Балалар аурулары: жиі кездесетін түрлері, алдын алу және дәстүрлі емдеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Балалар аурулары олардың алдын алу

Балаларда жиі кездесетін бірқатар ауру түрлері бар. Олардың алдын алу шаралары оларды жұқтырмауға, ал уақтылы емдеу асқынулар мен ауыр салдарынан қашуға көмектеседі. «Балалар жиі ауырады» - деген сөзді көптеген ата-аналардан естиміз. Шынымен де солай ма?

Бұл міндетті түрде өзекті болатындай қатып қалған қағида емес, сіз үшін, егер сәби шағынан өз балаңыздың денсаулығына дұрыс көңіл бөлген болсаңыз, әрқашан алдын алу шараларының бәрін орындаңыз және ауруын дер кезінде емдеуге тырысыңыз.

Дегенмен, балабақшаларда балалар саны өте көп және сырқаттанған бала екінші, үшінші және с. с. балаларға жұқтыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан қандай аурулардың жиі кездесетінін білу керек, егер аурудан қашып құтыла алмаған жағдайда не істеу керектігін білу қажет.

Отит
Өзінің құрылысына қарай ересектерге қарағанда, балалар құлағы осы ауруды тез қабылдағыш болады. Негізінен суық тию аурулары кезінде пайда болады, құлағы қышиды, тамаққа тәбеті жоғалады, дене қызуы жоғарылайды.

Ангина
Ангинаның 2 түрі бар: суық тиюден және инфекциядан пайда болған. Екінші түрі өте қауіпті және антибиотиксіз емделуге болмайды. Симптомдары: тамақтың ауруы, дене қызуы, жұтынудың қиындығы.

Ларингит
Тамақтың қарлығуы және жөтел - осы аурудың негізгі симптомдары. Себебі - вирустық инфекция, оны тек дәрігердің қатаң бақылауымен емдеу қажет.
Гайморит
Мұрыннан су ағу салдарынан пайда болады. Оның негізгі симптомлары: мұрыннан іріңді сұйықтықтың ағуы, бас ауруы. Сонымен қатар басты еңкейткенде, жөтелде ауырсыну ұлғая түседі. Мұрны бітіп, сөйлеудің өзі қиындайды. Егер оны жер кезінде емдеп жазбаса, созылмалы иүріне ауысады.
Желшешек (ветрянка)

Денесіне бөртпелер шығып ол өсіп, оның іші мөлдір сұйыққа толып, жарылады. Желшешекпен бала кезінде ауырып кеткені дұрыс екенін бәрі де біледі, себебі одан тез жазылуға болады. Бұл шынымен де солай, ауырған жағдайда тұрақты иммунитет қалыптасады, сондықтан қайталап ауыру мүмкін емес.
Көкжөтел (коклюш)

Ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ұстама тәрізді тырысулық жөтелмен байқалады. Бастапқы кезеңде бұл ауруды антибиотиктермен емдейді.

Қызылша (корь)

Бұл ауру жиі кездеспейді, себебі жоспарлы түрде екпе жасалады. Егер екпені уақытында алмасағ ауыру мүмкіндігі жоғары болады. Симптомдары: дене қызуының бірден көтерілуі, ринит, жөтел. Содан кейін денесіне бөртпелер шығып, бірнеше аптадан кейін жазыла бастайды. Бұл аурудың қауіпті болу себебі, өкпе немесе қандай да бір басқа ағза қабынуы мүмкін.

Аурулардың алдын алу

Балалар ауруларының алдын алу шаралары өте көп. Егер соның барлығын пайдаланатын болсаңыз, онда сіздің балаңыздың денсаулығы мықты болатыны сөзсіз.

Вакцинация. Қазіргі уақытта балаларға екпе жасату төңірегінде, оның қауіпсіздігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Дәрігерлердің пікірі бір жақты - екпені жасату қажет, оларды кең тараған және өте қауіпті түрлі ауруларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін егеді. Сондықтан егер сіз кейбір ауруларды жұқтыру мүмкіндігінің алдын алғыңыз келсе, сөзсіз екпе жасатыңыз.

Гигиена. Дәретханадан кейін және ас қабылдар алдында баланы міндетті түрде қолын мұқият жууға дағдыландырыңыз. Жемістер мен көкөністерді жеу алдында міндетті түрде жуу қажет. Сонымен қатар қалған тамақты мұқият дайындап, тек қайнаған су ішу керек. Толығырақ ақпаратты http://dkb-nnov. ru/ сайтынан ала аласыздар. Дене шынықтыру және физикалық жаттығулар. Егер бала спортпен шұғылданатын болса, таза ауада ұзақ жүретін болса, онда жақсы физикалық даму әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылықты жоғарылатады. Дұрыс режим және дәрумендерге бай дұрыс тамақтану. Төсек-орын, киім, ойыншық гигиенасы - олар да маңызды құраушылар.
егер қандай да бір себептермен ауруға шалдыққан болсаңыз, онда тез арада дәрігерге қаралыңыз, оның барлық нұсқауларын мұқият орындаңыз. Уақтылы жүргізілген ем - тез сауығудың және жақсы көңіл-күйдің кепілі.

Балалар ауруы - нәрестелер мен жас балалардың арасында табиғи жағдай мен этностың өзіндік генетикалық жаратылысының ерекшелігіне байланысты жиі кездесетін сырқат, ауру түрлері.

Дәстүрлі ортада ұрпақтың өркен жайып, өсіп-өнуіне ерекше мән берген. Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі этномэдениетке және салт- дәстүрге байланысты пайымдаулардан көп балалы болу - қауым мүшелерінің мұраты болғандығы байқалады. Жас жұбайларға «көген көздерің оншақты болсын, көгендерің бұршақты болсын», деп бата беруі, беташар жырында «алдыңғы етегіңді бала бассын, артқы етегіңді мал бассын» деп келінге игі тілек білдіруі осының нақты айғағы.

Қазақ қоғамында ересектердің денсаулығы мықты, төзімді болатыны, ауруға аз шалдығатыны туралы саяхатшылар мен зерттеушілердің еңбектерінде аз айтылмаған. Алайда нәрестелер мен жас балалардың арасында тіршілік жағдайына байланысты туындайтын ауру түрлері жиі бой көрсетіп тұрған. Бала ауруын емдеу шараларын негізінен баланың күтімі мен тәрбиесіне жауапты ата-анасы мен жақындары, соның ішінде көп бала өсірген әйел адамдар жүргізген. Ал аурудың сипаты мен ауырлығына қарай емдеу шараларын емсек, тәуіп, оташы, сынықшы, бақсы сияқты«мамандандырылған» адамдар жасаған. Баланы дауалаудағы кейбір шаралар екінші жағынан сақтандыру сипатында болады және түрлі емдеу жолдары мен тәсілдерін ұштастыра кешенді түрде жүргізіледі. Жас нәрестеде жиі кездесетін ауру түрлерін халықтық эмпирикалық тәсілдермен дауалаған. Айталық, баланың қүлағына суық тиіп ауырғанда, тары қуырып, қуырылған тарыны ыстық күйінде мақта матадан тігілген кішкене қалтаға салып, қүлағына тартады; баланың тамағы ауырса, саусағын күйеге шылап, тамағын басады; егер іріңдеген болса, саусағын күйелеп іріңді жарады; жарылған ірің ішке кетпей, күйемен бірге сыртқа шығады деп білгендіктен, саусағын күйеге шылаған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазда жиі кездесетін тері аурулары: клиникасы, алдын алу және емдеу
Балалар аурулары: жұқпалы және ішек аурулары, алдын алу мен ықпалдастыра емдеу
Көз аурулары: себептері, түрлері және емдеу-алдын алу шаралары
Перифериялық қанайналымның жиі кездесетін бұзылу түрлері
Жиі кездесетін инфекциялық аурулар: тұмау, қызамық және қызылшаның клиникалық белгілері, асқынулары және алдын алу шаралары
Төлдердегі тыныс алу жүйесі аурулары: түрлері, клиникалық белгілері және алдын алу-емдеу шаралары
Мал тұяқ аурулары: қоздырғыштары, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Сүт безінің аурулары: клиникалық белгілері, жіктелуі, емдеу және алдын алу
Жаңа туған төлдердің аурулары: патологиясы, алдын-алу және емдеу
Буын аурулары: себептері, түрлері, белгілері және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz