Қазақстанның ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік жөніндегі бастамалары: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілер жарияланымдарының талдауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып:Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.

Орындаған: Қазихан Диана 108к-тфп

Ядролық қарудан бас тарту мәселесі - барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық қару - жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар -20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызатыны бәрімізгі белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан мемлекеті бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды. 1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан ел, Қазақстанды үлгі тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды. 2001 жылы 29 тамызда «XXI-ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда, 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз - әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Соңғы кездері әскери қауіпсіздікке қатерлердің сипаты айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Ішкі және сыртқы қатерлер арасындағы өзара байланыс күшейе түсті. Ал, оларға мыналарды жатқызуға болады: - өңір елдеріндегі әлеуметтік-саяси тұрақсыздық пен қарулы арандату­шылықтың ықтималдығы; - Қазақстан шекарасына жақын маңдарда әскери жанжалдар ошақтары­ның болуы; - халықаралық террорлық және радикалды ұйымдар мен топ­тардың, оның ішінде кибер­терроризмнің қызметі, қатарлас жатқан елдердегі діни экстремизм ұстанымдарының күшеюі; - ел ішіндегі жағдайды тұрақ­сыз­дандыруға, әскери зорлық-зомбы­лық тәсілдерін қолдану арқылы конс­ти­туциялық құры­лысты өзгертуге бағыт­талған экст­ремистік, ұлтшылдық және сепа­ратистік қозғалыстардың, ұйымдар мен құрылымдардың іс-әрекеттері; - заңсыз қарулы жасақтар құру және олардың іс-әрекеті; - қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды, террорлық актілер немесе басқа да заңға қар­сы іс-қи­мылдар жасау үшін пайдалануға болатын құралдарды заңсыз тарату. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасына қарсы тікелей әске­ри агрессия жоқ. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан - АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық-деген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың талдауы
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бағытталған бастамалары мен заманауи қауіпсіздік туралы әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары және қазіргі заманғы қауіпсіздік: БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау
Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамалары және қазіргі заманғы қауіпсіздік: БАҚ, интернет пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың талдауы
Қазақстанның ядролық қарусыздық бастамалары мен ұлттық қауіпсіздігі: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары: Семей полигонының зардаптары және ұлттық саясаты
Қазақстанның ядролық қарусыздану тәжірибесі және жаһандық ядролық қауіпсіздік
Орталық Азияда ядролық қаруды таратпау мен ядролық қарусыз аймақ құру: Қазақстанның рөлі (1993-2005)
Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау саясаты: тарихи негізі, ұстанымдары және болашағы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуы мен 2010 жылғы төрағалығы: Астана Саммиті, қауіпсіздік пен қарусыздану бастамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz