде тарту деп көрсетілген. [Д.Рахымбек ].
Бұған қоса кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру келесідей міндеттерді көздейді:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
Әрбір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және іс-тәжірибелерден тұрады.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - көп деңгейлі білім беру жүйесін модернизациялау, яғни, басқарудың әлдеқайда тиімдірек жүйесін құру.
Оқытудың кредиттік жүйесі - бұл білімді кредит түрінде есепке алу және оқу үрдісін түртіп белгілеу шектеуі негізінде өзін-өзі білімдендіру және білімді шығармашылықпен меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған білім беру жүйесі.
ЖОО оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- барлық отандық білім беру жүйесін оқытудың дүниежүзілік жүйесіне біріктіруді жеделдету;
- білім беру стандарттарын жоспарлау икемділігін талаптармен ыңғайлап біріктіру;
- оқу пәнін таңдаудың академиялық еркіндігі;
- әдістемелік құжаттардың бірыңғай жүйесін құру және оны үнемі жетілдіру;
- баллдық және әріптік бағалауға көшу;
- академиялық профессор, профессордың ассистенті сияқты профессорлық-оқытушы құрамының жалпы дүниежүзі бойынша мойындалған қызметтерін енгізу, сонымен қатар арнайы академиялық қызмет - тіркеуші кеңсесін (офис регистратора) құру;
- кафедраның оқу жүктемесін жоспарлау үшін жаңа негіздер құру;
- оқу үрдісін ұйымдастырудың принциптерін өзгерту;
- студенттер ұжымын, топтарын қалыптастырудың механизмін жетілдіру;
- оқу үрдісін ақпараттандыру деңгейін көтеру;
- базалық оқу курсы бойынша студенттерді электронды немесе баспа түріндегі оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.
Жаңа жүйемен жұмыс істеуге қажетті құжаттар, яғни, негізгі оқу курстары мен таңдау курстары кірістірілген оқу жұмыс жоспарлары, академиялық күнтізбе, оқытушыларға арналған пән бағдарламалары, силлабустар, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ережесі, мұғалімдер мен студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар өңделді. Жаңа технологияның өміршеңдігі оқытушылардың ақпараттандырылу деңгейінің көрсеткішіне байланысты екендігі белгілі. Университетте жаңа педагогикалық технологияны және оқытудың жаңа әдістерін, студенттердің танымдық әрекеттерін белсендіру құралдарын енгізу, студенттердің жеке және өзіндік дайындықтарын күшейту тиімділігі үшін әдістемелік семинарлар ұйымдастырылған. Ол аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Осы семинарлар кезінде жаңа педагогикалық технологияны енгізудің рефлективті-коррекциялық функциясы жүзеге асып отырады. Оқытушылар кредиттік технологиямен жұмыс істеу барысында кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, оны жоюдың жолдары талқыланып, сараланады. Сондай қиыншылықтардың бірі - кредиттік жүйе сипатының маңыздысы болып саналатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Себебі, барлық студенттер өз бетімен білім алуға дайын болмай шығады. Оның да өзіндік себебі бар десек те болады: еліміздегі мектептерде практика мен теорияның қатар алып жүру, алған білімдерін өндірісте қолдана білу жағдайлары толық шешімін таппаған. Оқушылар келешек мамандықтарын бастапқы кезде тек қана елестете алады. Мектеппен келісімшартқа отырған өндіріс орындары жоқ. Кеңес дәуірінен қалған өндіріс ошақтары қазір қалмаған. Оның шешімі - еліміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Пәндер