БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


ӘОЖ 372. 857
БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Ақынова Жұлдыз Саулебекқызы
№68 Жібек жолы жалпы орта мектебі, Жетісай қаласы, Қазақстан
Е-mail: ulbike87@mail. ru
Аннотация
В статье рассматривается значение биологических знаний в общей системе мировоззрения обучающихся. Интегрированные методы приводят к изменениям педагогических приемов, что позволитьобучающимся выявить свои возможности, понять и оценить себя, и занятся самообразованием. Предлагается лабораторное занятие по дисциплине «Уход за комнатными растениями» «Вредители и болезни комнатных растении» в интерактивной форме обучения.
Abstract
The article discusses the importance of biological knowledge in the overall system philosophy students. Integrated methods lead to changes in teaching methods that allow students to identify their capabilities to understand and appreciate themselves, and Activities in self-education. Lab is proposed for the subject "House Plant Care" "Pests and diseases of indoor plants" in the online courses.
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
- барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
- әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін
таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне) ;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен) ;
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;
- ситуативтік және рөлдік ойындар;
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т. б. ) ;
- шығармашылық жұмыстар, т. б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Интербелсенді оқу/оқытуға негізделген«Бөлме өсімдіктерін күту»пәні бойынша зертханалық сабақтың үлгісін ұсынамыз:
Тақырып. « Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары және олардан қорғау шаралары
Мақсаты: Студенттер «Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары қандай?» деген сұраққа жауап беріп, Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының белгілерін, ерекшеліктерін, олардан қорғау шаралары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Жабдықталуы: Дәріс материалдары: Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары туралы мәліметтер, суреттер, слайдтар, маркерлер.
І. «Проблеманы айқындау» кезеңі
Ой сергек ұйымдастырылады.
№1тапсырма «Бөлме өсімдіктерінің зиянкестерінің және оларға тән ауруларының басты белгілері не? . Олардың пайда болуының алғы шарты қандай?»
Сабақ басында оқытушы студенттерге талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:
- Жеке жұмыс. Әр студент «Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен ауру түрлері қандай» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді. Бұл жазбаларын оқушы сабақ бойы толықтырады; сабақ соңында бастапқы жазғандарына қайта оралып, оларды қорытынды жазбасымен салыстырады, сол арқылы өз білімін қандай деңгейде жетілдіргендігін анықтайды, ой толғайды.
- Топтық жұмыс . Шағын топ ішінде оқушылар жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студентер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай) .
- Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.
- Қорытындылау. Оқытушы тақтаны (немесе плакатты) екі бағанға бөліп, сол жағын «Не білеміз?», ал оң жағын «Қандай проблемалар бар?» деп атап, студенттің жауаптарын жазады.
Мұғалім сұрауы бойынша бір студент талқыланатын проблема бойынша оқу тобындағы бүкіл студенттер келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға (плакатқа) жазады. Мысалы:
- Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен студентер оқытуының ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеу болуы да мүмкін; мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады) .
ІІ. «Проблема шешу» кезеңі
Студенттерге қағазға басылған дәріс мәтіні немесе электронды нұсқасы интерактивті тақта арқылы таныстырылады, оның бөлімдер бойынша оқылатындығы ескертіледі.
№2 тапсырма. Мәтінді оқып, бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының ерекшеліктерін, айырмашылықтарын Т кестесін толтыра отырып, анықтау.
жеке-топтық жұмыс
- Әр студент мәтінді оқып, бірінші қатар мен екінші қатардың жартысындағы студенттер бөлме өсімдіктерінің зиянкестері, ал үшінші қатар мен екінші қатардың қалған жартысындағы студенттер өсімдіктердің ауруларының түрлерін анықтап және олардың белгілеріне, ерекшеліктеріне сипаттама беру (10 мин) .
- Топтық жұмыс. Студентер шағын топ ішінде (10-20 минут) проблеманы шешу ісімен шұғылданады. Оқытушы оларға мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге тиімді белсенді тәсілдерді ұсынады. Бір топ бөлме өсімдіктерінің зиянкестердің, ал екінші топ студентері өсімдіктердің ауруларының ерекшеліктерін анықтап Т кестесін толтырады (10 мин) . Жұмыс нәтижесі графикалық түрде көлемді қағазға (плакат, А3 форматындағы қағаз) түрлі-түсті маркерлермен түсіріліп, қабырғаға ілінеді.
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
- Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент (шешен, спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында (1, 5-2 минут) плакатта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады, оларды қорғайды, оқытуы мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.
- Қорытындылау. Оқытушы әр топ келтірген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша түсініктеме береді. Мысалы, бөлме өсімдіктерінің зиянкестерінің басты ерекшеліктері деп, төмендегі слайдты көрсетеді.
Ал екінші топ жарық жетпеуінен болатын өсімдіктердегі ауру белгілерін сипаттайтын слайдты көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz