Неврологиялық препараттар. Паркинсон ауруы кезінде қолданылатын препараттар


Орындaғaн: Құлтаева А. Ә. Тобы: В-ЖМҚБ-03-16 Қaбылдaғaн: Айткулова Л. А. Шымкент 2019 ж Неврология термині-(neurologia, грек, neuron-жүйке, logos-ілім) медицинаның жүйке жүйесін зерттейтін бөлімі. Яғни бұл салада жүйке жүйесінің патологиясы мен нормасы, басқада мүшелерге әсері және емін қарастырады. Жүйке жүйесінің кез-келген ауруларын неврология деп атауға болады. Неврология медицинадағы пәндермен тығыз байланысты. Атап айтар болсақ анатомия, ангиология, нейрогенетика, физиология, психиатрия сынды пәндермен тығыз байланыста жүреді. Осы пәндер арқылы неврология саласын жан жақты меңгеріп, адам организміне әсерін, қызметінің қалай жүзеге асатынын үйреніп жатырмыз. Жүйке жүйесі организмге орналасуына байланысты орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Жүйке жүйесі мүшелерінің негізін жүйке ұлпасы құрап тұрады. Ал жүйке ұлпасының рефлекторлық қызметін нейроциттер атқарады. Неврологияда негізгі симптомдарға мән берсек, ішінде типтік шағымдарға көңіл аударамыз: Құлақтағы шу; Бастың айналуы; Ұйқының бұзылуы және жалпы әлсіздік болуы; Тез шаршағыштық; Тәбеттің нашарлауы; Тактильді галлюцинация; Сананың бұзылуы, амнезия, қысқа мерзімді есте сақтау; Сөйлеудегі кемістіктер; Жалпы жүйке жүйесінің бұзылысын туындататын себепкер ықпалдар яғни этиологиясына қарасақ: Эндогенді фактор және Экзогенді фактор болып екіге бөлінеді: Эндогенді фактордың өзі екіге бөлінеді: 1) Бастапқы эндогенді фактор, нейронның хромосомдық және генетикалық аппараттардың тұқымқуалаушылық аурулары, эндогендік психоздар, Даун синдромы, ОЖЖ нің қан айналым бұзылыстары 2) Екінші реттегі эндогенді фактор, патогенездік факторлар көрсетеді яғни нейрондардағы өзгерістер нейромедиаторларды тану мен бөліп шығару бұзылыстары жүйке тіндерінде антидене түзілулер орын алады. Неврологияны емдеу ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Себебі көптеген нейроаурулар созылмалы болып келеді. Неврологиялық аурулар туралы ақпарат алудың бірнеше жолдары: 1) Анамнез жинап, обьективті мәліметтерді тіркеу; 2) Рефлекстерді тексеру мақсатында неврологиялық тесттер; 3) Аппараттық зерттеулер: 4) Компьютерлік және магниттік резонанстық томография, Электроэнцефалография, Нейромиография, Рентгенография, УДЗ, Доплерография, ЭКГ; 5) Зертханалық зертеулер: Қан талдауы: Жағындылар: Люмбальді сұйықтық: Тіндер цитологиясы: Неврологияда қолданылатын дәрілік препараттар: Қолданылатын препараттар түрлері өте көп яғни науқастың халіне қарай тағайындау керек. Ондай дәрілік топтарға:Психотропты заттар екіге бөлінеді:Психолептикалық заттар:антипсихотиктер, транквилизаторлар, тимоизолептиктер. Психоаналептикалық заттар:психостимуляторлар, антидепресанттар, нейрометоболитикалық стимуляторлар. Соның ішінде психостиуляторларға жататын Кофеин препаратын алып қарасақ. Кофеин Қолданылуы:Наркотикалық заттармен уланғанда, бас ми қан тамырларының жиырылуларында, физикалық жұмыс атқарудың төмендеуі, шаршағыштық т. б. Жанама әсері:Мазасыздық шақырады, қозғыштық, ұйқысыздық, тахикардия, қан қысымның жоғарылауы, жүрек айну, құсу, ұзақ уақыттар бойы қабылдағанда дәріге деген тәуелділік туындауы мүмкін. Қарсы көрсеткіштері:Қан қысымы жоғары адамдарға, жүрек қан\тамыр аурулары бар науқастарға, дәріге сезімталдығы жоғары адамдарға, глаукома, жасы ұлғайған кісілерге қолдануға болмайды. Артық дозалануы:препаратты дозасынан артық қабылдаған жағдайда \тәу. 300мг немесе табиғи кофені 150 мл асатын 4 кесе ішкен жағдайда\бас ауруын, мазасыздық, жүректік экстрасистола шақыруы мүмкін. Паркинсон ауруы Паркинсон ауруы дегеніміз-бас миының созылмалы прогрессирленген, қимыл қозғалыстың тыныштық жағдайындағы діріл көрінетін жүйке жүйесінің дегенеративті ауруы. Ауру жер бетіндегі 100 000 мың адамның 60-140 жиілікте кездеседі. Адам жасы ұлғайған сайын жиілігіде арта түседі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда жиірек ауырады. Паркинсон ауруының негізі мидағы қара субстанция нейрондар азайып кетуімен және де ондағы Леви денешігінің құрылуында жатыр. Этиологиясы: Жүйке жүйесінің жедел және созылмалы инфекциясынан кейін дамуы мүмкін; Ми қан айналымдарына жедел және созылмалы ақаулары; Жүйке жүйесі ісіктері және травмасы; Тұқымқуалаушылық, аутосомдық доминантты түрінде кездеседі; Және де Паркинсон ауруы фенотиазинді топтағы дәрілерді, аминозин, трифтазин, метилдофа, кейбір наркотикалық әсері бар заттарды ұзақ уақыт тоқтатпай қабылдағаннан пайда болуы мүмкін. Патогенезі: Патогенезі негізіне, экстрапиримидті жүйедегі дофамин алмасудың бұзылысы жатады. Дофамин бұл қозғалыс актілеріне көмектесіп, медиаторлы қызметті атқарады. Оның негізгі түзілетін орны қара субстанция. Паркинсон ауруы кезіндегі клиникалық көрінісі: Ауалы жастық тәрізді симптом; Бір қалыпты баяу сөйлеу; Тыныштық жағдайдағы ретті діріл; Брадикинезия; Негізгі клиникалық көрінісі, акинетикоригидті немесе гипертонико, гипокинетикалық синдромдармен көрінеді. Науқаста өзіне ыңғайлы бүгілген поза, басы мен денесі алға қарай еңкейген, шынтақ саусақ фалангалары бүгілген болады. Даусы ақырындап шығады сөздің соңында даусы өшіп қалады. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz