Қашықтықтан оқытуда тиімді әдістерді таңдау


Омарова Қ. У.
Қашықтықтан оқытуда тиімді әдістерді таңдау
Қайырлы күн құрметті әріптестер!
2020 жыл әлем білім беру кеңістігі үшін жаңаша өзгерістерімен басталды. Бүкіл әлемге тараған COVID 2019 вирустық инфекциясы дәстүрлі өмір сүру жүйесіне көптеген өзгерістерін еңгізді. Аталмыш вирустын ықпалы еліміздегі білім беру саласындағы дәстүрлі, қалыптасқан жүйені жаңаша қашықтықтан оқыту фороматына алмастырғаны бәрімізге мәлім. Осы ретте, мектеп мұғалімдерінің мойнына жауапты жүк артылып отыр, мектептің дәстүрлі құндылықтарын сақтай отырып, жаңаша инновациялық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтықтан сабақ өткізу.
Жасыратынын жоқ, көп ата-аналар 2020-2021 жылдың бірінші тоқсаны қашықтықтан оқытудан басталады дегеннен үрейлі болып отыр. Себебі, баланы үйден қалай оқытамыз деген түрлі сауалдар туындауда. Бұл ретте мұғалімнің кәсіьилігі мен жаңа жағдайға тез бейімделіп жаңа әдістермен технологияларды тез меңгеруі маңызды болып табылады.
Сонымен қашықтықтан оқудағы тиімді әдістеріміз қандай болмақ.
Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек.
Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағыналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендерін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау.
Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағдай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қаштықтан оқыту курсының маңызды бір бөлігі. Оны көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек.
Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқытудың мынандай мақсаттарын бөліп көрсетеді:
1. Кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;
2. Белгілі мамандық бойынша педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтеру;
3. Кейбір жеке оқу пәндерінен оқушыларды экстерн-емтихан тапсыруға дайындау;
4. Белгілі профил бойынша оқушыны жоғары оқуға түсуге дайындау;
5. Мектеп немесе мектептен тыс курс бағдарламысының бөлімін, кейбір жеке пәндер мен тақырыптарды тереңдете оқыту;
6. Мектепте кейбір жеке пәндер бойынша оқушы біліміндегі, білігіндегі, дағдысындағы жетіспеушіліктерді жою;
7. Түрлі себептермен мектепке мүлдем немесе белгілі бір уаќыт аралығында келе алмайтын оқушыға мектептің базалық курсты оқыту;
8. Қызығушылығы бойынша қосымша білім алу.
Орындалған талданымдар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
1. инетрактивтік теледидар;
2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеокконференция, телепікір, онлайын-сабақ . . . ) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;
3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.
Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тікелей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақ па, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл әте қымбат технология болып отыр.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.
Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде компакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;
- инетрактивтік;
- мультмедиялық;
- ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады. Зерттеушілердің айтуынша, қашықтан оқытудың даусыз артықшылықтары мыналар:
1. Білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық ;
2. Оқу мерзімін қысқарту;
3. Қазақстан мен шет ел ЖОО-нда қатар оқу мүмкіндігі;
Студенттің ЖОО-ның географиялық орнына тәуелсіздігі.
Оқу курстарының сапасы мен құрылымы қашықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтан оқыту сапасы жоғары болғанын тәжрибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құралдарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Қашықтан оқыту формасы туралы айтқанда, құрамына; барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық көздері (желілікті қоса алғанда) : виртаулды кітапханалар, деректер базасы, консултациялық қызметтер, электрондық оқу құралдары, киберсыныптар, т. б. кіретін бір ыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау туралы айту керек. Әңгіме қашықтан оқыту туралы болып отырғанда, ол жүйеде мұғалім, оқушы және оқулық бар деп түсіну керек. Бұл оқушы мен оқытушының өзара әсері. Осыдан шығатыны, қашықтан оқыту формасын ұйымдастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтан оқытудың диактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтан оқытуды сырттай оқуға ұќсатудың қажеті жоқ, себебі, бұл жерде мұғаліммен және киберсыныптағы басқа оқушылармен тұрақты байланыс бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескеріле отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Өкінішке қарай, біздің интернетте көріп жүргендеріміз, компакт-дисклердегі электрондық оқулықтар педагогикалық талаптарға жауап бере алмайды. Осыдан барып, қашықтан оқыту курсатырын жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор.
Жоғарыда келтірілген фактілер мен мысалдар, Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін құруды және оны аймақтарда кеңейту қажеттігін көрсетеді. Бұл квалификациясы жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі конкуренцияға төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.
Қашықтықтан білім беру саласында жұмыс істейтін “Bilimland”, “Daryn. online”, “Күнделік”, “Univer”, “Zoom”, “U-study” бағдарламалар ұсынылды. Мұғалім ретінде барлық бағдарламаларға талдау жүргіздім және ыңғайлы, қолайлы болғаны ” EDUS ” бағдарламасы. Өзімнің жеке жұмыс жасап үйренуіме ұтымды - “Bilimland” бағдарламасы.
Мектеп оқушыларына қарағанда, ата-аналар қашықтан оқытудың сапасына алаңдаулы. Мұғалім WhatsApp желісінде тапсырмаларды және үй жұмысын жіберіп отырады. Балалар ” EDUS ” бағдарламасын ашып, мұғалімдердің жаңа тақырып жайлы жоспарлары мен пікірін және жіберген бейнебаяндарын көре алады. Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар. Ұжымымыздағы шұғыл және өзекті мәселелерді осы бағдарлама арқылы жүргізуге мүмкіндік туып отыр.
Оқушылар тек тапсырмаларды ғана емес, бейнежазбаларға сілтемені де қоса алады. Ал оқушылар үй тапсырмасын бұрынғы әдетпен дәптерге жазады. Жасаған жұмысын суретке түсіреді де, электронды пошта немесе WhatsApp желісі арқылы жібереді. Бұл тапсырма қағаздарын ата-анасы баласына түсіндіруге көмектесу үшін басып шығаруға да болады. Оқу материалын қашықтан үйрену қаншалықты ыңғайлы болатынын балалардың көбі ойлап жатқан жоқ.
Оқушылар қашықтан оқытуды карантин кезіндегі қызықты жаңа тәжірибе ретінде қабылдады.
Білім министрі А. Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда бойымды қорқыныш ұялады. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Оқушылар қалай қабылдар екен?» деген сұрақтар мазалады. Қазіргі оқушылар өте ақылды, дарынды, сондықтан оқушыларым еш қиналмастан оқу бағдарламасын үйіріп алып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, үлкен жауапкершілігімен белсенді түрде сабаққа қатысады. Әрине бастауыш сынып оқушыларына ата - аналардың көмегі қажет, осы тарапында ата - аналарға үлкен алғысымды білдіремін. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К. Д. Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі - уақытты үнемдей алатын болдым. Осы үнемдеген уақытымды өзімнің кәсіби деңгейім мен шеберлігімді арттыруға жұмсаймын. Сабақтың қызықты болуына көңіл аударамын. Сабақтың тақырыбына қарай қосымша тың мәліметтерді таныстырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға және пікір алмасу, пікірталастар ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға тырысамын.
Қорытынды
“Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”, ”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тəуелсіздігін қорғайтын, білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге, яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді. 6-шы сəуірден бастап барлық əріптестерім қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А. Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр. Балаларға жан -жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі (Bilimland, Аіmektep, Daryn online, learning App, т. б. ) платформаларынан ізденуде.
Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту - мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту - оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz