Қазақстан Республикасының 2010 және 2020 жылдардарғы салыстырмалы ақша жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Уразбекова Меруерт

Халықаралық Бизнес Университеті

Қаржы

19651

Эссе

Қазақстан Республикасының 2010 және 2020 жылдардарғы салыстырмалы ақша жүйесі

Еліміздің ақшалай жүйесін салыстырмас бұрын, ақша ұғымын және оның қолдану ортасына тоқтала кетсем. Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне мартеиал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.

Ал, енді еліміздің өткен жылдардағы ақшалай жүйесіне тоқтала кететін болсақ, нақтырақ айтқанда 2010 жылға көз салайық. Бұл жылы елімізде тұңғыш елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген өзінің халыққа жолдауында қаржы жүйесінің тұрақтылығы және орнықталған қамтамасыз етудегі жаңа міндеттерді қарастырған болатын. Осы жылы елімізде Банк жүйесінің дамуы қарқынды үлес алды . Бұл дегеніміз еліміздің дамыған елдер қатарына кіруге мүмкіндік берді. Елімізде қаржы және айналмалы банк секторлары 40%(пайызға) жоғарлады. Мемлекетте осы жылы 1 тамызда заңсыз ақша жасау бойынша қылмыстық кодекс қабылданып, ереже бұзушылықтар азайды. Мен, 2010 жылды қысқаша айтқанда еліміздің қаржы жүйесінің тұрақталуына үлкен ықпалын тигізді деп санаймын.

Ал, 2020-сыншы жыл бүкіл әлемге қиын соқсада, елімізде ақша жүйесі қат ты нашарлаған жоқ. Керісінше 2010 жылы елімізде қолма-қол ақша жүйесі дамыса, ал қызіргі таңда қарта жүйесіндегі, айнымалы ақша жүйесі дами түсті. Елімізде көптеген банк жүйелері халыққа тиімді бағдарламар ойлап тауып адамдарға үлкен көмегін тигізді. Халықтың депозит жүйесінде тұрған ақшалары бұрынғыдан жақсы қорғаныс жасалып, адамдардың сеніміне кіре алды.

Қорытындылай келе елімізде ақша жүйесі бұрынғыдан да жақсырақ дами түсіп, халыққа тиімді жағдайлар жасалуда.

ҚР 2010-2020 жылдар аралығындағы ақша жүйесі(салыстырмалы түрде)

2010(жылы)

  • Артықшылығы:қолма-қол ақша дамыды. Арнайы кодекстер қабылданды.
  • Мүмкіншілігі:Тенгенің дамуына үлес қосты. Бұл халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік берді.
  • Кемшілігі:халыққа банк мекемелерінің берген пайызы үлкен болды. Тиімді бағдарламары аз болды.
  • Қауіп-қатері:Банк жүйесінде қаражт дұрыс сақталмады.

2020(жылы)

  • Артықшылығы:Онлайн жүйе дамыды. Тиімді бағдарламар ойластырылды.
  • Мүмкіншілігі:Елімізде халықаралық төлем жүйесі қарқынды жұмыс жасады. Бұл ақшаны басқа мемлекет төлеміне айырбастаусыз-ақ төлем жасауға көмектесті(Visa, mastercard)
  • Кемшілігі:Қолма-қол ақшалай төлем азайды.
  • Қауіп қатері:Ақшалай төлем азаюынан, теңгенін өз құнын жоғалтуына әкелді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономика
Дағдарыстан кейінгі кезең
Ұлттық Банктің ақша - кредит саясатының құралдары
Отбасылардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
Жылжымайтын мүлікті бағалауда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары
Аймақтық экономикалық құралдар
Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz