Философия пәні. Дүниетану


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Философия пәні
Дацент: Мадалиева Ж. К
Студент:Маммет Гауһар мок -202
Алматы 2021
1) Философия-даналыққа құштарлық . Филоиофияның пайда болуы.
Бұл сөз тіркесінде құштарлық белгілі бір нәрсегетаңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды жәнебасқа осындай әсерлерді білдіру мен қатар өзге үшін өзіңдіұмыту өзіңнен бастарту сезімін де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін өзге нәрсе нені білдіреді? Ол физикалық тұрғыданалғанда менен өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды меннің өзі дефизикалық тәннің өмір сүруінен өзгешеленеді. Ия, бұл пәнилік өмірдің шектеулі екендігі бәрімізге белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен т шығарып өзгег құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің барын ескерсек оның жалғыз тәсілі - бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұныидеалық, руханилық ақыл-ой және т. б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мыанандай түйін келіп шығады:философия дегеніміз - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндікберетін рухани форма. Сонымен, философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым білімнің жоғары синтезі, белгілі бір нәрсетуралы толық жетілген білім деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге дегн құштарлық, ал бұл даналықтың объекті- менің өзімнен тыс табиғат және адапмзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімгнің өзі (ескерте кетейік, антикдәуірінде философия білімге ұмтылуды, тазада тұнық Ақиқатқа жетуді білдіреді) .
Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия - мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.
2) Философия және дүниетаным. Дүниетанымның тарихи типтері.
Дүниетаным - дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:
1) мифология;
2) дін;
3) философия.
Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) - қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар:
1) Әлемнің, Жердің және адамның жаратылуы.
2) Табиғи құбылыстар туралы түсінік.
3) Адам өмірі, тағдыры мен өлімі, әрекеті, жетістіктері, т. б.
4) Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.
Мифтің белгілері және жалпы сипаты:
1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;
2) фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына, байланыстарына сену;
3) абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы;
4) мифтің нақты өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан қорғану, т. б) шешуге бағытталған практикалық сипаты;
5) мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын үстірт, жеңіл мағыналылығы.
Дін - (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен) - сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды- эмоцианалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы - қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:
1) әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;
2) табиғи құбылыстарға түсінік;
3) адам әрекеті тағдыры;
4) адамгершілік мәселелері;
5) қарым-қатынас мәселелері.
Кең тараған ұлттық діндер:
1) синтоизм;
2) индуизм;
3) иудаизм.
Негізгі әлемдік діндер үшеу:
1) буддизм;
2) христиандық;
3) ислам.
Дін мынадай қызметтер атқарады:
1) дүниетанымдық - дүние туралы жалпы түсінікті қалыптастырады;
2) біріктірушілік - қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея төңірегіне топтастырады;
3) мәдени - мәдениетке ықпал етеді немесе мәдениеттің таралуына жағдай жасайды;
4) адамгершілікке тәрбиелейді, адамгершілікті насихаттайды (мейірбандылық, инабаттылық, жанашырлық, адалдық, сыпайылық, төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды) ;
5) компенсаторлық - адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т. б. жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін, қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;
6) жүйелеушілік - адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар, т. б. арқылы жүйелейді;
7) мәдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын қамтамасыз етеді;
8) интеграциялық, дезинтеграциялық - индивиттерді топқа немесе әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру.
Философия - дүниетанымның ғылыми - теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:
1) нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;
2) қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;
3) рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы) ;
4) қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді) .
Осылайша философия - рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1) космоцентризм;
2) теоцентризм;
3) антропоцентризм.
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т. б. шығыс елдеріне және Ежелгі Грецияға тән) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz