Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесінің тарихи және көркем-идеологиялық талдауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі.

«Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесін ашпас бұрын үнді халқының ғалымы Жавахарлар Нерудің «Отарлы елдің тарихын, отарлаушы ел жазады» деген астарлы сөзіне емеурін білдіру арқылы сөзімді бастасам деп едім.

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы 20 ғасырдағы қазақ және әлем әдебиетіндегі ерекше көркем құбылыс. Суреткер өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының рухын, ұлттық болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абайдың мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралық таныммен сомдаған. ''Абай жолы'' эпопеясын суреткер шебер композицияға, сюжетке құра білді. Жазушы романда қажы бейнесін сан-алуан оқиға үстінде әр түрлі мінез-қылығымен көрсеткен, тұңғиық сыры терең, қалтарысы, бұрылысы, сұмдығы мен жауыздығы, қайраты мен қажыры, шешендік алғырлығы мен ақыл-айласы бойына тұтаса біткен жан бейнесінде өрнектелген. Оның сырт пішінінен ішін тану қиын. Қатпары көп ішкі жан дүниесінде бұғып жатқан сырлар сыртқа бірден теппейді, бергісін көрсетіп, әріде, тереңде, қалтарыста жатқанын ішінде бүгіп қалады.

«Абай жолы» романының бірінші-ақ бөлімінен Құнанбайдың қатігез тұсын көрсетеді. Романның бірінші томында Қодар мен Қамқа трагедиясы көтеріледі. Ел аузы: «Қамқа мен Қодар» зинақорлыққа барған деседі. Қамқа - келіні, Қодар - атасы. Барлау өткізген Құнанбай атасы мен келінін шариғат жолымен жазалауды жөн көріп, дарға асады. Аталмыш кейіпкерлерді кеңестік кезең бейшара, әділетсіздіктің бейкүнә құрбандары етіп бейнелеген. Құнанбайды қатыгез, шариғат үкімдерін жамылып алып, жазықсыз жандардың жанын қиған зұлым етіп көрсеткен. Ал бұл оқиға романда Абай қаладан Шыңғысқа қайтып келген уақытта 13 жасар бала кейпінде куә болады. Түптеп келгенде бұл оқиға Абайдан ілгерірек заманда болған екен, шамамен 1834-1840 жылдары. Романды оқып отырсақ, бұл деректердің тарихи шындықпен жанаспайтындығын көреміз. Сондай-ақ романдағы «Әмір мен Үмітей» атты екі жастың махаббаты да баса назарда айтылады. Эпопеядағы бұл оқиғаның түбіне үңіліп қарар болсақ, жүрек жарасының қанын судай сорғалатар махаббат. Біржан сал Абай ауылында қонақ болған тұста осы екі кейіпкер бір-біріне ынтық болып, жүректеріне махаббат ұшқынын ұялатқан сезім ұшқыны «Әмір мен Үмітей арасында пайда болады. Осы жағдайды естіген Құнанбайды романда қалай бейнелеген? Ызаның ырқына жіпсіз байланған буындарын ашу байлап, қатыгездіктің апанына еніп барып, қос қолын құбылаға бұрып теріс батасын береді. Құнанбай - даланың сұмы, қу әміршісі соншалықты қатыгез, мейірімсіз, парақор біреу екеніне тарихи айғақ керек. Тек тарихи шындық қана ақиқатты ажыратып, көркем тұжырым жасауға негіз қалайды. Көркем шындықты желеу етіп қайырымдыны - қатыгез, ақылдыны - қу, мал тауып, жан бағып, жақсы өмір сүргенді пайдақор, байлығының орынын тауып жұмсағанды - парақор, билік тізгінін мықты ұстағанды зорлықшыл етіп көрсетуге болмайды. Қаталдық - қатыгездік емес. Құнанбайдың ұстанған жолы әділ де күшті билік. Құнанбайдың тарихи дәйегі «Абай жолы» романы. Бұл романда әкесі «жаман», ұлы «жақсы», демек, Абай жаманнан туған жақсы болып шығады. Осы оқиғалар үшін Құнанбайға қарғыс қамыты кигізілді. Абайдың арашада жүруі сиымды да сенімді. Тіпті көркем шығармада солай-ақ көрсетілсін. Бірақ кейіпкер емес, тарихи тұлға - Құнанбайды қиянаттың қылбұрауымен қылғындыруға болмайды. Өкінішке орай, көпшілік қауым көркем шындықты өмірлік шындық деп қабылдап, қиялға сенуменен келеді. Тіпті бұл ұғым жалпы ұлтқа сіңісті болып кетті. «Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ» - деген Құнанбайдың «айыбын» исі қазақ қауымы жарты ғасыр бойы бетіне басты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесінің идеологиялық және көркемдік талдауы
Абай жолы эпопеясындағы Құнанбай бейнесінің тарихи және көркем талдауы
М. Әуезовтің Абай жолы романындағы Абай бейнесінің әдеби-тарихи зерттеуі
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы туынды үстеулердің сипаттамасы
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: драматургия, Абай жолы және тарихи шындық
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы эпопеясының көркемдік-тарихи ерекшеліктері
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы қос сөздердің лексикалық-грамматикалық сипаты
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы әдет-ғұрып пен тұрмыс-салт лексикасының лингвистикалық талдауы
М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясында өмір шындығы, көркем шешім және көркем уақыт
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясында қазақ ұлттық салт-дәстүрлерінің көркем бейнеленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz