Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
2.Белестен көрінген бесеу
3.Әуелгі жол
4.Орындаушы
5.Аққу ән
6.Күйші.композитор
7.Музыка тағлымы
8.Нұрғиса сөздері
9. «Көш керуен» күйін талдау
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
2.Белестен көрінген бесеу
3.Әуелгі жол
4.Орындаушы
5.Аққу ән
6.Күйші.композитор
7.Музыка тағлымы
8.Нұрғиса сөздері
9. «Көш керуен» күйін талдау
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазаққа жат жұрттың көзімен қараған, ішкі төл мүддемізді қайырып, сыртқы бөгде әсерді барынша енгізіп, барынша түбегейлі өзгерту, соны сатылай жүргізу міндеттері еді бұл. Партия айтты — опера жазылды. Партия айтты — кантата, симфония, оратория жазылды. Партия айтты — бүкіл қазақ даласында кларнет, гобой, фортепиано, скрипка, виоленчель, фогот, труба, тромбон аспаптары ойналуға тиісті, солар сабақ ретінде бүкіл музыка мектептерінде оқытылуы қажет деп түйінделді. Партия айтты — съезімізге музыка орындаңыздар деп, орындалды, партия айтты игеруге музыка арнаңдар деп, арналды. Бәрі де әкімшілік, бұйрықтық тапсырмалар еді. Бәрі де орындалды. Орындалмағаны қалмады. Шығармашы адамның ұлттық болмысы орталықтың сара жолына икемделуге мәжбүр етілді. Ал шарадан асып бара жатса - ол адамның орны түрме болып, "халық жауы" атанды. Адамның ішіне емес, түсіне қарап тон пішу саясаты еді бұл.
Түркілігімізді тану, тілімізді айшықтау, ата жолын аңсау, хандық билігімізді дәріптеу тәрізді қазақтың ең қажетті тарихының жібін үзе отырып, қазақ тарихының арғы түбі бейне бір Кеңестік дәуірден басталатындай-ақ дәріптелді. Ол кезде мектеп оқушыларына Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай тәрізді батырларымыз тарихта болмағандай, Илья Муромец, Александр Невский, Дмитрий Донской, Суворов, Кутузов ерліктері оқытылды. Музыкалық оқу орындарында негізінен Гайдн, Глюк, Бетховен, Бах, Моцарт, Рубинштейн, Чайковский, Глазунов тәрізді Еуропаның және Ресейдің ком-позиторлары дәріптелінді. Батыстың джаз, эстрада, поп музыкалары ноталық үлгіде, күйтабақ, магниттік таспалар арқылы қазақ жеріне телегей теңіздей ағылды. Осылайша қазақ музыкасының насихаты жан-жақтан қысылды, қыспаққа тірелді. Осының бәрі де мәдени төңкеріс жұмыстарындағы орталықтың жоспарлы саясаты еді.
Кеңестік жүйе жас жеткіншекті осылайша баулыды. Өсе келе ол еуропалық білімімен еуропалық музыка жолына бағыт түзеді. Осылайша жалғасын тапты.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Респуликалық газет «Жас алаш» 2008 ж. 14 ақпан
2. Нұрғиса Тіледиев Алматы - Алматы - 2003 жыл
1. Респуликалық газет «Жас алаш» 2008 ж. 14 ақпан
2. Нұрғиса Тіледиев Алматы - Алматы - 2003 жыл
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
2.Белестен көрінген бесеу
3.Әуелгі жол
4.Орындаушы
5.Аққу ән
6.Күйші-композитор
7.Музыка тағлымы
8.Нұрғиса сөздері
9. Көш керуен күйін талдау
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазаққа жат жұрттың көзімен қараған, ішкі төл мүддемізді қайырып,
сыртқы бөгде әсерді барынша енгізіп, барынша түбегейлі өзгерту, соны
сатылай жүргізу міндеттері еді бұл. Партия айтты — опера жазылды. Партия
айтты — кантата, симфония, оратория жазылды. Партия айтты — бүкіл қазақ
даласында кларнет, гобой, фортепиано, скрипка, виоленчель, фогот, труба,
тромбон аспаптары ойналуға тиісті, солар сабақ ретінде бүкіл музыка
мектептерінде оқытылуы қажет деп түйінделді. Партия айтты — съезімізге
музыка орындаңыздар деп, орындалды, партия айтты игеруге музыка арнаңдар
деп, арналды. Бәрі де әкімшілік, бұйрықтық тапсырмалар еді. Бәрі де
орындалды. Орындалмағаны қалмады. Шығармашы адамның ұлттық болмысы
орталықтың сара жолына икемделуге мәжбүр етілді. Ал шарадан асып бара жатса
- ол адамның орны түрме болып, "халық жауы" атанды. Адамның ішіне емес,
түсіне қарап тон пішу саясаты еді бұл.
Түркілігімізді тану, тілімізді айшықтау, ата жолын аңсау, хандық
билігімізді дәріптеу тәрізді қазақтың ең қажетті тарихының жібін үзе
отырып, қазақ тарихының арғы түбі бейне бір Кеңестік дәуірден басталатындай-
ақ дәріптелді. Ол кезде мектеп оқушыларына Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай
тәрізді батырларымыз тарихта болмағандай, Илья Муромец, Александр Невский,
Дмитрий Донской, Суворов, Кутузов ерліктері оқытылды. Музыкалық оқу
орындарында негізінен Гайдн, Глюк, Бетховен, Бах, Моцарт, Рубинштейн,
Чайковский, Глазунов тәрізді Еуропаның және Ресейдің ком-позиторлары
дәріптелінді. Батыстың джаз, эстрада, поп музыкалары ноталық үлгіде,
күйтабақ, магниттік таспалар арқылы қазақ жеріне телегей теңіздей ағылды.
Осылайша қазақ музыкасының насихаты жан-жақтан қысылды, қыспаққа тірелді.
Осының бәрі де мәдени төңкеріс жұмыстарындағы орталықтың жоспарлы саясаты
еді.
Кеңестік жүйе жас жеткіншекті осылайша баулыды. Өсе келе ол еуропалық
білімімен еуропалық музыка жолына бағыт түзеді. Осылайша жалғасын тапты.
1. НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1.4.1925, Алматы облысы, Іле ауданы,
Шилікемер ауылы – 15.10.1998, Алматы, Алматы облысы Жамбыл ауданында
жерленген) – композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның (1975) және КСРО
(1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние
жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында
(қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу
консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61
жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64
жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып
қызмет атқарды. 1968-81 жылдары Қазақфильм киностудиясы музыкалық
редакциясының бас редакторы, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған Отырар
сазы фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін
төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен
динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет. Н.Тілендиев –
Ортеке балет-поэмасының (1957) және Менің Қазақстаным (1959)
кантаталарының, Достық жолымен балетінің (1958, Л.Б.Степанов және
Е.Манаевпен бірге), Алтын таулар операсының (1961, С.Қожамияровпен
бірге), оркестрге арналған Поэма (1962), Ата толғауы (1975), Алтын
дән, Ақсақ құлан, Аққу, Арман, Махамбет, Көш керуен поэмалары
мен Халық қуанышы (1963), Қайрат (1964), Жеңіс салтанаты (1975) атты
увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам
драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге (Қыз Жібек, Қилы кезең,
Менің атым – Қожа, т.б.), 17 мультипликациялық фильмге (Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?, Ақсақ құлан, т.б.), 14 деректі-хроникалық фильмге
(Академик Сәтбаев, Ыбырай Алтынсарин, т.б.) музыка жазды. Алматы
консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. Қазақстан
Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында
композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), Отырар
сазы фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге
(Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. Отан
ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Отырар сазы – Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық
музыкалық аспаптары оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан
Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді; 1982
жылдан оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы,
саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық
аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді.
Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар,
нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, (сазген), аса шертер, адырна, даңғыра,
т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері
(Кеңес, Салкүрең, Сарыөзен), халық композиторларының (Тәттімбеттің
Қос басар, Сарыжайлау, Сылқылдақ; Сүгірдің Кер толғау, Бес жорға;
Ықыластың Ерден күйі, Қамбар батыр), осы заманғы қазақ
композиторларының (М.Төлебаевтың Еске алу; Н.Тілендиевтің Ата толғауы,
Аңсау, Көш керуен; К.Күмісбековтің Фараби сазы, Қорқыт күйі)
шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық
фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен
концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық
шеберлігін танытты. Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты
(1985).
2. БЕЛЕСТЕН КӨРІНГЕН БЕСЕУ
Ой - адам санасының қабілеті. Ойлау арқылы адам алға, көздеген
мақсатына ұмтылады. Ой арманға жетелейді. Ой терең, түпсіз ұғым. Қандай
дана болса да ой тереңіне жете алмаған. "Су түбіне жетпейсің бойлағанмен.
Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен" деген сөз осы ұғымнан туған. Бірақ, "'Кең
ойлаған кем ойламас" дегендей, ойшыл адам өз заманының заңғар биігіне
көтерілген. "Көп ойласаң - дана боласың, көп ойнасаң — бала боласың", деген
сөз осыған меңзейді. Даналар ойы — өркениет бастауы. Ой — адам санасының
сәулесі.
Төрге отырған ақыл айтар. Есікте отырған нақыл айтар. Босағада отырған
басын шайқар, Ақылды кісі ойлап байқар.
- дегенде ойдың әрбір саналы адамға қатыстылығын, жоғары тұрғанын
түсінеміз.
Әр адам күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, өз заманының көрінісіне, өткені
мен болашағына ой жүгіртері хақ. Қара басының қамын ойлап от басынан аса
алмайтындар болады. Отбасынан асып, ел қамын ойлайтындар да болады.
Нұрғиса заманы Абай атамыздың:
Әркімді заман сүйремек. Заманды қай жан билемек? Заманға жаман
күйлемек, Замана оны билемек - деп айтқанындай, заманы мен адамын партия
билеген кез еді.
Енді, ойдан ой туғызып Кеңестік жүйенің 70 жыл бойғы осындай насихат
жұмысына барлау жасап көрелік. Нәтижесі қандай екен?
Бірінші фактор: Кеңестік жүйе қазақ музыкасына еуропалық-батыстық
музыкалық жанрды енгізді.
Екінші фактор: Қазақ музыкасына еуропалық-батыстық музыкалық аспаптар
кірді.
Үшінші фактор: Музыкалық шығармаларға түрі ұлттық, мазмұны социалистік
делінетін сипат енгізілді.
Біріншіден: нақтылай айтқанда, ән, күй, терме, жоқтау, сыңсу, зар
үлгілері тәрізді, қазақ тыңдармандары енді 20 ғасырда романс, ария,
оратория, вальс, симфония, опера, эстрадалық музыка тәрізді Еуропадан
кірген бөгде музыкалық жанрларды санасына қабылдады.
Екіншіден: Кеңес қазақ композиторларының музыкалық шығармалары енді,
басында айтқанымыздай, фортепиано, скрипка, виолончель, альт, тромбон,
фагот, кларнет, труба тәрізді, басқадай да әлемдік деп танылған музыкалық
аспаптар негізінде құралған симфониялық, камералық, эстра-далық оркестрлер
үнімен орындалып, қанат жайды.
Үшіншіден: Партия алға қойған мақсатта түрі ұлттық болғанымен,
музыкалық шығармалардың мазмұны социалистік шындықты жырлау арқылы
өрбітілді.
Әрине, еуропалық, әлемдік танылған бұл музыкалық жанрлар мен музыкалық
аспаптар өркениеттің мәдени көрінісі, ғасырлар тағылымның жетістігі
екенінде дау жоқ және шек келтіруге де болмайды. Қазақ операларының,
симфониялық, камералық және хорға арналған шығармаларының дүниеге келуі
әлемдік, кәсіпқойлық музыкаға қанат қаққанымыздың көрінісі де еді. Алайда,
сол көріністе қазақтың төл сөзіне ғана тән атадан жалғасқан мұраларды,
әсіресе көне музыкалық аспаптарды насихаттау кенжелеп қалғаны да рас. 1934
жылдан Ахмет Жұбанов ұйымдастырған Қазақ Орталық атқару комитеті атындағы
жалғыз ұлт аспаптар оркестрінен бастап, 1970 жылдарда консерватория
ректоры, композитор Еркеғали Рахмадиевтің Жаппас Қаламбаев пен Дәулет
Мықтыбаевты консерваторияға шақыртып, шәкірттер тәрбиелеп, жоғалып кетуге
шақ қалған, көне музыкалық аспабымыз - қыл қобызды қолға алып, қайтадан
жаңғыртқанға дейінгі аралықта төл музыка аспаптарымыздың наси-хатталуы
қазақ даласына еркін енген еуропалық музыка насихатының қалтарысында
қалғанын жасыруға болмайды.
Міне, дәл осы тұста төл музыкалық аспаптармыз бен көне күйлеріміз-дің
насихатында көк жүзінде музыка мәдениеті күмбезінің шамшырағындай бес адам
белестен көрінді Олар:
Болат Сарыбаев - жиырмадан астам түрлі көне аспаптарымызды зерттеп
жаңғыртты. Тұңғыш рет көне музыкалық аспаптар ансамблін ұйымдастырды.
Рахманқұл Бердібаев - қалалық халық университетінің кезекті
сабақтарында қазақтың төл музыка мәдениетін нысаналы түрде үзбей насихаттай
отырып, бастама көтерді. Болат Сарыбаевқа қолдау көрсетті.
Өзбекәлі Жәнібеков - партия істерінде жүріп, төл музыкамызға
сүйіспеншілікпен қараған, дара қайраткер ретінде, көне музыкалық
аспаптармызды да насихаттауға ат салысты. Болат Сарыбаев ізденістеріне
колдау көрсете отырып, республика бойынша бірнеше көне аспаптар ансамблін
ұйымдастыруға және Республикалық халық музыка аспаптары мұражайын ашуға
ұйытқы болды.
Композитор Еркеғали Рахмадиев - Құрманғазы атындағы өнер институтының
ректоры қызметінде жүріп алғаш рет қылқобыз класын ашуға, шәкірттер
тәрбиелеуге қолғабыс жасады. Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев, Сматай
Үмбетбаев тәрізді даулескер қылқобызшылар консерваторияға тартылды.
Нұрғиса Тілендиев - композитор ретінде көне музыкалық аспаптар үнін
алғаш рет "Қыз-Жібек" көркем фильміне пайдаланды. "Отырар сазы" фольклорлық-
этнографиялық оркестрін ұйымдастырды. Келмеске кетті делініп, жоғалдыға
саналған көне музыкалық аспаптарымыздың үндерін тірілтіп, жаңғырта отырып,
сайып келгенде, ұлт кәдесіне жаратып, ел мақтанышына айналдырып, ұлы
көшпелілер мұрагері ретінде, дала өркениеті рухын бүгінгі ұрпақ санасына
енгізу — белестен көрінген бесеудің ой бостандығы таразысында түрі де,
мазмұны да, ұлттың інжу-маржанындай қоспасыз таза, қазақтың өзіне ғана тән
мүддесіндегі қайыспас рухы, сол кездегі мәдени дамуымыздың жаңашыл
бастамасы еді. Бұл жетпісінші жылдар идеологиясындағы ұлттық дәстүрге деген
жаңаша бетбұрыс болды.
Енді қазақтың аспаптық музыкасын дамытуда, оның сырлы да, сазды үндерін
оркестрге пайдаланып, соны соқпақ, сара жол салған Нұрғиса белесіне беттей
отырып, оның шығармашылығына үңіле түсейік.
3. ӘУЕЛГІ ЖОЛ
Өмір қайта айналып келсе, неден бастар едіңіз?- деп сұрақ қойған екен
Нұрғисаға Құлпара Жұмағали қарындасымыз. Сонда Нұрғиса: "Бірінші кластан
бастан аяқ қайтадан оқыр едім. Өйткені, ол кезде алған білімім —саясаттың
білімі. Коммунистік партияның үгітшісі ретінде халқымның алдында қарыздар
дүниемді аяқтай алмай қалдым,- деп жауап қайтарыпты.
Иә, Нұрғисаның ойлағаны тереңнен еді. Ал, өткен жол бастауына көз жүгіртіп
көрелікші.
Кішкентайынан қолына алғаны - домбырашылығы. Ол әкесі Тіленді мен
шешесі Салихадан күй тартқандағы, ән айтқандағы домбыра үнін ана құрсағында
жатып сезінген. Дүниеге шыр етіп келгенде, басында әңгімелеп кеткеніміздей,
әкесі домбыра шанағына салып, көтеріп күн нұрына балап есімін Нұрғиса
қойған. Әкесінің бет жүзі мен анасының аялы алақанын сезінгені тәрізді,
домбыраға да жан сезімі құндақтауынан ұялап, қол создырған. Өзі аңшы, өзі
шебер, өзі күйші Тіленді домбырасын қолына алып, күй орындағанын Нұрғиса ес
біліп, еңбектеуге жарағаннан құлағы үйреніп, домбырамен ойнап, шегін
тартқылап, кеудесін тоқпақтап, үйірсектеу болған. Көзі үйреніп, әкесіне
ұқсап, домбыра ұстауды, сол қол мен оң қолдың қимыл-дарын келтіріп, өзінше
күй тартқан болып, анасының ана әлдиіне салып "Әйе.., Әйе... " деп ыңылдап
ән айтуға талпынған. Осы талпынысымен төрт жасқа толғанда әкесінің кейбір
күй ырғақтарын, анасының кейбір ән әуендерін домбыраға салатын. "Мына балам
қайтеді-ей",- деп ерекше мән беріп, Тіленді қолына шақтап домбыра жасап
береді.
Міне, осыдан бастап, қаршадай Нұрғисаның домбыраға деген әуестігі
басталады. Бұл кез Жетісу жерінде әйгілі Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап,
Дәулеткерей тәрізді халық композиторларының есімдері тарай қоймаған, астана
Алматыға ауысып, музыкалық ортада енді-енді есімдері атала бастаған кез
еді. Сондықтан Нұрғисаның ә деп алғаш құлағымен естігені, мөлдір бұлақ
көзіндей өнер бастауынан сусындағаны Жетісу өңірінің өнер дәстүрі болды.
Небір жиын-топта өнер көрсетіп, күйшілігімен аты шыққан Тіленді үй іші
әңгімесінде майын тамызып айтып отыратын Жетісудың шаң жұқтырмас ақындары -
Сүйінбай, Бақтыбай, Құлмамбет, Жамбыл, Бармақ, Үмбетәлі, Өтен, Орақбай,
Кенен, күйшілері - Қожеке, Сыбанқұл, Шортанбай, Байсерке, Бердібек,
Сатқынбай, Дәурен сал, Қатшыбай тәрізді дүлдүлдері есімдерін Нұрғиса ес
білгенінен құлағына құйды. Тіленді мен Салиха бірі күйшілігімен, бірі
әншілігімен айналасында таласқа түскенді отты сөзімен әжуалай алатын,
алғырлығымен аты шыққан шапыраштының ата қасиетін бойына мықтап сіңірген
сегіз қырлы өнердің қас шебері, елдің қадірлі адамдары болды.
Ел аузына іліккен осындай өнерпаздығын бағалап, "Атабайдың
серісінікіне бас сұға кетпесек болмас",- деп Жамбыл ақын інісіне балап,
Кенен ақын күйеу баласына балап, арлы-берлі жол жүргенде Тілендінікіне
соғып өтетін болған.
Қоғам қайраткері, жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Қазақ, шөп шыққан
жеріне шығады деседі",- деп Нұрғиса шынында да шөп шығатын, қаулап шығатын
жерден дей отырып, патша үкіметімен араға елшілікке жүрген сегізінші бабасы
Көштай еді" дейді. Көштайдан Сүлеймен, одан Си-қымбай, одан Құттымбет дей
келе, Құттымбеттен туған бесеудің бірі кәдімгі Шапырашты Наурызбай, екінші
бірі Дүйсен, соғыста өлген, Нұрғисаның төртінші бабасы,- деп жазды.
Жаугершілікте, ел қорғаған батырлармен қатар айналасына ақыл төккен
небір от ауызды, орақ тілді шешендер, есімдері әсіресе, аты шыққан
Шортанбай мен Дәурен сал тәрізді аталас дәулескер әнші-күйшілердің ел
ішіндегі әсері Тілендіні де әрқашан жігерлендірген. Бойымдағы бар өнерім
ата тегімнен жеткен, деп рухтанған. Осы қасиетімен айналасын қызықтырып
әрдайым өзіне жақын тартқан Жетісу өңіріндегі әннен алқа, күйден маржан
таққандай атышулы өнерпазы Қатшыбайдың, күй көкжиегіне қанат қаққан, бал
бармақты домбырашы Шаштайдың, Қыдырқожа тәрізді өнершіл жастың бірі дос,
бірі іні болып, Тілендіге жақын жүруі, ең әуелі өнер жақындас-тығының
тартылысы, өнер арнасының тоғысуы деп түсінгеніміз орынды.
1930 жылы қала түбіндегі Қарақастектен Алматыға көшіп келіппіз.
Қазіргі екінші темір жол вокзалының алдындағы бір-бірімен жалғасқан жатаған
үйлердің бірінде тұрып жаттық. Әкем ет комбинатында істейтін, шешем үй
шаруасындағы әйел. Менің бар тындыратыным - үйдің төбесін-дегі шөп үстінде
жатып алып, әкем жасап берген ұршықтай домбыраны ертелі-кеш ермек ету",-дей
келе
- Әкемнен ерте айырылдым. Бірақ бес жасыма дейін құлағыма құйып алғанымды
осы күнге азық қылып келемін. Көп күйлерімнің сарынында сол жылдардың ізі
жатыр,- деп еске алады Нұрғиса, жазушы Серік Әбдірайымұлына берген
сұхбатында.
Академик Ахмет Жұбановтың Нұрғисаның күй орындағанын көріп, сүйсініп,
оған: "білім жолына түс, балам!" деп музыка мектебіне әкелетін жылдары да
сол түс Ахмет Жұбановты таңдандырып, қызықтырғаны балауса баланың домбыра
орындаудағы ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнері және ол кездері әлі зерттеле
қоймаған Жетісу сарындары мен тартатын күйлерінің молдығы еді. Бес жасында-
ақ Нұрғиса әкесінің "Терісқақпай", "Арман", "Аққудың сарыны", Қатшыбайдан
үйренген "Баламишка", тағы да басқадай осы өңірге таралған күй сарындарын
кәдімгідей үлкендерше орындап меңгерген болатың. Осы қалпымен музыкалық
білімге бас ұра отырып және Алматыдағы №18 Жамбыл атындағы қазақ орта
мектебінде де қатарлас оқи жүріп, 12 жасында Құрманғазы атындағы оркестрге
домбырашы болып, 14 жасында дирижердің шәкірті ретінде өнер жолына қанат
қағады.
Ұлы Отан соғысы басталғанға дейінгі аралықта жеткіншек Нұрғиса
алпынысы оның өнерінің шарықтауы болды. Оның осы кездердегі домбырашылығы
туралы бір мектепте оқыған Балғабек Қыдырбекұлы:
"Ол қатарынан төрт күй тартты. Мектептің клубы іші шапалақ шартылына толып
кетті. Барлық балалар аузымыздан суымыз құрып, бір-ақ күнде домбырашы
болуға құмартып қалдық. Оның домбыра тартуы бәрімізге қатты әсер етті.
Бәлкім ол шақта ол домбыраны керемет тартпаған да шығар, бірақ біздің бала
көңілімізге оның домбыра шертісі дүниеде теңдесі жоқ болып көрінді",- деп
жазған да болатын еске алып. Ал Құрманғазы атындағы халық аспаптар
оркестрінде қызмет атқарған жылдарында өзінің ұстаз санаған адамы - әйгілі
домбырашы Қали Жантілеуов: Іштен тоқып туған баласың-ау, құдай саған
құлақта берген, құлық та берген,- дейді екен риза болып. Жүрген ортасында.
Бала кезінен қадірі артып, өнер биігіне осылайша қанат қақты
Нұрғисаның өнер жолындағы жылдар тізбесіне көз жүгіртсек, оның екі жоғары
оқу орнында білім алғанын, бар өмірінде төрт жерде қызмет атқарғанын
байқаймыз.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, ол әуелі жаңадан ашылған Құрманғазы
атындағы консерваторияның оркестр факультетінің ұлт-аспаптар класына оқуға
түсіп, бітірді.
1953 жылы Москваның П. И. Чайковский атындағы консерваториясына түсіп,
оның дирижерлік факультетін профессор Н. П. Аносовтың класы бойынша
бітірді.
1953-61 жылдары Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында, 1961-
64 жылдары Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде бас дирижер
болып, 1968 жылы "Қазақфильм" киностудиясының музыка редакциясының бас
редакторы, 1980 жылдардың басынан Отырар сазы фоль-клорлы-этнографиялық
оркестрін ұйымдастырып, бар өмірінің соңына дейін осы оркестрдің бас
дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болды. Бұл айтқандарымыз - өмірдегі
іздері. Ал шығармашылық ерекшеліктері не дейді? Енді осыған кезек берелік.
4. ОРЫНДАУШЫ
Тағлымы мол, көзі қарақты, жүзінен нұр тамған, айналасына ақыл шашқан
көне көз қарияны әдетте "асыл сүйекті, қасиетті адам" деп жақсы
қасиеттілікке балайды. Нұрғиса - асыл сүйекті адам. Әдетте қолына домбыра
ұстаған адам бел ортасы елу жаста күй орындаудың өзіндік шыңына жетеді де,
алпысқа аяқ басқанда қанша талпынса да, болдырғанын түсіне бастайды.
Бұрынғыдай жігер мен жүрдек күш артта қалып, адам салмақтылыққа, ойлылыққа
бейімделеді. Болдырғысы келмейді-ақ, бірақ дене құрылысының, иық пен қол
саусақ буындарының семіп қатая бастағаны жібермейді. Мұны жасы кемелденуге
аяқ басқан адам денесінің физиологиялық заңдылығы деп түйгеніміз орынды.
Нұрғисаның жетпіс жасында домбырада ойнауы - дол сол баяғы, бұрынғы
қалпынан танбауы таңдандырмай қоймайды. Оның мұндай қасиетіне бірнеше
тұрғыдан көз жүгіртуге болар еді, әрине.
Әуелі "'бір бойыңа құдай құлақ та, құлық та берген екен" деп Қали
Жантілеуов айтқандай, өнер оның бойына туа біткендігі.
Екіншіден, әке, шеше тәрбиесінің шынайылығын балауса кезінен жадына
тұтып, бойына сіңіруі.
Үшіншіден, Жамбыл, Кенен, Ахмет Жұбанов тәрізді қазақ әдебиеті мен
өнері шоқжұздызындағы жеке тұлғалардың Нұрғисаға берген батасы қаршадай
баланың өнерге қанат қағуының басты себебі екендігі,
Нұрғиса құлағының дыбыс қаққыштығы және ырғақ өлшемін айқындайтын ритмді
қабылдауы — музыканың "абсолюттік" деп аталатын ең жоғарғы сатысының
мүмкіндігін меңгергендігі болып табылады және тұла бойына туа біткен
қасиеті.
Бір сөзінде ол: "Менің осы күнгі жетістігім — бес жасыма дейінгі
әкеден үйренген күйлерімнің арқасы. Кейбір шығармаларымда сол
үйренгендерімнің сарыны бар", - демеп пе еді.
Демек, бес жасына дейін ол домбырада ойнап қана қойған жоқ, орындаған
күйлерінің мән-мазмұнын, мағынасын бойына сіңіріп үлгергендігі танылады.
Бес жасындағы жетістігі — оның домбыраны тіпті де әрі, үш жасынан қолына
ұстап, машықтана бастағанын дәлелдейді. Бұл харакет-адам баласында болатын
сирек құбылыс.
Домбыраға, музыкаға деген соншалықты талпыныс, соншалықты сүйіспеншілік
Нұрғисаны өмір бойы алға жетелеп, тағдыры оны ауытқытпай, тек осы жолмен
жүргізеді. Ұлы Отан соғысында от пен оқтың ортасында жүріп, бірнеше жыл
өнерден қол үзсе де, қайтып домбырасына оралады.

Нұрғисаның жетпіс жасында домбырада ойнауы – дәл сол баяғы, бұрынғы

өнері шоқжұлдызындағы жеке тұлғалардың Нұрғисаға берген батасы қаршадай

әкеден үйренгеи күйлерімнің арқасы. Кейбір шығармаларымда сол

сирек құбылыс!
Домбыраға, музыкаға деген соншалықты талпыныс, соншалықты
сүйіспеншілік Нұрғисаны өмір бойы алға жетелеп, тағдыры оны ауытқытпай, тек
осы жолмен жүргізеді. Ұлы Отан соғысында от пен оқтың ортасында жүріп,
бірнеше жыл өнерден қол үзсе де, қайтып домбырасына оралады. Музыкадан
ауытқып, әнші де, боксер де болып кетуге шақ қалған кездері болған.
Нұрғисаның бозбала кезінде бишілер ортасына түсіп, филармонияда
"Қаражорға" әнін билеп жүрген жерінде, әйгілі домбырашы Әбікен Хасенов:
"Әй, бала, сенің орның күйшіге лайық",—деп ақыл айтып, музыкаға жөн
сілтеген. Жігіт шағында боксер боламын деп әйгілі боксшы Шоқыр Бөл-
текұлының жаттығуларына да барған. Қолы қатып қалған адам қалайша музыкада
жүрсін. Ахмет Жұбанов: "Әй, Нұрғиса, не композитор бол, не боксер бол,—
деген соң, музыканы таңдаған.
Демек, Нұрғисаның ауытқымай жүрген жолы біреу ғана, ол - музыка!
Нұрғисаның тілге тиек ететін тағы бір ерекшелігі — оның орындаушылығы.
Нұрғиса домбыра тартқанда иық, шынтақ, саусақ буын-иіндері биші қайыңдай,
тал шыбықтай майысады. Білімі қандайлық терең болса, ойнауы соншалықты
жүрек лүпіліндей нәзік. Бойындағы бишілік ұшқыны орындаушылығына
ұласқандай. Нұрғисаның қолы — гүрзідей, саусақтары - ірі. Оның қолында -
тас жарар күш, сайысқа түссе, сүйек сындырар, соққанын сылқитар - қаһар
бар. Боксер боламын деген талпынысындағы қол сілтесі домбырадағы
орындаушылығына ауысқандай. Неге десеңіз, ірі саусақ пернені нық басады.
Ірі қол тартыста ішектен өшіп алғандай, іліп те, орап та, сипай да, сұқ
саусақпен жекелей де алма-кезек шертіп қағады. "Вибрация" делінетін перне
мен ішек шайырын сығымдағанда шығатын діріл құлаққа анық естіледі. Күй
орындауда қашан да, қай кезде де болдырмайтын жүйріктей, самғаған сұңқардай
тың көрінуі, тыңдаушысын қайран қалдыруы, міне, осындай қасиеттерінен
Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков, Мұқаметжан Тілеуханов, Генерал Асқаров,
Таласбек Әсемқұлов, Шағдар Ақылбековтердің дене бітімін, қол алыстарын
көзге елестетіңіздерші. Тап сондай бітім, салмақты қол, салалы саусақ
Нұрғисада да бар.
Домбыра - Нұрғисаның жан серігі, дүниедегі ең қымбаттысы. Онда сар
далаға деген сағынышы, ата-бабаның арманы мен тілегі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz