Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ
КАФЕДРА ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Реферат

Тақырыбы: Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

Орындаған: Іргебай М.Н.
Қабылдаған: Бекжігітова К.А.
Тобы: МХТ-21-9нк

Шымкен 2021
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) КП оқытудың көрнекі әдістері
2) Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері
3) Оқу құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Сапониндер деп химиялық құрылысы жөнінен гликозидтерге жататын жоғары беттік белсенділік көрсететін және салқынқандыларға гемолитикалық және улы әсер ететін табиғи қосылыстардың үлкен тобын айтады.
Олардың ерітінділері мен сығындыларын шайқағанда ұзақ сақталатын тұрақты көбік пайда болады оларды сапониндер (сапо-сабын)деп атауы да осы себептен. Сапониндер ерітілген (60-70%) этанол мен метанолда салқын жағдайда ериді, ал жоғары (80-90%) спирттерде қыздыру арқылы ериді. Органикалық еріткіштерде ерімейді.Барлық сапониндер химиялық тұрғыдан гликозиттер бола тұрып агликондардан және көмірсулы бөліктен тұрады.
Стероидті сапогениндерде спирокетальдық топтардың болуы олардың стериндермен тығыз генетикалық байланыста екендігін көрсетеді. Стероидті сапониндер лалагүлдер, амариллистер, диоскореялар, сабынкөктер тұқымдастарына жататын өсімдіктерде кездеседі. Стероидті сапониндер жылықандылардарға улы әсер етпейді, ал салқынқандыларды, мысалы, балықты өлтіреді. Бұл қасиетін ертеректе, алғашқы қауым адамдары балық аулауға қолданған. Стероидты сапониндерді стероидті гармондар алу үшін маңызды,әрі арзан алғашқы өнім көзі ретінде пайдаланады.
Сапалық реакциялар
1.Сальковский реакциясы. Стероидтың хлороформдағы ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқанда қызыл түс пайда болады.
2. Либерман-Бурхардтың реакциясы. Стероидтың сірке қышқылы, сірке ангидридінің қоспасымен күкір қышқылын құйса қызыл-жасыл түс түзіледі.
3. Стероидты қосылыстары бензолдағы ерітіндісіне сірке және күкірт қышқылдарын қосса жасыл немесе көктүс пайда болады.
4. Розенхейм реакциясы. Сапониңдердің спиртті ерітіндісіне үш хлорсірке қышқылын қосқанда сия түс көктүске езгереді, өтетін стероидтар комплексті қосылыстары түзеді.
5. Стероидты сапониндер холестериннің спиртті өрітіндісімен ақ тұнба
түзеді.
Стероидты сапониндер 100 ден астам өсімдіктерде анықталған. Олар әртүрлі өсімдік түқымдастарында, көбінесе лалагүлдерJiliaceal, дискореялар
Discoreaceal, бұршақтар Fabaceal, алқалар Solanaceal, сарғалдақтар
Ranunculaceal т.б. тұқымдастарда ұшырасады. 150 стероидты
гликозидтердің ішінде 100-ден астамы спиростанол, 40-қа жуық-фурастанол
сапониндер кездеседі.
Медицинада қолданылуы
Медицинада стероидты сапониндердің цитостатикалық, фунгистатикалық, қан қысымын темендететін, жүрек қызметіне есер ететін қасиеттері пайдаланылады. Осыған орай олар қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ стероидты
гормондары синтездеу үшін де қолданады.
НИППОН ДИОСКОРЕЯСЫ Dioscorea nipponica Makino ДИСКОРЕЯЛАР ТҰҚЫМДАСЫ Dioscoreuccai
Сипаттамасы. Диоскорея туысына жататын, ұзындығы 4 м-ге дейін жететін, көпжылдық шөптектес шырмауық. Көлденең жатқан тамыршасы бар. Сабағы жалаңаш, шөптектес, жіңішке, жұқа болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, сағақты, ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Гүлдері майда, сарғыш-жасыл түсті, шашақталып орналасқан. Жемісі үш ұялы қауашақ, ұзындығы 2,5 см-ге дейін болады. Тұқымы жалпақ, қанатшалары бар. Шілдетамыз айларында гүлдейді. Мәуесі тамызқыркүйекте піседі.
Дайындалуы. Дәрілік мақсатта тамыры мен тамырсабағын Rhizomata et radices Dioscoreal жемісі піскен кезінде, күз айларыңда жинап алады. Қазып алынған тамырдың сабағынан және бөліктерден тазартып алып оны 10 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Кептірілген күйінде немесе жаңа тамырды қабылдау пунктіне өткізуге болады. Кептіргіштерде 60°С температурада кептіреуге де болады.
Сыртқы белгілері. Тамырдың кесінділері ұзындығы 3 см-дей, шеңбері 3 см-дей цилиндр тәрізді тармақталған, майысыңқы келген, беті әжімделген. Түсі ақшыл-сұр. Иісі әлсіз, дәмі ащы, күйдіргіш болып келеді.
Химиялық құрамы. Тамыры мен тамырсабағында сапониндер 8 %, диосцин, диосгенин 0,5 % - 1,26 %, грацилин, кукубо сапонин, микро-макро элементтер бар.
Қолданылуы. Тамырынан жасалған дәрілер қан қысымының жоғарылауына байланысты болатын атеросклероз ауруларына қолданады. Олар холестеринің организмдегі мөлшерін төмендету арқылы оның артерия сосудтарын да мөлшерін азайтып, осы арқылы аурудың қан қысымын төмендетіп, жағдайын, көңілкүйін жақсартады.
Дәрі-дәрмектер. Полиспонин.

ОРАЛДЫҚ МИЯ. Glycyrrhiza uralensis БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ. FabacealJeguminosal
Сипаттамасы. Мия туысынажататын, өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің биіктігі 60 см-ге дейін жететін, бірнеше сабақтан туратын, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынға ұқсас. Бұтағының ең
ұшында жалгыз жапырагы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар. Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады. Жемісі бұтақталған қауыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктерді тамақ және жеңіл өнеркәсібінде қолданылуы.
Иілік заттарды анықтау
Сапониндер. Сапониндер туралы жалпы түснік. Құрамында сапониндер бар өсімдктер
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Бұрышқа зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы, зияндылығы, таралуы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Пәндер