Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі Абайдың еңбектерінің алатын орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі Абайдың еңбектерінің алатын орны.

Масанова Н. Н.

Қазақ Инновациялық Гуманитарлық-заң университеті.

И-223 тобы, 2курс, мамандық «биотехнология»

Ғылыми жетекші:Малғаждар Д. Б.,

Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы кең ұғым. Абай поэзиясы- өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейтесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнегеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз.
Қазіргі XXI ғасырда Абай атамыздың ұлағатты өсиеттері, барша халықты адамдық асыл қасиеттерге үндейтін ізгілікті ойлары өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымына, көзқарасына елеулі әсерін тигізуде. Сондықтан Абайдың өлеңдерін, шығармаларын сауат ашқаннан бастап оқып, бойына сіңіріп өссін деген ниетпен оқу бағдарламасына енгізілген. Сонын нәтижесінде әрбіріміз Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін білеміз. Абайдың көптеген өлеңдерін оқығанда білім мен ғылымға халықты, жастарды шақыратынын байқаймыз.
Мысалы, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?! Қазіргі жастардың арасында белең алған және күресіп келе жатқан өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ сияқты қасиеттерден аулақ болуға шақырады. Ал талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жастардың бойынан көргіміз келетін бес қасиетті атап өткен және осы қасиеттерді бойға сіңіруге үндейді. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздай Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатка жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандыранын көреміз. Қазіргі жастардың арасында белең алған және күресіп келе жатқан өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ сияқты қасиеттерден аулақ болуға шақырады. Ал талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жастардың бойынан көргіміз келетін бес қасиетті атап өткен және осы қасиеттерді бойға сіңіруге үндейді.

Тағы бір қазіргі заманда белең алған оқиғалармен ұштасып жатқан өлеңін қарастырсақ, «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. » Бұл өлең жолдарында өзгені қанша мақтағанмен, ішіне қулық сақтап, сол өзі өлердей мақтап тұрған кісісін әбден әуре етіп, сөзінен тайып шыға келетін алдампаз адамдардан аулақ жүру және кісіні биік мұратқа бастайтын, сол мұратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында, сондықтанда адам жұрттың мақтау сөзіне ермей, өзіне, өзінің адал еңбегі мен ақылына сенуі керектігін айтып өтеді. Мұрат биігіне адамды оның еңбегі мен ақылы ғана екі жақтап алып шығады. Сенгіштік, құмарпаздық, уайымшылдық, қызықшылық - бұлардың қай-қайсысы да кісі серік қылатын қасиет емес. Шын асыл жүректің түбінде жатады сол асылды таңдаған адам жүрегінің түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана табады деп алдынгы ұрпаққа өзінің ақылын айтып кетті десек те болады.

Бүгінгі өмірдің тауқыметі базар, нарық экономикасының ауыртпалығына тіреліп отырған халқы-мыздың мән-жайы, одан туындап отырған кеселдер сол Абай заманында да, бүгін де белең алып отыр. Ол Абай айтқан «Қулық саумақ көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі» - дегендей қулық, көз сүзу, тілену, адам адамның еңбек ақысын жеу арқылы өзінің мал мүлкін молайту, жастарымыздың, қала берді үлкенде-ріміздің де ісі, бүгінгі таңның ең бір жағымсыз қылықтарының бірі екеніне бәріміз де куәгерміз. Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні - малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зом-былықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз. Абай алтыншы сөзінде қазақтың «бірлік пен тірлікті» қалай түсінетінін көрсеткен. «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» деген мақалдың пәлсапалық мәні қандай? Оны дұрыс түсіне ала ма? «Қазақ ойлайды, - дейді Абай, - бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» деп. Осы ортақтықты бірлік деп түсінеді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік?» - деп Абай «бірлік» сөзінің мағынасын өзі ашып береді. «Жоқ, -дейді Абай, - бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы». Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхамбарымыз, рухани көсеміміз. Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек. Ойшыл ақынның берер өнегесі мұнымен тоқтап қалмайды. «Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде: «Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», -деп, өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді. Расымен де, осы үш қасиетті бойына тоғыстыра білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай төтеп берері анық. Осылайша, ақын әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі.
Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам – әлемнен де күрделі
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Бала ауылы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz