Есімін ел ұмытпас майдангер ұстаз. Рақым Құдайбергенов

Есімін ел ұмытпас майдангер ұстаз
Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі
Мағжан Жұмабаев
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал еткен, ауыл балаларына аянбай тер төгіп дәріс беріп, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі атанған, елі үшін Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанып, келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлауға жол ашып, Ұлы Отан соғысының ардагері атанған ұлағатты тұлға - Рақым Құдайбергенов.
Рақым Құдайбергенов 1915 жылы Жаңақала ауданы, Қамыс-Самар көлінің Сарысудан құятын сағасы Тайыз-өткел деген жерде дүниеге келген. Рақым Құдайгергеновтің балалық шағы өзі туып-өскен ауылында өткен.
Орал өңірі газетіндегі ардагер ұстаз жайлы мақаласында зейнеткер журналист Мәжит Жаданов былай деп жазады: Ол кезде оған бағыт-бағдар берген де, ақыл қосқан да, материалдық көмекпен қол ұшын созған да ешкім болған жоқ. Тек білім алуға деген өз құштарлығы басым болды. Бұл сөзге дәлел, елгезек, еңбекқор, оқуда озат болған, оқып үйренуде алғырлығымен танылған Рақым Құдайгергенов С.М.Киров атындағы орта мектептің 6 класын бітіріп, жоғарғы оқу орнына даярлайтын курсқа барып, Орал қаласындағы оқуға түседі. Қаржының тапшылығынан үш айдан кейін курс жабылады да ол Алматы қаласына ауыстырылады. Оны тәмамдаған Рахым Құдайбергенов медициналық институтқа қабылданып, материалдық көмек беретін адамның болмағандығынан, 1930 жылдың басынан басталған ашаршылықтың басталуынан оқудан алыстауға мәжбүр болады.
Майдангер ұстаз жерлес дәрігер Едірес Мұқтаров пен Әліби Жангелдиннің жебеуімен 1932 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударған ағасы Түменбайға барады. Шаршап-шалдыққан, сол кездегі ашаршылықтың әсерінен ашынған інісін ағасы біраз әлдендіріп, теміржол техникумына оқуға түсуіне себеп болады. Алыста қалған қарындасы Тәтті мен қария анасы осы кезде оның ауылға келгенін немесе жақындауын талап етеді, себебі ұстазға демеу болар қамқор әкесі ауыр халде жатқан еді. 1934 жылы әкесі Табылды қайтыс болып, ардагер ұстаз техникумын аяқтамай ауылға қайтады.
1935 жылы Орал қаласында А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың фикика-математика оқытушысы мамандығына оқуға түседі. Ол мұнда зеректігінің арқасында оқу озаттарына арналған бөлмеде жатады және аталмыш оқу орнында білімге құштар ұстаз талмай ізденісінің арқасында Үздік студент атанады. Өкінішке орай, ауылдағы отбасының тұрмысы мен денсаулығы әрі қарай оқуына мүмкіндік бермеді. 1937 жылы институттың үшінші курсынан кейін академиялық демалыс алып ауылға қайтады. Майдангер ұстаздың анасы қайтыс болып, отбасында қарындасы жалғыз қалып, жұмыс қолы болмағандықтан күнкөрістері біраз нашарлай түседі.
Тіршіліктің сергелдең соқпағы тағы да басталады. Дегенмен ол білгірлігі мен білімге деген табандылығының арқасында қандай қиыншылық болса да мойымай, туып өскен ауылына оралып, өзі түлеп ұшқан аяулы мектебі С.М.Киров атындағы орта мектепке келіп, 1937-1938 жылдар аралығында математика пәнінен оқытушы болып жұмыс жасаған.
Неміс басқыншылықтарының тұтқиылдан еліміздің шекарасына шабуыл жасауы барлық Совет адамдары сияқты ардагер ұстазды да бейжай қалдырмады. Осы күннен бастап аудандық әскери комиссариаттан қолына қару алып, Отан қорғауға жіберуді өтінеді. Бұл өтініші 1942 жылы наурыз айында қабыл болып, әскерге алынды. Бастапқыда 61 атқыштар полкінде, кейін 681 атқыштар полкі қарамағында болып, жаумен жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысты. Қар жастанып, мұз төсеніп, толарсақтан қан кешкен ауыр ұрыстарды басынан кешті. Жеңілген жауды өкшелей қуған Совет әскерлерімен бірге Венгрия жеріне аяқ басты. 1945 жылы Венгрияның Балатон көлінің тұсында, Капашбар селоларын жаудан тазартты. Одан Чехославакия жеріне өтіп, Острава, Брно, Братилова (Братиславадан әрі) ормандарын паналаған дұшпан әскерімен болған ауыр ұрыстарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz