Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Сөж
Тақырып: Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Орындаған: Тухтасинова П.
Курс: 2
Тобы: ИН2011-К2А
Қабылдаған: Оразымбетова З.Ш
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы -- XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы -- XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Сәкен Сейфуллин Жүсіп Аймауытов Халел Досмұхамедов
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Революцияға дейін
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не орыс-қазақ, бұратаналық, ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.

Медреселердің оқу бағдарламалары
Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердін мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тІлі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен зантану -- Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны болу тәртібі туралы ілім, зантану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары. Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кенейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша өкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуга тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірілді. Алайда бұған қарамастан 1874 жылы Қазақстанның мұсылман мектептері Халық ағарту министрлігіне тікелей бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 жылы мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы бір ірі қадам жасады. Халық ағарту министрлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптарын ашуға белсене кірісті, мұның өзі мұсылман мектептері жанындағы орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршыл әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. Көшпелі болса да, мұсылман болсада, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл -- Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында іс сол тілде жүргізіледі. Мұсылман оқу орындарына қатан талаптар қойылды, олардын бұзылуын отаршыл әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны үздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.

Дәстүрлі мектептер
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жана әдіспен оқытатын Уфадағы Ғалия, Орынбордағы Хусаиния, Троицкідегі Расулия, Уазифа сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін. Басқаларымен салыстырғанда, Ғалия медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын,әдебиеті мен тілін оқып-үйрену, зерттеу идеялары кен таралды. Ғалия медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба Садақ журналын шығарып тұрды. Садақ журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин мен Ж. Тілепбергенов болатын. Садақ журналы елді жаңғыртуды қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. Елдің көзін ашып, рухани түлеуге үндеген озық ойлы жас зиялы азаматтардың соны- на түскен полициялық бақылаудық құпия хабарында былай деп жазылған: Олар қазақ тілінде теріс бағытта шығарылған, Уфада басылған кітапшаларды әкеліп, халық арасында таратады. Кітапшалар арасынан:Оян, қазақ!, Тұр, қазақ! және Маса мысалдар жинағы мәлім, аталған басылымдарда қырғыздардың (қазақтардың) құқықсыз ауыр жағдайы туралы айтылады, аграрлық мәселе қозғалып, қазақтардың пайдалануындағы жер мөлшерінің тарылтаны көрсетіледі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.
Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға байшыл, кертартпа, діншілдер деп ойдан шығарылған, цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке қажетсіз санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары -- Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған .
Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы мерейтойына арнап, 1916 - 1926 атты еңбек жазып шығарды. Онда қазақ көтерілісінің Ресей Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан құлатудағы елеулі ролін айтады, ол қазақ көтерілісінің қаналушының қанаушыға қарсы таптық сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық бағытын көрсетеді . Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды.
Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz