Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Беделді тарихшы әрі философтардың бірі Йорн Рюзен "Тарихи сана" түсінігін "Тарих бүгінгі күнді түсіну үшін және болашаққа үмітпен қарау үшін интерпретацияланады",- деп сипаттаған. Ал философ ғалым Бақытжан Сатершиновтың айтуынша "Тарихи сана - бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады".
Мен осы тұжырымдармен келісемін. Сонда да менің ойымша "тарихи сана" дегеніміз - белгілі бір уақытта өмір сүретін тұлғаның өзінің бір, жеке тарихқа деген көз-қарасы. Адамның өткенгі, бүгінгі және болашақ жайлы ойлайтын ойы. Йорн Рюзеннің айтуынша "Тарихи сана уақытпен өзгереді". Мен осы қағидамен толықтай келісемін. Менің ойымша тарихи сана уақытқа тәуелді, себебі адамдардың ойы уақытпен өзгереді.
Мемлекеттің тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі өте маңызды. Себебі мемлекеттегі саясат арқылы біз өзіміздің тарихи санамызды жетілдіруге мүмкіндік аламыз.
Қазіргі таңда жастарда тарихи сана қалыптасуы үлкен проблема. Менің ойымша жас ұрпақтың тарихи санасының қалыптасуына көптеген тарихи фильмдер, пьессалар, видеолар және суреттер тиімді көмектеседі. Қазіргі жастар тарихты фильмдер арқылы біліп, өз көздерімен көргеннен кейін бірге жиналып ынта-қалаумен сол сюжеттерді талқыласа, тарихи сана түсінігі кеңінен қалыптасып, дамиды. Менің осындай ойым тиімді екендігіне мен сенімдімін. Себебі, біздің елімізде "Мәдени мұра" атты мемлекеттік бағдарлама зерттеулер жүргізген болатын. Сол зерттеулер бойынша еліміздегі халықтың көп пайызының тарих жайлы білімі дағдарысқа ие. Олардың айтуынша мектептегі білім беру жүйесі айтарлықтай жемісті емес. Керісінше бұхара халықтың топтасып, бірге талқылаған тарихи мәліметтері олардың жадында сақталып, тарихи сананың қалыптасатындығы анықталған.
Қорытындылай келе, тарихи сананың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді және ең тиімдісі бірге талқылап, өз ойын жеткізу. Ол үшін мемлекет тарапынан сапылы фильмдер шығарылып көптеген дебаттар ұйымдастырылуы қажет.

Қазақ хандығының құрылуы өте қиын және ұзақ болды. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Ұрыс ханның тұқымдары -- Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
15 ғасыр орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Ал Бұрындық болса ұлыс басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарын орындап жүреді. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы -- XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Ұлттық сананы қалыптастыру
Тарихи сана термині
Батыс Қазақстанның дәстүрлі аспаптық музыкасының өкілдері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Этностық өзіндік сананың дамуы
Пәндер