АРАМ ХАЧАТУРЯН ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АРАМ ХАЧАТУРЯН ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Арам Хачатурян -- XX ғасырдың ұлы композиторы. Оның шығармаларына ерекше өмірлік күш-қуат, көркемдік пен оптимизм белгілері тән. Әлем музыкасына танымал Гаянэ балеті мен фортепьянолық және скрипкалық концерттерінде композитор туған елінің музыкасын өте шебер пайдаланған.
А.Хачатурян шығармашылығы орыс классикалық музыкасымен де тығыз байланысты. Оның кейбір шығармаларынан батыс музыкасының әсерін де аңғаруға болады. Композитор шығармалары өз елінде де, сырт жерлерде де жақсы танымал.
Арам Ильич Хачатурян 1903 жылы 6 маусымда Тбилиси қаласында туылған. Жас кезінен бастап музыканы ұнатып, халық әндерін құмарта тыңдайды. Өзі де ән салып, фортепьянода сүйемелдейді. 1921 жылы болашақ композитор Москва қаласына келеді. Араға бір жыл салып Гнесин атындағы музыкалық техникумға оқуға қабылданады. Алғаш виолончель, фортепьяно, артынан композиция мамандығы бойынша оқып, М.Гнесиннен дәріс алады. Профессор ұстазы шәкіртінің бойындағы талантын көріп, оны өз елінің музыкасын классикаоық жанрларда қолдану тәсілдеріне баулиды. 1926 жылы Арам алғашқы скрипка мен фортепьяноға арналған Би музыкасын жазады. Келесі жылы фортепьяноға арналып жазылған Поэмасы да өзінің ұлттық музыкалық тілімен көпшіліктің назарына іліккен.
1929 жыпы А.Хачатурян Москва консерваяториясына түсіп, М.Гнесин мен Н.Мясковскийлерден дәріс алады. Аспаптау пәні бойынша С.Василенкода оқиды. Студент кезінде Хачатурян көптеген музыкалық шығармалар жазады. Солардың арасынан фортепьяноға арналған Токкато (1932), фортепьяно, скрипка және кларнетке арналған трио (1932), симфониялық оркестрге арналған Би сюиталары (1933) музыкалық ұжымдардың репертуарынан орын алды.
Үрмелі аспаптар оркестріне арналған екі марш композитордың музыкалық-көпшілік жанрларға деген қызығушылығын байқатады. Осы кезеңде композитор скрипка мен фортепьяноға арналған сонатасын, ішекті аспаптар квартетіне арнап қосарлы фуга, альт пен фортепьяноға арнап сюиталарын жазған.
А.Хачатурянның алғашқы симфониясы 1934 жылы Арменияның 15 жылдығына орай жазылған. Осы шығармасымен қатар оркестрге арнап Би сюитасын жазған.
А.Хачатурян консерваторияны 1934 жылы алтын медальмен аяктап, Н.Мясковский класына аспирантураға қабылданады. Осы жылдары оның композиторлық шеберлігі жетіле түсіп, бірқатар көркем шығармалар жазады. Солардың елеулісі -- фортепьяно мен оркестрге арналған концерт. Шығарма бірден кеңес және шетел орындаушыларының репертуарына кірген. Онда композитор армян музыкасының музыкалық-әуендік, ладтық, ырғактық және тембрлік ерекшеліктерін өзара байланыстыра қолданған.
30-жылдардың орта шенінен бастап А.Хачатурян композиторлық және қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Алғаш ол Москва Композиторлар одағы төрағасының орынбасары болып сайланады. 1938 жылы КСРО композиторларының Ұйымдастыру комитеті терағасының орынбасары болып қызмет атқарады.
30 -- 40-жылдары А.Хачатурян кинофильмдер мен драмалық спектакльдерге музыка жазады. 1939 жылы Ереван театрына арнап Бақыт атты балет жазады. Бұл шығарма армян музыкасының Москвадағы он күндігінде орындалып, аса жоғары бағаланған.
1940 жылы композитор өзінің аса көркем шығармаларының бірі -- скрипка мен оркестрге арналған концертін жазады. Концертті автор оның алғашқы орындаушысы Д.Ойстрахқа арнайды. Фортепьянолық концерті секілді бұл шығарма да асқан темпераменті, толқып, арнасынан тасып жатқан қуаты және шеберлігімен дараланады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында А.Хачатурян Москва Композиторлар одағы жанындағы әскери комиссия жұмысына қатысып, Капитан Гастелло туралы ән жазады. Ұлы Отан соғысының батырларына арнаған үрмелі аспаптар оркестріне арналған маршы да көпшіліктің ілтипатына ие болған. 1944 жылы композитор Армян КСР-ның гимніне жарияланған конкурсқа қатысып, оның жеңімпазы атанады.
Композитор шығармашылығы мұнымен ғана шектелмейді. Ол 1942 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
100 жылдық соғыс
Классикалық билердің элементтері, вальспен танысу
Отан тарихы
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Музыкалық терапия
Мысыр мәдениеті. Египеттегі пирамидалар
Музыкалық білім мамандығы
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Классицизм дегеніміз не?
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Пәндер