Тамақтану гигиенасы жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
5. Тамақтану гигиенасы
Тамақтану тәртібі. Ac адамның арқауы, ас ішпей адам өмір сүре алмайды. Бірақ аса тойып, мөлшерден артық ішкен астың пайдасынан зияны көбірек болады. Эр халықтың қалыптасқан түрмыс жағдайына лайық үйреншікті тағамдары болады. Дала қазақтарының үлттық тағамдары негізінен ет пен сүттен дайындалған: айран, қымыз, шүбат, май, күртірімшік, қуырдақ, ет, қазы, карта, жая, т.б. ет пен сүттің өнімдері жэне бидай, тары, арпа сияқты дәнді дақылдардың өнімдерінен жасалған нан, бауырсақ, шелпек, құймақ, коспа, т.б. тағамдардың түрлері. Ал теңіз, үлкен өзен мен көлдерді жағалай өмір сүретін жерлерде бүларға қоса, уылдырықтан, балық етінен жасалған түрлі тағамдар кеңінен қолданылады.
Көшпелі өмір салтынан түрақтылыққа ауысқаннан кейін көкөніс, жеміс, т.б азық-түлік қосылды, басқа ұлттармен араласуға байланысты тағамдардың түрлері көбейді.
Қазақ халқы сияқты басқа халықтардьщ да ғасырлар бойы қалыптасқан азық-түлігі мен тагамының түрлері бар.
Тамақтану гигиеналык талабы бойынша, үлтгық тағамдарды колдай отырып, тамақтану тәртібін, нормасын, адамның жасына лайық ауру тудырмайтын түрлерін сақтау керек.
Қазіргі ғылыми негізде тамақтанудың үш қағидасы бар: теңгерілген тамақтану (сбалансированное питание), жасына, денсаулығына сәйкес дәлдеп тамақтану (адекватное питание) және қажетгі мөлшерде тамақтану.
Теңгерілген тамақтанудатөулік бойы ішіп-жеген тағамда адам организмінің құрамы мен қызметіне қажетті және қуат беретін органикалық заттар, минерал тұздары, витаминдер, ферментгер тіршілікке қажетті мөлшерде болуы керек. Бұл қағида бойынша тамақтану тәртібі неше түрлі аурудың алдын алу шараларын жасауға негіз болады. Мысалы, дене салмағын жасына лайық бір деңгейде сақтау, семіруге жол бермеу арқылы жүрек, қан тамырлары ауруларынан сақтандырады. Бірақ валеологиялық түрғыдан алғанда тамақтанудың бүл тәртібінің ж етістіктерімен қатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, тағамның биологиялық сапасына көп көңіл аударылып, клетчатка сияқты ірі бөлшекті тағамдық заттарға назар аударылмаған, ал бүл заттар ішек-қарынның қозғалып, белсенді қьізмет атқаруына өте кажет, соның себебінен ас қорытудың ауытқулары байқалған. Екіншіден, бұл қағида қоректік заттардың калориялық мәнділігін негізге алған, ал мүндай жағдайда азық заттарын жан-жақты теңестіру оңай емес және олардың үнемі үздіксіз ас мәзірінде болуы да күдік тудырады.
Осы кемшіліктерді ескере отырып және мембраналық ас қорыту негізінде академик А. М. Уголев сәйкесті тамақтану қағидасын үсынды. Тәуліктік ас мәзірінде тез және жақсы қорытылатын органикалық қүнды қоректік заттармен қатар, баяу қорытылатын ірі молекулалы клетчатка сияқты заттар болуы тиіс. Ac қорыту мүшелерінің қабырғасында толып жатқан бездерді тітіркендіріп, олардың ферменттерін, гормондарын өндіртеді. Клетчатка қорғасын сияқты азықпен келген зілді металдарды бойына сіңіріп алып, организмді уланудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Дене үзілісінің маңыздылығы
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оқушыны медициналық – гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Пәндер