Экзистенциализм: теориялық негіздері мен адам тіршілігінің мағынасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

: Описание: C:\Users\admin\Desktop\Лого ЮКГУ новый.jpg
Коммерциялық емес акционерлік қоғам«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»:

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты

«Биология және география» кафедрасы

Экзистенциализм

:
:

Қабылдаған: Спанов М.

Орындаған : Мұратбек Ұ.

Шымкент, 2021 ж

Экзистенциализм адамтану, адам тіршілігінің мәні мәселесіндегі ғылыми әдістердің нәтижесіздігін кесімді түрде жариялады. Осылайша адамның иррационалистік болмысының бірегейлігіне аса мән беретін қазіргі заманғы ең ықпалды бағытқа айналды. Экзистенциализмді біржақты түсіну дұрыс болмас еді. Өйткені ол аса күрделі, ішкі қайшылықты, бүгінгі қоғамның рухани қайшылықтарының көрінісі болып табылатын ағым.

Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар арасында адам өміріне, тірі тіршілікке деген құрметтің тапталуы бүкіл ғылымның, рационализмнің абыройын төмендетті. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өшпес із қалдырып, қайғылы замандағы адам тіршілігін, оның қайшылықтарға толы ой тебіренісін, адам өмірінің мән-мағынасын анықтау сияқты сұрақтарға көңіл бөлуге жетеледі. Дат философы С. Кьеркегордың, неміс философы Ф. Ницшенің, француз ойшылы Б. Паскальдың, орыс жазушысы Ф. Достоевскийдің, Мартин Хайдеггердің, Карл Ясперстің, Жан-Поль Сартрдың, Альбер Камюдің, Н. Бердяев пен Л. Шестовтың, Виктор Франклдың, Хосе Ортега-и-Гассеттің ойлары, еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.

«Экзистенция» ұғымы (лат. exsistehtia - «өмір сүру») ерекше рөл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Демек, болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің немесе танымның мәнін ашу емес, адам өмірінің мәнін, экзистенциясының мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады. Адамның нағыз тіршілігі, яғни экзистенциясы оның тәндік болмысына тең емес. Адамның нағыз тіршілігі, экзистенциясы ғылыми таным объективтілігінен сырғып, ұстатпайды. Субъективтіліктің алғашқылығы бұл жерде гносеологиялық тұрғыдан ғана емес, онтологиялық тұрғыдан да көрініп тұр.

Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып-білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді. Заттарды ғылыми тұрғыдан танып-білу емес (олай ету өмірдің шындығын ашып көрсете алмайды, ғылым оның шын мәні жайындағы сұраққа жауап бере алмайды), адамның «шын» және «жалған» өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып «жалған» өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал «шын» өмірге оның әлеуметтік қатынастарға тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, экзистенциалистер: адам өзінің табиғаты бойынша бостандықтан ерікті түрде бас тартады, сөйтіп күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім тұрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған тәртіпке бойсұну ыңғайлы деп қорытады экзистенциалистер.

Экзистенциализм бойынша, адамның міндеті дүниені өзгерту емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. Қазіргі заманғы экзистенциализмді адам психологиясынсыз, дағдарыс сезімінсіз түсіну мүмкін емес. Үрей-қорқыныш - экзистенциализм философиясының басты ұғымы. Болашаққа сенімсіздік, ертеңгі күннен, тұрақсыздықтан үрейлену, өмір алдындағы қорқыныш - экзистенциализм философиясының әлеуметтік және психологиялық түп-тамырлары. Экзистенциалистер бұл дағдарыстан шығудың жолын қоғамдық қатынастарды өзгертуден іздемей, адамдардың қарым-қатынасының шеңберін тарылтудан іздейді. Ал діни экзистенциалистер бұл жолды құдайға жалбырынудан іздеуді ұсынады.

Экзистенциализмнің жеке өкілдерінің әлеуметтік-саяси көзқарастары да бірдей емес. Мәселен, Сартр мен Камю Францияны неміс фашистері басып алған кезде жауға қарсылық қозғалысына қатысты, ал 60-жылдардың аяғынан бастап солшыл радикализмді және экстремизмді жақтады. Ясперс пен Марсельдің саяси бағыты либералдық сипатта болса, Хайдеггер фашистік нәсілшілдік саясат жетегімен өзінің еврей ұлтты қарт ұстазы Гуссерльдің қудалануына, моральдық азап шегуіне және дүниеден өтуіне себепкер болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экстремальдық жағдайлардағы адам өмірі мен тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Экзистенциализм философиясы: негізгі ұғымдар мен әлеуметтік-психологиялық негіздері
Адам философиясы: өмір мен өлімнің мағынасы
Адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі: қауптер, төтенше жағдайлар және қорғаныс шаралары
Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы, түрлері және теориялық негіздері
Экзистенциализм: философиялық негіздері, негізгі ұғымдар және басты өкілдері
Экзистенциализм философиясы: адамның мәні мен бейнесі
Адам мәселесі және философиялық тұжырымдар: Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай, Ницше, экзистенциализм және Фейербах
XIX-XX ғғ. философиясы: адам мен таным мәселелері және негізгі ағымдар (Маркс, Фрейд, позитивизм, прагматизм, герменевтика, экзистенциализм)
Философиядағы экзистенциализм мәселелері және қоғамдағы көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz