Электронды үкімет инфрақұрылымы


- «Электронды үкімет» инфрақұрылымы
Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет» қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге жауаптарды оралымды алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болар кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.
«Электрондық үкімет» - бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және ішкі бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым-қатынастарының өзгерісі.
«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың негізгі мақсатттарына жатқызылатындар :
- мемлекеттік қызметті АКТ-ны пайдалану арқылы көрсету; - азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне қатысу дәрежесін ұлғайту;
- мемлекеттік қызметтің ішкі тиімділігін арттыру.
«Электрондық үкіметті» құру идеясын Қазақстанда бірінші рет ел президенті Н. Н. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкіметті» Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың қызметін ізерлеу мүмкіндігіне, құрамы бойынша тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.
Бүгінгі күні мемлекеттің тиісті заңнамалық актілерді ел АКТ-н дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларында айқындаған «Электрондық үкіметті» Қазақстанда қалыптастырудың бастапқы сатысының көптеген міндеттері табыспен іске асырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 414 Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып іске асырылған болатын, олар «электрондық үкіметті» кезең-кезеңмен қалыптастыруға және дамытуға, электрондық және мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды түрде ендіруге ықпал етті. Сондай-ақ қазіргі таңда «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленуде, ол өз кезегінде Қазақстанда АКТ саласын жетілдірудің негізгі стратегиялық құралы болып табылады.
Бұдан басқа, «Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарымен «электрондық үкіметтің» негізгі міндеттері мен құқықтық даму негіздері, сондай-ақ тұтастай «электрондық үкіметтің» сәулетін дамыту негіздері айқындалған.
Егер де «электрондық үкіметті» қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі туралы айтсақ, онда «электрондық үкімет» пен электронды демократияны құру идеясын алғаш рет Америка Құрама Штаттары (одан әрі - АҚШ) және Ұлыбритания ғалымдары ұсынды, мұның астарында жаңа АКТ-ларды негізгі демократиялық құндылықтарды қорғау мен дамыту үшін және бірінші кезекте билік органдарының шешімдер қабылдау үдерісіне және мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы үшін пайдалану жатты.
«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың әртүрлі өңірлер мен әлем елдері тәжірибесіндегі үш негізгі модельді бөліп алу қажет: Америкадағы, Европа мен Азиядағы. Американдық модель «электрондық үкіметтің» АҚШ-тағы қалыптасу ерекшелігін көрсетеді; еуропалық болса өзіне Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдеріндегі «электрондық үкіметтің» дамуын қамтиды; азиялық модель Сингапур мен Оңтүстік Кореяда табыспен қолданылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылындағы жеңілдік, қолжетімділік пен аз шығындар «электрондық үкіметтің» американдық моделінің негізгі мақсаты болып табылады.
Өз кезегінде еуропалық модельге Еуропарламент, Еурокомиссия, Еуропалық сот секілді мемлекеттіктен жоғары институттар тән, олардың ұсынымдары «электрондық үкіметтің» қызметін дамыту және реттелімдеу кезінде барлық Еуропалық Одақ елдері үшін міндетті.
Азиялық модельдің басқару стилі ерекше, ол корпоративтік мәдениеттің азиялық тұрпатына және сатылық пирамида қағидаты бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік басқарудың көп қабатты жүйесіне иек артады. Мәселен, Оңтүстік Корея үкіметі «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде негізгі назарды тұрғындар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және АКТ-ны бірінші кезекте мәдениет және білім саласына аударды /1/.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) ғаламдық рейтингісінде 2016 жылы «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша Ұлыбритания 2-ші орында - Австралия, 3-орынды - Оңтүстік Корея (бұрнағы жылдар көшбасшысы) алды. Сондай-ақ АҚШ - жалпы әлемдік рейтингінің 12-орнында, Ресей -35-ші, Қытай - 63, Өзбекстан мен Қырғызстан тиісінше - 80-ші және 97-ші орындарда. Қазақстан барлық ТМД елдерін басып озып 33-орында тұр.
Бұдан басқа, БҰҰ есебіне сай, Азия елдерінің арасында «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша Қазақстан 2016 жылы 7-ші атанды.
Бұдан жоғары Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн мен Біріккен Араб Эмираттары жайғасты. /2/
Көш бастаушы елдердің «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша былайша көрініс табады.
Ұлыбритания. Британ үкметінің ең белсенді автоматтандыру мезгілі 2000-ші жылдарға келіп түсті.
2000-ші жылдары жаңа тұжырымдалық жұмыс басталды. Премьер-министр Тони Блэр «электрондық үкіметтің» қажетті инфрақұрылымын құруға бюджет шығындарының ұлғайтылуына, қолдаушы нормативтік актілердің қабылдануына қол жеткізді және АКТ саласын елдегі даму үдерісін тездеттті. Министрлер Кабинеті жанында барлық жұмысты үйлестірген арнайы комиссия құрылды. Министрлер Кабинеті жанындағы комиссия алғаш рет электрондық коммерцияның жүзеге асырылуын және электронды-цифрлы қолтаңбаның қолданылуын реттелімдейтін заңдарды бекіттті.
Сондай-ақ Ұлыбританияда «Үкіметті жаңғырту жөніндегі ақ кітаптың» ережелеріне негізделген «Е-азаматтар е-бизнес, е-үкімет. Ақпараттық дәуірдегі қоғамды қызметтеудің стратегиялық тұжырымдамасы» атты «электрондық үкіметті» ендіру бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты «электрондық үкіметке» көшу үдерісін талдау мен нақтылау болды. Бағдарлмада мынадай мәселелер қаралды:
- азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін іске асыруға қажет мемлекеттік қызмет көрсетулердің құрылымы мен құрамы;
- ұсынылатын сервистердің ауқымын кеңейту;
- азаматттар мен тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсетумен толық қамтуды қамтуды қамтамасыз ету;
- ақпаратты пайдалануды жақсарту;
- барлық қажетті шарларды жүзеге асыру жөніндегі нақты шараларды айқындау.
Бұдан басқа, 2011 жылы Ұлыбритания Үкіметі жаңа АКТ-стратегиясын бекітті, ол шығындарды қысқартуға және елдің АКТ-жүйелерінің тиімділігін арттыруға арналған болатын.
Ұсынылған АКТ саласындағы бірқатар проблемаларды мынадай шаралар есебінен шешуге мүмкіндік берді:
- АКТ-ға бақылауды орталықтандыру;
- артық ресурстарды аластату;
- ашық кодпен бағдарламалық қамтамасыз етулер үшін теңдей мүмкіндіктер жасау;
- ашық стандарттарды мәжбүрлеп пайдалану;
- АКТ-жүйелерінің жалпы мемлекеттік реестрін құру;
- жалпы мемлекттік «қосымшалар магазинін» құру;
- ірі жобаларды іске асыру уақытына тұтқалы басшыларға лауазымдарын сақтау, министрлер мен мемлекеттік қызметшілердің АКТ-жобаларын және бағдарламаларын іске асыру барысы туралы жүйелі есеп беруін көтермелеу.
- Электронды үкіметті қалыптастыру кезеңдері
Сондай-ақ «электрондық үкіметті» қалыптастыру мақсатында Ұлыбританияда «Цифрлы Британия» атауымен бағдарлама әзірленген болатын.
Сарапшылар бағдарлама әзірледі, соған сай «ғаламтордағы үкіметтен» «ғаламтордан үкіметке» көшу қажет. 2011 жылы Британия үкіметі көптеген мемлекеттік сайттарды бірыңғай жүйеге біріктіретін сайтты әзірлеудің орнына электронды түрдегі бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді азаматтар мүдделеріне жауап беретіндей қайта өңдеуді шешті.
Тұрғындарды ыңғайлырақ тәсілге көшуін ынталандыру үшін бірыңғай GOV. UK порталы құрылды, қазіргі тұста онда 24 министрліктік департамент пен 330-дан астам мемлекеттік орган бар, сондай-ақ порталда мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқалар бойынша 47 тақырыпта әралуан материалдар жарияланады. GOV. UK порталы АКТ-ны пайдалана көрсететін мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қолжетімді нүкте болып табылады. UK online порталына қарағанда GOV. UK негізгі тіршілік оқиғалары бойынша емес, ірі қызмет топтары (мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасу және т. с. с. ) мен тұрғандардыың мақсаттық топтары (ата-аналар, мүгедектер, жастар және т. б. ) бойынша ұйымдастырылған. /3/
Барлық азаматтар, соның ішінде бүгіндері онлайн-сервистер алатындар және сонымен бірге ондай мүмкіндіктері жоқтар үшін ақпарат пен әртүрлі транзакциялық сервистердің қолжетімділігі британдық «электрондық үкіметтің» негізгі қағидаты болып табылады. Британия тұрғындарының 17% - бұлар әралуан себептер бойынша Ғаламторды пайдаланбайтын адамдар. Негізінен олар егде кісілер, мүмкіндіктері шектеулі жандар және тәуекел тобының өкілдері.
Бұдан басқа, порталдың ашық кодты өнімдер базасына құрылғаны HTML5 жүйесін пайдаланатыны және бұлтты хостингте орналасатыны GOV. UK порталының ерекше сипаты болып табылады. Мұндай ұстаным, британдық басшылардың пікірлері бойынша 21-ші ғасырда онлайн-тұғырнамаларын құруға озық ұстанымды бейнелейді. Сондай-ақ GOV. UK шығыс коды GitHub сайтында келтірілген, оны барлық тілек білдірушілер өндіріп ала алады, сондай-ақ кез келген компания өз сервистерін gov. uk орналасқан деректер орталығына жайғастыра алады.
Корея. 1995 жылы Оңтүстік Корея Үкіметі әзірлеген, Ұлттық Корея Ассамблеясы бекіткен «Ақпараттандыруды жылжыту туралы» жиектемелі заңы күшіне енді, ол ақпараттандыру және электрондық басқару жөніндегі саясат үшін негіз болып атанды. Осы актінің негізінде «Ақпараттандыру жөніндегі комитет» ұлттық интегратор және реттеуші функциясымен, «Ақпараттандыруға жәрдемдесу қорымен» бірге, осы бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік және жекеменшіктік инвестицияларды тарту міндетімен құрылды, олар ақпараттандыру және «электрондық үкімет» үшін негізгі жауапты орган ретінде шығады.
Бұдан басқа, бұл заң сондай-ақ «электрондық үкіметтің» жүйенің ақпараттық технологиялар (CIO) жөніндегі директордың лауазымы ретіндегі бастамаларын іске асыру үшін негіз қалады.
1997 жылы ақпараттандыру бойынша жобаларды бағалау жүйесі енгізілген болатын, үкімет өз стратегиясына тексеруді жүзеге асырды және мемлекеттік басқаруға озық АКТ-ны ендірудің екінші кезеңіне көшті, ал 1999 жылы барлығын қамтитын «электрондық үкіметті» іске асыру жоспары жасалған болатын.
Сондай-ақ 2001 жылы Кореяда «электрондық үкімет» бойынша алғашқы «Үкіметтің мемлекеттік басқарудың цифрлы технологияларын қолдануға көшу» қабылданып бекітілді.
Бұдан басқа, 2003 жылғы мамырда «Электрондық үкіметтің дамуын көру және бағыттары» Жол картасы мен кейінірек белгілі ретіндегі «Электрондық үкімет жөніндегі жол картасы» бекітілген болатын. Ол «Электрондық үкіметтің үздік әлемі» тұжырымдамасын іске асыруды көруге негізделген.
Жол картасы төрт бөлімге, 10 күн тәртібіне, 31 міндетке және 45 егжей-тегжейлі міндетшелерді іске асырудың бөлшектелген жоспарларына бөлінген, сондай-ақ көріністі іске асыру үшін нақты және айрықша тиімділік көрсеткіштерін сипаттайды. Бұл картаның «электрондық үкіметтің үздік әлемін» былайша құру мақсаты болғанымен байланысты:
- онлайн-коммуналдық қызмет көрсетулер пайызын 85%-ға дейін ұлғайту;
- әлемде бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі рейтингтерінде 10-топқа көтерілу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуді жылына 3-ке дейін алу мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жекелей болуын азайту;
- «электрондық үкімет» бағдарламаларын пайдалану коэффициентін 60%-ға дейін арттыру.
Бұдан басқа, Корея Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың келесі кезеңдері бар:
- үкіметі - өз-өзіне бағдарланған (деректерді өңдеуді ішкі автоматтандыру), азаматтармен өзара іс-қимыл біржақты тәртіпте және онлайнда жүзеге асырылады.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында мемлекет АКТ-ны мемлекеттік басқару секторына ендіру туралы стратегиялық шешім қабылдады. 1987 мен 2000 жылдар аралығында билік органдарында жұмыс процестерінің цифрлы технологияларға ауыстыру жүзеге асырылды, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы қалыптасты. Осы кезеңде негізгі ведомстволардың (кеден қызметі, салық қызметі, патенттік ведомство) жұмысы автоматтандырылды. «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы, «электрондық сатып алулар» порталы құрылды, азаматтарды смартфондар арқылы хабардар ету сервисі іске қосылды;
- үкіметі - өзара іс-қимылы онлайнмен және интерактивті жүзеге асырылатын азаматтарға бағдарланған.
2001 мен 2007 жылдар аралығында электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызмет ауқымы кеңейді, барлық процестерді цифрлы технологияларға толық ауыстыру жүзеге асырылды. Кезең аяқталған бойда электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызмет ауқымы азаматтар мен бизнес үшін ұлғайды, әкімшілік реформаны жүргізу есебінен басқарудыің тиімділігі мен мөлдірлігі арттырылды, «электрондық үкімет» пен өзге де ақпараттық жүйелер арасындағы бірігу қамтамасыз етілді.
- 3. 0 үкіметі - нақты адамға бағдарланған, мемлекетпен іс-қимыл үшін қажетті деректерге ашық қолжетімділікті қамтамсыз етеді және азаматтарға электронды түрде сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. /4/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz