Көркем еңбек пәнін оқытудың жаңартылған техникасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Көркем еңбек пәнін оқытудың жаңартылған техникасы

Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек операцияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.

Ал, «Технология» оқу пәнінің білім беру мазмұны Кеңес Одағының қалыптасуы мен дамуы барысында бірнеше рет өзгерістерге ұшырап келді. Өткен ғасырдың бас кезеңдерінде комплексті білім беру тұжырымы немесе тұрғысы бойынша оқушыларды еңбекке үйретуге бағытталған болатын. Оның басты идеясы аталған білім беру бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану, математика және гуманитарлық оқу пәндерден алған білімдерін тәжірибеде қолдануға еңбекке баулу оқу пәні аясында жүзеге асырылған. Оған үлгі ретінде, оқушылар биология оқу пәні сабақтарында өсімдік, үй жануарлары, құстар туралы білім алумен ғана шектелсе, олардың қоршаған оратағы пайда болуы, өмір сүруі, көбеюі туралы тікелей тәжірибелер жүру, сол пәннің оқу үдерісінде емес, еңбекке баулу оқу пәнінің оқу үдерісінде жүзеге асырылып келген. Оған дерек ретінде Ж. Аймаутовтың еңбегінде ұсынған комплексті бағдарламамен мектеп оқушыларын тәжірибеге оқыту мен үйрену болып табылады. Кеңес Одағы кезде әрбір мектептің ауласында тәжірибелі станциялар, үй жануарлары мен құстарды күту, олардың көбею процестерін бақылау, зерттеу, тәжірибе жүргізу сияқты іс-әрекеттер орындалып келді. Бірақ, 1930 жылдары өндірістерде шығатын өнімдердің сапасын арттыру мен түрлерін көбейтуге байланысты мемлекет тарапынан жоғары білікті мамандарды даярлау қажет етті. Соның салдарынан жалпы орта мектепте ғылым салалары бойынша оқу пәндері дербестеніп, сол уақыттан бері жалпы орта мектептің оқу пәндері, тек ғылым салалары(жеке оқу пәндері) бойынша оқушыларға білім беріп келеді.

Өткен ғасырдың 40-60 жылдары еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұны басым жергілікті аймақтардың еңбек түрлеріне сәйкес құрылып, оқушыларды сол еңбек түрлеріне үйретіп келді. Ал, 80 жылдары барлық Кеңес Одағының Республикаларындағы жалпы орта мектепке арналған типті білім беру мазмұны құрылып, сол оқу бағдарламасы бойынша 90 жылдың бас кезіне дейін сақталды. Мұнда оқу пәнінің атауы «Еңбек» болды. Осы оқу пәнінің білім беру мазмұны ағаш, метал, мата, тағам дайындау, электротехникалық жұмыстар, конструкциялық материалдарды өңдеу, ауылшаруашылық жұмыстар сияқты оқу бөлімдерінен құралған. Осы «Еңбек» оқу пәні бойынша жоғары сынып оқушылары нақты еңбек түріне бағытталған кәсіби білім алуымен де жалғасып тиімді дәстүрге айналып отырды. Бұл оқу пәнінің шектеулі еңбек түрлерінің болуындағы басты идея, оқушыларға жалпыламалық еңбек мазмұны бойынша білімі мен іскерліктерін қалыптастыру еді. Сонымен бірге, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде вариативтік оқу бағдарламасы да қалыптаса бастады. Оның атауы көркем еңбекпен байланысты болды. Мұнда оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша білім алумен бірге әр түрлі сәндік бұйымдар жасауға ұмтылдырды. 1986 жылддары Қазақстанның жалпы орта мектептерінің «Еңбек» оқу пәнініңде кеңінен сәндік-қолданбалы өнердің түрлері бойынша ұлттық бұйымдарды жасауға үйрету кеңінен орын алды. Ал, 1998 жылы Қазақстанда тұңғыш рет білім беру стандартының енгізілуіне байланысты еңбек оқу пәні «Технология» білім беру саласы деген атау беріліп, оның білім беру мазмұны күрделі өзгерістермен жетілдірілді. Осы атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұны Е. Климовтың еңбек түрлерін топтау ұсынысын ескере жасалып, оқушыларды қоғамдағы әр түрлі еңбек мазмұны бойынша таныстыру мен қарапайым еңбек тәсілдерін үйрете, олардың болашақ өзін-өзі анықтау мен өмір жолын таңдауға ықпал ететін мамандық түрін саналы таңдауға дайындау болып табылды. Технология оқу пәнінің білім беру мазмұны сегіз бөлімнен құралса, оның бір оқу бөлімі сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыруға арналған. Осы білім беру мазмұнындағы технология оқу пәні осы уақытқа дейін сақталып келді.

Олай болса, технология пәнінің білім беру мазмұнында көркем еңбектің оқу материалдарының сақталуы жаңа атаудағы оқу пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне қиындықтар туғызбайды. Оларда біршама кәсіби білімі мен іскерліктері және тәжірибелері жеткілікті.

Қорыта айтқанда, еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұнының өзгерістері мен жетілуіне ықпал еткен өндірістер мен қызмет көрсету салаларындағы еңбек түрлерінің жаңаруы мен мазмұнының өзгеріп отыруына, жалпы айтқанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, оқушылардың жаңа еңбек түрлері мен мазмұны бойынша таныстырулар жасап, олардың қарапайым еңбек тәсілдеріне үйрете, өзбетімен болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік беруге бағытталған.

Қазіргі жаңартылған білім беру үдерісінде қалыптасып отырған жаңа атаудағы «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы кіріктірілген тұрғыда білім берудің теориялық негізіне сәйкес анықталғаны белгілі. Бұл атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұнына талдаулар жасау барысында, оның тұжырымдық бөлімінде, яғни мақсаты - оқушылардың көркемдік-технологиялық білімі мен іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен ойлауын дамытуға бағытталып, еңбекке баулу оқу материалдарына басым бейімделсе, оның нәтижеге бағытталған оқыту мақсаттарының жүйесі бейнелеу өнері оқу материалдары кеңінен қарастырыла қамтылғаны байқалады. Екі оқу пәнерінің кіріктіріле құрылған мақсаты мен білім беру мазмұны арасында үйлесімділіктің толық анықталмағаны және қисынсыздықтың белгілері айқындалып отыр.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың құрылуында ескерілетін мәселе, ол кіріктіре білім беру мен оқытудың теориялық негізін ерекше көңіл аударылуы қажет еді. Ол білім беру тұрғысында екі оқу пәннің біріктірілуінде бір оқу пәнінің оқу материалының басымдылығымен анықталуды ұсынады. Бірақ, ол оқу материалы қоғамдық қажеттілікті, оқушы тұлғасының сұранысы мен қызығушылықтарын ескеруі абзал. «Көркем еңбек» оқу пәнінің атау мазмұнында да бейнелеу өнерінің оқу материалына тән белгі - «көркем» ұғымымен ғана байланысты болып қана тұр. Оның өзі де тек «механикалық» сөз құрауға ғана қажет болғаны байқалады. Шын мәнінде «көркем» сөзіне емес «еңбек» ұғымы сөйлемнің және «көркем еңбек» атаудың түйінді мәнін ашады. Олай болса, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының мақсаты орынды анықталып, ал, оқыту жүйелерінің мақсаттары және қолданылатын ресурстар бейнелеу өнер оқу материалдарына икемделіп кеткені анықталып отыр. Ал, бейнелеу өнері оқу материалы оқушылардың еңбек өнімдерін жасау барысында қолданбалы сипаттағы, яғни бұйымдарды әсемдеу мен көркемдеу тәсілдерін қолдануда ғана қажет етеді. Көркем еңбек оқу пәнінің сабақтарында оқушылар технология оқу пәнінің оқу материалдарымен тығыз жұмыстана отырып, өздерінің танымдық, тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуға толық мүмкіндіктері бар.

Көркем еңбек» оқу пәнінің атауы технология білім беру мазмұнын толық мәнін, бейнелеуін сипаттай алмайды. Өйткені, технология оқу пәнінің оқу материалы сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру ғана оқу материалымен шектелмейді. Сонымен бірге, электротехника және электроника, ауылшаруашылық өндірісі, конструкциляқ материалдарды өңдеу, тұрмыстық үй және үй экономикасы, кәсіби бағдар, қазіргі өндіріс технологиясы, техникалық шығармашылық сияқты оқу материалдары да қамтылған. Ал, біздің оқу пәнінің атауы «көркем еңбек». Олай болса, кіріктірілген білім беру мазмұны тек бейнелеу өнері мен технология оқу пәнінің сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру оқу бөліміне ғана қатысты болып отыр. Технология оқу материалының қалған оқу бөлімдеріне тән оқу пәнінің атауы, оның білім беру мазмұнын толық қамтымай отыр.

Осыған сәйкес, біздің тарапымыздан бірнеше рет ұсыныстар жасалды. Ол ұсыныс «көркем еңбек» атауды «технология және дизайн» атауына алмастыру. Оның себебі, кез-келген еңбекте маман өнімнің түрін анықтап, оның нобайын жасау кезінде техникалық, технологиялық белгілерін бірінші қарастырып, анықтап алады. Оны әсемдеу жағы екінші кезеңде орын алады. «Технология» деген ұғым пән атауының мазмұнында болуы кіріктірілген білім беру мазмұнын толық сипаттауға, ашуға мүмкіндігі жеткілікті. Кез-келген еңбек - ол белгілі технологиялық процестен құралады. Соның ішінде бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша жұмыстарды орындау технологиялық процесті құрайды. Сондықтан, «көркем еңбек» оқу пәнінің атауында технология деген ұғымды енгізу біршама білім беру мазмұнының мәнін толық ашуға мүмкіндік береді. Екіншіден, технология ұғымы қазіргі кезде өзектілігі мен қолданылуы кең таралып отырғаны белгілі.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің аталуы қазіргі қоғамның дамуы мен жетілу үдерісіне үйлесімсіздігін білдіреді. Бұл атаудың білім беру саласында қалыптасуы, ол өткен ғасырдың 80-90 жылдары Қазақстанның тәуелсіздік алып, халықтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қайта қалыпына келтіре жаңарту мен дамытумен байланысты. Соның негізінде технология оқу пәнінің оқу материалдары құрамында кеңінен «қолөнер», «сәндік-қолданбалы өнері», «көркем еңбек» деген атаулар жиі қолданылып отырды. Әрине, сол кезеңде «көркем еңбек» атауының өзектілігі жоғары болды. Бірақ, қазіргі кезде оқушыларды жалпы орта мектепте «көркем еңбек» оқу пәнінің білім беру мазмұнымен ғана шектемей, қазіргі қоғамның өндірісі мен қызмет көрсету саласындағы замануи технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалай жаңа өнімдер мен өндірістерде адамның еңбегін жеңілдете аламыз. Міне, осы қоғамның жаңа талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жас ұрпақты мектептің қабырғасында дайындау қисындылығымен жанасады.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың техникасы бойынша көзделген білім берудің тұрғылары: белсенділік, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құндылықты- бағдарланған, деңгейлеп оқыту, коммуникативтік, көркемдік-технологиялық аясында оқу процесінде оқушының үйренуі мен мұғалімнің үйрету арасындағы өзара қарым-қатынастағы оқу-танымдық іс-әрекеттердің оқыту мазмұнын құрауды анықтағаны белгілі. Бірақ, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының алдында жобалы мазмұнда дайындалған «Бейнелеу өнері» оқу пәніне жасалған оқу бағдарламасында оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдеріне: бірлескен оқыту, белсенді оқыту, саралап оқыту, мультисенсорлы оқыту, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, оқу әңгімелері, электрондық оқыту мен жаңа технологияларды қолдану, модельдеу түрлері қарастырылған болатын

Жоғарыдағы аталған оқытудың тұғырлары мен педагогикалық әдіс-тәсілдер өзара үйлесімділікті толық қанағаттандыра алмайды. Өйткені, әрбір білім берудің тұрғылары немесе моделдері педагогикалық құндылықтарды қарастыруда тұжырымды немесе ғылыми негізделген теориясы аясында оқытудың өзіне тән ғана оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту мазмұнының ерекшеліктерін қарастырады. Ол білім берудің тұрғыларында қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері Ресей Федерациясының педагог-ғалымдары мен психолог-ғалымдары біршама теориялық негіздерін қарастыра отырып, олардың оқыту әдіс-тәсілдері мен оқыту мазмұндарының үлгілері анықталған. Ал, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасында бірнеше білім берудің моделдеріндегі оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануды және жүзеге асыруды көздейді. Ал, оқу пәнінің білім беру бағдарламасында да, мұғалімдерге ұсынылған нұсқаулықтарда да сол білім беру моделдерінде қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері, әдістемелік ұсыныстары белгіленбеген. Егер пән мұғалімдері аталған білім беру тұрғыларын теориялық негізгі бойынша түсініктері болғанымен, ол оқыту әдістерін және оқыту әдістемелерін қалай қолдану тәжірибелері бойынша дәрмендігі төмен болмақ. Білім беру тұрғыларында қолданылатын әдіс-тәсілдерді оқу пәнінің оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған әдістемелік әрекеттерде, ол оқыту әдістерін қалай және қандай кездерде қолдану керек? Осы мәселеге бағдарламаны ұсынып отырған авторлар қалай жауап берек?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конструкторлық - технологиялық дағдылар
Курс жұмысының зерттеу әдістері
Көркем еңбекке баулудың теориялық негіздері мен практикумы
Визуалды өнер
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Қазақ тілі оқу пәні
Шартты бағыңқы сабақтас құрмалас
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz