Еңбек тәрбиесі ақпарат құралдары арқылы мәліметтер жинақтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саламатсыз ба апай, қайырлы күн!
1. Еңбек тәрбиесі ақпарат құралдары арқылы мәліметтер жинақтау.
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Қазақстан халқына арналған Стратегиясында Бізге жергілікті деңгейде отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Бала тәрбиесінің негізі -- бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ -- бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ұлттық тәрбие - жалпы адамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын азаматтарды, ұлт мүшелерін қалыптастыру; мәдениет, тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс. Үлгі- өнеге -- жеке адамның басқаға үлгі көрсетіп, өнегесін үйретуі. Жеке тұлғаның білімділігі, еңбекқорлығы, имандылығы, үлгілі мінезқұлқы жастарға үлгі-өнеге болады. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Отбасындағы адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл - Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Әл - Фараби, Ж.Баласағұн және т. б. ұсынған отбасы тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский болды. Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский, Н. К. Крупская және т. б. педагогтар еңбектерінен кеңінен орын алған. Қазақ отбасылық тәрбиесінің теориялық, педагогикалық және психологиялық негіздерін жасауға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т. б. үлкен үлес қосты. Қазақ қауымы, ондағы отбасының тарихы, оның ерекшеліктері, ондағы бала тәрбиесі туралы Х.Арғынбаевтың, С.Мұқановтың, Д.Кішібековтың, С.Кенжеахметұлының, А.Жүнісовтың, Қ.Толыбаевтың, С. Қалиевтың, М.Оразаевтың, М.Смайлованың т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесі мәселесі кеңінен орын алып отыр. Мәселен, ана тілін, ата тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен қиын балалар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т.б.
Отбасы -- бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты -- оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы-адам баласының алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап осы ортаның түрлі жағдайына бейімделіп ер жетеді. Ал сәби сүйген әр ата-ана оның өмірінің бірінші күндерінен бастап оған негізгі тәрбиеші бола бастайды. Сондықтан отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
Адам тұлғасы дамуында еңбектің ролі
Ақпараттық технология түсінігі
Аэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру теориясы
Педагогиканың жалпы негіздері (Дәріс,тақырып бойынша тест сұрақтары, әдебиет тізбесі т.б.)
Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Пәндер