Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
\s
№1 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Жалпы тіл білімі атауы -- лингвистиканың жалпы тілдік теориялық саласы және оқу пәні деген екі мағынада қолданылады.
Жалпы тіл білімі лингвистиканың теориялық саласы ретінде XIX ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.
Дыбысты тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы -- алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалды. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсалды құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дү-ниеге келтірді.
Жалпы тіл білімі -- лингвистиканыңжалпытілдік теориясы. Ол -- бүкіл лингвистиканыңбағыт-бағдарын белгілейтін компас ғылым. Жалпы тіл білімі одақ көлемінде оқыту жүйесіне лингвистикалық пән ретінде 1963 жылдан бастап енгізілді. Бүл пәннің алға қоятын мақсаты -- оқушылардытеориялықлингвистиканыңең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында түрғанбасты-басты проблемалардан оқу программасы талабына сай жүйелі білім беру. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатысы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы өз ішінен бірнеше тарауларға, параграфтарға жіктеледі.
Лингвистиканың объектісі мен салалары. Ғылымдардың түрлі салаларға жіктелуі олардың зерттейтін объектілерінің сипатына байланысты. Ғылым объектісі деп оның зерттейтін, қарастыратын мәселелерін айтады. Объектісіз ғылым болуы мүмкін емес. Лингвистиканың объектici -- адамдардың дыбысты тілі. Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатысын да түгел алып, жан-жақты зерттейді. Лингвистика үшін дыбысты тілге қатысты мәселелердің бәpi де керек, бәрі де маңызды. Лингвистикаға даму сатысына, қоғамдық рөліне, генеологиялық, типологиялық сипаттарына, қолданушы қауымның сандық шамасына, функциялық көріністеріне қарамастан дүние жүзіндегі тіл атаулының барлығы да объект бола алады.
Дыбысты тіл -- қыры мен сыры мол, өте күрделі құбылыс. Оны бip ғана тәсілмен, бip бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Бұл жағдай тіл білімінің түрлі салаларға бөлшектенуін туғызады және зерттеу iciн түрлі бағытта, түрлі мақсатта жүргізуді қажет етеді. Лингвистикада тіл білімінін алдымен жеке тілдер туралы ғылым, жалпы тіл білімі деп eкi топқа бөледі. Же­ке немесе туыстас тілдерді зерттейтін ғылым сол тілдің немесе тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек немесе орыс тіл білімі, болмаса түркология т. б. Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ универсалды мәселелерді зерттейтін саласы -- жалпы тіл білімі деп аталады.
Тіл туралы ғылымның алғашқы қадамы жеке тілдерді сипаттаудан басталған. Ондай сипаттау тілдің құрылымдық салаларын айқындауға арналған. Тіл құрылымын зерттеу күні бүгінге дейін жеке тілдер туралы ғылымның негізгі объектілерінің бipi. Осыған сәйкес жеке тілдер туралы ғылымды өз ішінен: фонетика, фо­нология, лексикология, семасиология, морфология, син­таксис, диалектология т. б. деп бөлушілік бар.
Лингвистиканың жеке тілдерді я тілдер тобын зерттейтін саласы сол өзі зерттеп отырған тілге қатысты мәселелерді сөз етеді, оның сүйенетін материалдары да, одан шығаратын қорытындылары да сол тілге тән болады.
Жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән универсалды мәселелерді қарастырады. Дүние жүзіндегі тілдер қаншама көп және құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бip-бipiнe ұқсас, бәpiнe тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар. Мысалы, тілдің бәpi де адамдардың өзара қатынас құралы. Тілдердің қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем дегендер болады. Бұл тілдер құрамды бөлшектері жағынан бірыңғай, біркелкі болады деген сөз. Тіл атаулының, тілдік элементтердің қай-қайсысы да бip қалыпта қалып қоймайды, езгеріске ұшырап, дамып отырады. Сонымен бipre, дамуға, езгеpicкe түрткі болатын әр алуан iшкi және сыртқы себептер тілдер тарихының, қай-қайсысында болса да кездеседі. Бұл да барлық тілдерге ортақ жалпы заңдылық. Тіл туындыларының не ауызекі немесе- жазба түрде болатыны да тіл атаулының барлығына тән. Айта берсек, барша тілдерге ортақ осындай қасиеттер аз емес. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән сондай ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз етеді. Зерттейтін объектісі -- жалпы тілдің заңдылық болғандықтан, одан шығаратын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Cөйтіп, жалпы тіл білімі -- тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пән. Оның негізгі мақсаты -- тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
Тілдің пайда болуы және жалпы тіл білімі
Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Ежелгі дәуір тіл білімі
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Пәндер