Бастауыш сыныптардағы жаңартылған білім беру бағдарламасы: маңызы, ерекшеліктері және мақсат-міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Садвакасова Айнура. 1-тапсырма.

1. Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы.

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны.

Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылған. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылған: қарым-қатынас жасау дағдылары, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы-баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушының өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білуге баулу. Осы міндет ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болулары үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек.

2. Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігі.

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.

2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі

4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру

6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) ;

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау) ;

3. Шығармашылық ойлау дағдысы

4. Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7. Критикалық ойлау дағдысы

8. Проблемалық ойлау дағдысы

9. Технологиялық ойлау дағдысы

10. Тілдік құзіреттілік дағдысы

11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

Сонымен қатар бұл бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған. Бұрынғы бағдарламадан ерекшелігі, оқушыны дайын білімді меңгеруге емес, өздігінен ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардан күтілетін нәтиже оқу мақсаттарына сай болады. Өтілетін тақырыпты қайталатып, тереңдете меңгеруге мүмкіндік береді.

3. Жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты - мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамыту және критериалды бағалауды енгізу болып табылады.

Елімізде қолға алынып жатқан білім реформасының басты мақсат-міндеттері-оқушылардың өз беттерінше еңбектенулеріне жағдай жасап, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу. Нақтылап айтқанда, Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша енді мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп, сабақты тәптіштеп түсіндірмейді. Ол тек оқушының өз бетімен оқып-ізденуіне жағдай туғызатын болады.

- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен танысу;

- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

- Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

- Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптардағы оқыту әдіс-тәсілдерінің теориясы мен тәжірибесі
Жаңартылған білім мазмұны негізіндегі бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту әдіс-тәсілдері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7-сыныпта физика пәнін оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта жаңартылған білім беру аясындағы дәстүрлі емес сабақ формалары
Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мектепке дейінгі тәрбие мен бастауышқа бейімдеу
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушы әрекетін бақылау және бағалаудың тиімді әдістері
Бастауыш сынып математика сабақтарындағы жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімділігі мен сабақ жоспарлаудың ерекшеліктері
Экологиялық білім беру бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері және ұйымдастыруы
Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары мен мазмұндық ерекшеліктері: бастауыш сыныптардағы шет тілін оқыту мысалында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz