Сорокиннің әлеуметтану саласындағы саяси және әлеуметтік қызметі


Кіріспе
Әлеуметтану терминін ең алғаш рет XIX ғасырда ғылыми қолданысқа Огюст Конт енгізген. Француз тілінен аударғанда ол (фр. socio Pogie) қоғам, әлеуметтік өмір туралы ғылым дегенді білдіреді. Әлеуметтану ғылымының дамуына және оның қалыптасуына көптеген ғалымдардың, ұлы ойшылдардың еңбегі сіңді. Олардың теориялары мен ізденістерінің нәтижесінде әлеуметтану ең жас ғылымдардың бірі болды.
Соның ішінде теориялық зертеулерінің арқасында П. Сорокиннің методикалық және теориялық тұжырымдамалары да ықпал етті. Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889 - 1968 жж. ) - тегі орыс американдық социолог, 40 - тан аса кітап, бірнеше жүз мақала жазған ғалым. Ол алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейіннен АҚШ-та қызмет ете жүріп жазды. Оның шығармалары әлеуметтанудың дамуының жаңа кезеңін бастайды. Тіпті, оның еңбектерін сынға алғандарда болды. П. Сорокиннің көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың ішінде «Әлеуметтік және мәдени динамика», «Революция әлеуметтану», «Әлеуметтік және мәдени мобильдік», «Қазіргі әлеуметтанулық, теориялар» және т. б. еңбектері бар.
Негізгі бөлім
1. П. Сорокиннің әлеуметтануға берген анықтамасы
Питирим Александрович Сорокин (1889 жылы Вологодск губерниясы, Турья елді мекені - 1968 жыл 10 ақпан, Винчестер, Массачусетс, АҚШ) - орыс-американ әлеуметтанушысы, әлеуметтік стратификацияны және әлеуметтік мобильділік теориясының негізін салушылардың бірі болып саналады. 1930 - 1959 жж. аралығында Гарвард университетінің социология факультетінің деканы болған. Әлеуметтану пәнін анықтауда оның ұғымы мен ерекшеліктерінің әрқилы қатары пайда болды. Көптеген ойшылдар мен ғалымдар әлеуметтануға қатысты өз пікірлерін айтқан болатын. Соның ішінде П. Сорокин «Әлеуметтану - топтар, әлеуметтік өзгерістер және олардың арасындағы қатынастар туралы ғылым» дейді. Қоғамның біртекті еместігін, оның түрлі әлеуметтік топтарға бөлінетіндігі туралы П. Сорокиннің теорияларынан байқауға болады. Ол қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік ауысу мәселелеріне зерттеу жүргізе отырып, оларды әлеуметтік ірі мәселелермен және қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамға қандай өзгерістер мен қызметтер әсер ететіндігін және қоғамның жалпы өзгерісін түсіндіруге тырысты. Осыған орай ол әлеуметтік институттарды, яғни мектептердің, әскердің, ұйымдардың, шіркеудің және т. б. әлеуметтік қоғамға қандай әсерлері бар екенін зерттеді. П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөлді. Теориялық әлеуметтанудың өзін ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механика адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы мен адамдардың өзара әрекет етуі, оның тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекеленген жақтары мен оған әсер ететін институттарын зертейді. Практикалық әлеуметтану теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойған мақсатқа орай қоғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға қажет.
П. Сорокин әлеуметтануды, қоғамды қанша топтарға жіктегенімен, адамдарды сыртқы болымысына қарай немесе мінез-құлығымен бөліп қарастырса да, жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзеріп отырса да, ол әруақытта бірігетіндігін көрсеткен.
2. П. Сорокиннің әлеуметтану саласындағы саяси және әлеуметтік қызметі
П. Сорокиннің әлеуметтану ғылымына үлкен еңбегі сіңген. Оның әлеуметтану саласындағы көптеген еңбектері бар. Бұл еңбектер әлеуметтік ғылымның өркендеуіне және дамуына үлесін қосты. Соның арасында «Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми қағидаларын жан - жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдары секілді құрылуы тиіс. «Табиғат» пен «мәдениет» ғылымдары бір - біріне қарама қарсы болмауы тиіс деп ойлайды. Себебі басқа ғылымдардың зерттейтін заттары әр түрлі болғанымен, ал олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей.
П. Сорокин «Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде ең алдымен әлеуметтік мінез-құлықты және адамдардың қызметін әлеуметтік топтарды және қоғам құрылымын, сонымен қатар оларда жүріп жатқан әлеуметтік ілгерілеулерді әлеуметтанудың зерттеу объектері етіп алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz