Оқыту мен бағалаудың бірлігі. Оқушы білімін бағалаудың түрлері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Филология департаменті
Курстық жұмыс
тақырып: «Оқыту мен бағалаудың бірлігі. Оқушы білімін бағалаудың түрлері. »
Пән «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
мамандығы / білім беру бағдарламасы 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Ахмет Н. С., күндізгі оқу нысанының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: Мырзагалиева К. М ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор
Курстық жұмыс қорғауы
болған күні ___ 20__ ж.
Бағасы
Қостанай, 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Тарау. Оқушылардың білімін, дағдысын бағалаудың ПЕДАГОГИкАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1. Білімді есепке алу және бағалау . . . 5
1. 2. Оқыту процесінде оқушылардың білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері . . . 10
1. 3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы . . . 15
ІІІ Тарау. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы
2. 1. Тестілеу арқылы оқушылардың білімін тексеру . . . 17
2. 2. Оқушылардың білімін бағалау әдістері . . . 21
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми - теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамнын күні адаммен емес, «адамның күші адамзатпен және табиғатпен» деген анықтамаға лайықтап құрып оны төменедегідей бағыттарын анықтауға болады:
- Оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтатуына;
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім - ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана - сезімі мен моральдық бейнесіне, жан - дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасына, ой - өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан - жақты және үздіксіз зерттеу оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытқа дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық, психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың оқыту процесінде білімін анықтау, тексеру, бағалау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдістері.
Зерттеу әдістері: Жинаған материалдарды жүйелеу, талдау әдістері қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. Оқушылардың білімін, дағдысын бағалаудың ПЕДАГОГИкАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1. Білімді есепке алу және бағалау
Оқушылар білімін тексеруге және оны есепке алуға қатысты маңызды мәселелер әлі толық шешімін таппай, жүйелі және жаппай бақылау мен оқушылардың білімін есепке алуды жақсартуға бағытталған шаралар толық пайдаланылмай жүр.
Оқушылардың білімін тексерудің қазіргі кездегі дәстүрлі формалары оқу үрдісінің әбден жетілген ең жақсы жолдарын және оқушылардың бағдарламалық материалды берік әрі терең ұғынуын қамтамасыз ете алмайды, өйткені елеуді кемшіліктері бар.
Қазіргі оқыту тәсілдері бойынша материалды баяу меңгереді, өйткені мұғалім оқу уақытының аздығынан әр бір оқушыдан тақырып бойынша алған білімін жүйелі және толық бақылауды, яғни кері байланысты (ішкі және сыртқы) жете жүргізе алмайды. Бағаның сирек жинақталуы салдарынан мұғалім екі үш (кейде бір ғана) бағамен тоқсанық баға шығаруға мәжбүр болады, бұл әрине оқушылардың шын білімін көрсетпейді.
Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлері негізгі кемшіліктерінің бірі оқушылардың бақылау жұмыстары күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбек пен шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге соғады: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім дейгейімен салыстырыла қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. Керісінше «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып «жомарт ағай, апай» атануға ұмтылатын ұстаздар да жоқ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz