ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР

Бекболатова Әсемгүл Ерсайынқызы

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласы, Қазақстан Республикасы

ONOMASTIC NAME

Bekbolatova Asemgul Ersaiynqyzy

Makhambet Utemisov West Kazakhstan State University, Uralsk city, Republic of Kazakhstan

Аңдатпа: Мақала «ономастикалық концепт», «ономастикалық категория» терминдерін ұғынуға, ономастикалық концептілердің негізгі типтерін антропонимикалық және топонимикалық ерекшеліктерін анықтауға арналған. Автор жалпы тұжырымдама негізінде объектілерді біріктіру болып табылатын ономастикалық категорияларды қалыптастыру негізінде ономастикалық тұжырымдама деп санайды.

Кілт сөздер: жалқы есім; когнитивті ономастика; ономастикалық категория; ономастикалық ұғым.

Тіл біліміндегі ономастикалық категориялар ерекше тілдің тұжырымдамалық жүйесіндегі ереже таныммен тығыз байланысты болғандықтан адамның қызметі мен танымдық қабілеттері болып табылады. Тіл жүйесіндегі ономастикалық категориялардың ерекше маңыздылығы лингвистердің принциптерге және ономастикалық бірліктерді семантикалық деңгейде топтарға, сыныптарға және кіші сыныптарға біріктіру тетіктері. Зат есім-антропонимдер "адам" жалпы категориялық белгісімен біріктіріліп, антропонимикалық категорияны құрайды. Кеңістіктік бағдарлаудың жалпы категориялық мәні топонимдік категория туралы түсінік беретін зат есімдерді-топонимдерді бөлудің негізінде жатыр.

Тілімізде топонимдер семантикалық, құрылымдық əдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттеліп келеді. Тілдік таңбада берілген дүние туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде «ғаламның тілдік репрезентациясы», бірде «ғаламның тілдік моделі», бірде «ғаламның тілдік бейнесі», бірде «тіларалық ғалам» деп көрсетіліп жүр.

Халқымыздың көру, есте ұстау, ұлттық дүние бейнесін қабылдау қабілеті ерекше дамығандығын мына мысалдармен кездестіруге болар еді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының ұлттық рухани болмысын бейнелейтін ономастиканың өмірде маңызды орын алып, олардың дала алқабы мен шөлді жайылымдары да көші-қон кезінде белгілі қызмет атқарғанын байқауға болады. «Ономастикалық атауларда этнос пен табиғат байланысын бейнелейтін атаулардың көп болуы топонимикалық нысандарға негізделгенін, қазақтардың тұрмыс-салты, этномəдени, тіршілігі мен шаруашылық түрінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болады. Белгілі бір топонимикалық нысанның түрін, түсін, пішінін, көлемін көру, ұқсату т. б. уəжі арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық этнографиялық нышандар жататынын келтіреді (Қасым Б. Қазіргі қазақ тілінің теориялық жəне қолданбалы аспектілері. (ғылыми мақалалар) [1, 371 б]

Кез келген аймақтың (аумақтың, регионның, өңірдің, өлкенің) топонимиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан: аймақтың табиғат жағдайларын, сол өлкені мекендеген халықтың көне және жаңа тарихын өн бойында сақтаған, ұлттың материалдық және рухани мәдениеттерінен көрініс бере алатын көптеген жалқы географиялық есімдер жиынтығы, кешені болып келеді. Белгілі бір аудан аумағындағы топонимдер жиынтығы аймақтық топонимиялық жүйесін құра алады, себебі кейбір аудан (барлығы емес) топонимиясы сол алғышарттар мен олардың топонимиялық көріністерінің байланысын аймақтық деңгейде паш етеді. Басқаша айтқанда, аймақтық сипат сол аудан көлеміндегі топонимиялық жүйеге тән, демек, аудан топонимиясы басқа аудандар, басқа өңірлер, өлкелер топонимиясынан өзгеше, өзіндік ерекшеліктерге ие. Қазақ ономастикасының этнолингвистикалық қырларын кең-байтақ еліміздің әр қиырын мекендеген қазақтардың шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сай қалыптасқан байқауға болады.

Қазақтың төрт түлік төресі түйе болса, қазақтың мал патшасы жылқы болған. Қазақ ертегілері мен батыр жырларында кездесетін Тайбурыл, Ақмоншақ, Сандалкөк, Бақайғыр, Тарлан, Керқұла, Шалқұйрық т. б. тұлпар аттары (зоонимдер) ұлттанымды, елтанымдық мәнге ие. Осы аталған зоонимдердің (гиппюнимдер) этномәдени коннотациясы зор, аялық білім аясына енетін когнитивтік ақпараттары мол. Жылқыға байланысты зоотопонимдер Қазақстанда көптеп саналады, сондай таулар тізімінің біразын мысал ретінде келтірейк:Атшабар, Атсалған шаты, Құлтайлақ, Бозайғыр, Торайғыр, Айғырұшқан, Қарала айғырдың түбегі, Құлажорға, Қоныратжолы, Бозат, Мыңжылқы, Сарыайғыр, Тойбаққан, Тойсойған, Тойжүрген, Тайжүрген, Қалдай аты құлаған т. б

Дүниенің топономиялық бейнесін суреттеудегі бағыт-бағдарлық таным модельінде тек қана көлемі шағын келетін кеңістікке тән микртопонимдік атаулар ғана қолданылмаған, осы бағыттық модель аясында біздің пікірімізше, өте үлкен көлемді географиялық нысандар да атау объектілеріне айналған. Мәселен, Арқа (Сарыарқа) атауының түрлі этимологиясы бар - соның бірі: тарихи мәні бар - «артымыздағы ел», «арт жақта орналасқан жұрт» дейтін болсақ, дегенмен арқа сөзінің түпкі мағынасы анатомиялық арқа (жон арқа, «спина») деген сөзге тірелетін сияқты. Сол Ұлы Жонның (Сары Арқаның) шығыс бүйіріне көне қазақтар Ерен Қабырғаны орналастырған, яғни Тянь-шань тауына сондай атау берген. Алыстағы жат жерлерді, жат елдерді топономияда белгілелеу үшін Барсакелмес, Итжеккен, Балқантау, Ұрым, Қырым т, б. топономиялық атауларды қазақтар қолданған. Жоғарыда келтірілген жер-су аттары біріншіден, «алыс», «алыстағы жер» деген ұғымды білдіреді, екіншіден, Барсакелмес және Итжеккен атаулары жағымсыз мәнде қолданылады.

«Тау»мифологиясында Көктөбеден басқада киелі таулар белгілі, олар: Қазығұрт тауы, Бектау ата тау, Алатау, Қаратау. т. б. әулиелі таулар. Жеке, дара, шошайып тұрған төбелер мен таулар киелі, қасиетті деп саналған, көп жағдайда осындай тау төбелер «Әулие немесе әулиелі» деген аттарға ие. Мысалға, Баян ауыл ауданында Әулие атты тау бар, Сарыарқаның оңтүстік-батысында Әулие шабыра, Әулие Қызыл тау атты таулар орналасқан, Жоңғар алатауындағы Лепсі өзеңі бойындағы төбе Әулие тас деп аталады, осындай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Киелі төбе тауларға байланыстықазақ фольклорында аңыздар, әңгімелер сақталған. Ол аңыз, әңгімелердің негізгі сюжеттерінде тауға, тасқа айналған адамдар мен жануарлар туралы киелі адамдардың тауда болуы, жерленуі сияқты жағдаяттар баяндалады. Ал қазақ арасында кеңінен танылған Қазығұрт тауы жайындағы аңызда осы таудың қасиеттілігі былай түсіндіріледі:

Қазығұрттың басында кеме қалған

Ол әулие болмаса неден қалған . . .

Бектау ата тауы жөніндегі аңызда осы тауда киелі аталар Бектау ата мен Беғазы аталар паналаған, Бектау ата сол таудың шыңында жерленген[ 3, 39] . Ал енді XIXғасырдың атақты геологы И. В. Мушкетовтың мәлімдеуінше Қазығұрт тауында Қазықұрт атаның қабірі бар.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
ОНОМОСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Ономастика
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы ономастикалық атаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz