Қазақстан Республикасында электрондык құжаттарға байланысты нормативтік база мәселелері


Қазақстан Республикасында электрондык құжаттарға байланысты нормативтік база мәселелері.
Қазіргі таңда әлем бойынша ақпараттық технологиялар даму дәрежесі соншалық, электрондық құжат пен дәстүрлі қағаз құжаттың заңды күші бір дәрежеде тұр. Құжаттаманың бұл түрі тек қана уақытты үнемдеп қоймай, сонымен қатар экономикалық және экологиялық жағынан да бізге өте тиімді. Қарастыра беретін болсақ, жаңа технологиялардың пайдасы өте көп. Алайда, өзінің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі қиыншылықтар да туындайтыны құпия емес. Бірқатар дамыған елдер бұл қиыншылықтардан өтті десе де болады. Бірақ ТМД елдері әлі де құжаттаманың екі түрін бірге ұстап жүр.
Қазақстандағы электрондық құжатайналымға қарайтын болсақ, қағазбастылықтан жақында арыла қойматын секілдіміз. Осының бәрін саралай келе «Неге?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұған жауап беру үшін біз бірінші кезекте республикамыздағы электрондық құжаттармен жұмыс істеуді реттеп, заңдастыратын Нормативті-құқықтық актілер мен ережелерге назар аударуымыз керек. Қазақстан Республикасынла электрондық құжаттармен жұмыс негізінен 2003-жылғы «Электрондық құжат және ЭЦҚ туралы' заңына негізделіп жүргізіледі. Бұл заңда электрондық құжатпен жұмыстың беткі жағы ғана қарастырылып, электрондық құжатайналымында істер номенклатурасының рөлі толық ашылмаған. Сонымен қатар, бұл заңға сүйенетін болсақ, электрондық архивтер электронды құжаттар жиынтығы ғана болып қарастырвлады. Бұл түсінік архивтердің жұмысын толық ашпағанымен қоса, оларды электрондық құжаттарды жинайтын қоймамен теңестірді[1] . Енді дамыған елдерге қарайтын болсақ, Оңтүстік Кореяда 1999 жылы 5 ақпанда "цифрлық қолтаңба туралы" № 5792 заң қабылданды. Жапонияда 2000 жылғы 24 мамырда "Электрондық қол қою және сертификаттау қызметтері туралы"заң қабылданды. Оңтүстік Корея "электрондық үкімет"құру саласындағы көшбасшылардың бірі екені белгілі. Осыған байланысты Корея Республикасының стандарттарды әзірлеу саласындағы белсенділігі таң қалдырмайды. Корея тек электрондық құжатқа ғана емес, жалпы архив саласының жұмысын ұйымдастыруға түбегейлі кірісіп, оның бүкіл аспектілерін қамтитын нормативтік база құрастырды. 80-ші жылдардың басында Корея үкіметі елде мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру үшін жүйелер дамуы тиіс деген шешім қабылдады. Ақпараттық базаларды орталықтандыру және халық пен билік арасындағы өзара іс-қимыл процесінде ақпараттық технологияларды барынша пайдалану бағыты алынды. 90-шы жылдары технологиялық шешімдер туралы шешім қабылданып, жүйелік жобалар салына бастады. Ал соңғы онжылдықта іс жүзінде бәрін ретке келтірді. Кореяның цифрландыру бойынша алға жылжып кеткені сонша, оларда өткен жүз жылдықтың 70-80 жылдары әмбебап электрондық карта пайда бола бастады. Корейлердің ішкі төлқұжаты жоқ, ID карталары бар. Бұл чипі және биометриясы бар поликарбонат дайындамасы. Картада бірнеше қорғаныс дәрежесі бар, жеке куәліктің өзінен басқа, ол басқа ақпаратты алып жүрмейді. Ол кез келген қолжетімді әдіспен оқылады және кез келген ақпараттық жүйедегі адамды анық анықтауға көмектеседі. Архив саласының жұмысын реттеп отыратын өздерінің ұлттық стандарттары да бар. Бұл- 2008 жылы шығарылған және 2010 жылы қайта қаралған NAK / S 7: 2010 Архивтерді басқару жүйелеріне арналған функционалдық талаптар. [2]
АҚШ-тың да электронды құжат айналымына көшуі қызықты болып келеді. 1998 жылғы «Мемлекеттік органдардағы қағазбастылықты жою туралы» заңға сәйкес федералды органдар электронды құжат айналымына ауысып, азаматтарға электронды құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек болды. 2000 жылы АҚШ-та «Халықаралық және ішкі саудадағы электрондық қолтаңбалар туралы» Федералдық заң қабылданды. Ол электрондық коммерцияны реттеудің жалпы принциптеріне, оның ішінде электрондық транзакцияларды құқықтық тануға арналған, сондай-ақ электрондық құжаттар мен электрондық қолтаңбаларды пайдалануды реттейтін көптеген ережелерді қамтиды. Заң электрондық қолтаңбалар коммерциялық операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған кезде қолданылады. Онда электронды құжаттар мен қолтаңбалар жазбаша нысандағы құжаттар мен қолтаңбаларға теңестірілетіні туралы ережені бекітеді. Бұлардан басқа да реттеуші нормативті актілер бар. Осыдан біз АҚШ-тағы құжаттаманы басқару жүйесі әртүрлі факторлар әсер еткен ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылатынын көре аламыз. Қазіргі уақытта АҚШ ақпараттық қоғам мен экономиканы басқару үшін өз жүйесін белсенді түрде өзгертетіп келе жатқан елдердің бірі болып табылады. [3]
АҚШ, Канада, Корея Республикасы мен басқа да Еуропа елдеріне қарайтын болсақ, олардың бізден көптеген жылдарға алда жүргенін көре аламыз. Ол елдердің қазіргі таңдағы жетістіктері ұзақ уақытты алатын жұмыс пен ең бірінші кезекте электрондық құжатайналымын енгізу үшін қолайлы жағдай жасап алғандарынан деп айта алам. Себебі олар бірінші кезекте заңдық дәрежеде, барлық жағдайды қарастыра отырып реттеді. Егер солардан үлгі алатын болсақ, біз де сондай дәрежеге жететінімізге сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Государственная система электронного документооборота: выгоды и проблемы внедрения» Автор: Иткина Аида Игоревна
- «Южная Корея; Стандарт функциональных требовании к системе архивного дела и не только»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz