Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен олардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі (676-681-баптар)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ үшін тапсырмалар

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік

Баяндама

Орындаған: Оразымбет Айда

Топ: ТФП 21-007-01

Қабылдаған: Қанткүл Байтекова

Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік.

676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, - алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi.

1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, - жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтiжүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы.

Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы - осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы.

Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау.

Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының құрамы және әкімшілік жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік: ҚР заңнамасы мен мемлекеттік-құқықтық шаралары
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері: тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктің негіздері
Кәсіпкерлік құқық бұзушылықтары үшін заңдық жауапкершілік: қағидалар, әкімшілік және қылмыстық түрлері
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: ұғымы, маңызы және қылмыстық-құқықтық шаралары
Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауаптылық (28-36-баптар)
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тосқауыл: криминологиялық және қылмыстық-құқықтық шаралар
Сыбайлас жемқорлық: ұғымы, қылмыстық-құқықтық көріністері және заңнамалық ұсыныстар
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының сипаты мен серпінін анықтау ерекшеліктері
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: ұғымы, заңнамалық негіздері және қылмыстық-құқықтық қарсы күрес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz