Жоғары оқу орнындағы студенттердің құндылық бағдарларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Студенттердің құндылық бағдарларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, сондай-ақ қызығушылықтарын жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.

Жастардың құндылық бағдарларын қалыптастыру мәселесі өте маңызды, өйткені адамдардың осы категориясы белсенді жұмыс істеуге бейім және қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылады. Жастардың құндылықтарының қалыптасуы, адам өмірінің барлық негізгі салаларына әсер етеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» - делінген. Демек, ең жоғары құндылық және оны жасаушы да осы жеке тұлға [1] .

Студенттер білім алу және тұлға ретінде қалыптасу кезеңінде қоғам ұсынатын әртүрлі баламаларды таңдау мүмкіндігіне тап болады. Әлеуметтік өзгерістер жағдайында бұл таңдау күрделене түседі, өйткені қоғамның өзі бұрынғы құндылық бағдарларын жоғалтып, жастарға жаңа құндылықтар мен мұраттардың үйлесімді жүйесін ұсынуға, әлеуметтік дағдарыстар кезінде болып жатқан терең өзгерістерді түсінуге көмектесуге дайын емес.

Қазіргі жас ұрпақтың қалыптасуының бірегейлігі - бұл қоғам өмірінің барлық негізгі салаларындағы, ең алдымен, қоғамдық санадағы өзгерістерге сәйкес келеді. Сондықтан болашақ қоғамның моделін объективті түсіну және болжау үшін студенттік ортаны, оның құндылық бағдарларын зерттеу өзекті болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қоғамның маңызды құндылықтарының бірі - жас ұрпақтың өзі, өйткені ол адамзаттың одан әрі әлеуетті дамуының элементтерін қамтиды. Сондықтан қазақ қоғамының одан әрі дамуы бүгінгі жастардың қалай тәрбиеленетініне, оның қандай рухани мұраттары мен құндылықтарына ұмтылатынына байланысты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетілген.

Студенттердің құндылық бағдарларын зерттеудің маңыздылығы жас ұрпақтың қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік институттар, бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мазмұнын қайта қарастырып, жас ұрпақтың құндылықтарын түсінуге әсер етудің жаңа формалары мен әдістерін жасаған жөн.

Зерттеудің мақсаты: Студенттерде құндылық бағдарларды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасап, тәжірбиеде сынақтан өткізу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Құндылық бағдар ұғымының мәнін ашу және теориялық тұрғыда негіздеу;
  2. Құндылық бағдарлар студенттердің басты сапасы ретінде қарастыру;
  3. Студенттерде құндылық бағдарларды қалыптастырудың мазмұнын айқындау.
  4. Студенттерде құндылық бағдарларды қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыста тексерістен өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны: Жоғарғы оқу орнындағы психологиялық-педаогоикалық үдерісі.

Зерттеу пәні: Жоғарғы оқу орнындағы студенттерде құндылық бағдарларды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы

ЖОО студенттерінде құндылық бағдарларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтаудан; ЖОО студенттерінің кәсіби даму процесінде құндылық бағдарлары жүйесін анықтайтын факторларды анықтаудан; студенттерде құндылық бағдарларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық технологиясын негіздеуден тұрады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері . Құндылық мəселесінің əртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін, И. Д. Багаева, З. И. Васильева, Д. Ə. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын əлеуметтік тұрғыдан В. Я. Ядов, Б. Ф. Ломов қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны - адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, мінез принциптері.

Зерттеу болжамы: Студенттерді университеттегі кәсібилендіру процесінде құндылық бағдарларын қалыптастыру тиімді болады, егер:

Университеттің оқу процесінде келесі педагогикалық құрамды енгізу шарттары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында студенттердің оқуға ынтасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (Педагогика және психология мамандығы бойынша)
Жоғары оқу орындарында оқыту барысында студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оралман студенттердің құндылық бағдарларын зерттеу әдістері мен мәселелері
Жоғары оқу орнындағы психолог-студенттердің эмоционалды интеллектінің даму шарттары
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жоғары оқу орындарында оқытушы мен студент қарым-қатынасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері мен шарттары
Кредиттік жүйеде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақ этнопедагогикасы негізінде жоғары оқу орындарының студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz