МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Тараз қаласы № 3 бөбекжай
Рыскулбекова Аида Қалдарбекқызы
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда;
1. Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп;
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап;
3. Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп;
4. Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ;
5. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп ;
6. Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып;
7. Әлеуметтік -мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп;
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде. Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.
Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек. » деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.
Мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.
Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген. Балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша түрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған. Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу. Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми - әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
- Тәрбиеші сәтсіз өткен оқыту іс-әрекеттерінде өзіндік талдау жасап, өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек;
- Тәрбие мен оқытуда педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылыққа талпыну қажет;
- Тәрбиеші күнделікті әр оқыту әрекетіне шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ тәрбиешінің өнері, шығармасы. Сондықтан әр әрекетті тиімді ұйымдастыруда баланы жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуіміз керек.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады.
Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдары: аудио, видео, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және т. б. жатады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымында инновациялық технологиялардың қолданылуы жемісті нәтиже беруде. Жас ұрпақтың тәрбиелі, білімді, жеке тұлға болуына жол сілтейді.
Заманауи ақпараттық технологияларды сауатты қолдану балаларды оқуға ынталандыруға зор әсерін береді. Нақты шынайы нәрселерді құруға немесе құбылысты түспен, қозғалысты дыбыспен түрлендіруіне мүмкіндік береді. Бұл балалардың қабілеттерін мейлінше кеңінен ашуға, ақыл-ой әрекетін белсендіруге ықпал етеді. Дамыта оқыту технолгиясын балабақшада пайдаланауда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу. Дамыта оқыту технологиясының ой толғаныс әдісі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын ашуда қолданылады, мысалы, жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы. Ассоциация әдісінде берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады немесе суреттер қойылады, мысалы, «Жалпы отбасы» - ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні. Салыстыру әдісінде балалар обьектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды, мысалы, алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма береді, мысалы, «Пішіндер» тақырыбында: 1-топ: үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау. 2-топ: жіпті пайдалана отырып, әртүрлі пішіндерді жасау. 3-топ: санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру. Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.
Бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыру және оның насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі мекеменің ең басты міндеттерінің бірі - бала денсаулығын сақтау және байыту. Денсаулық сақтау технологиясында - балалардың мықты, шымыр етіп өсіріп, құлқына жайдарлықты дарыту тек ата-аналардың ғана мәселесі емес, сонымен қатар, әрбір мектепке дейінгі ұйымның міндеті болып отыр. Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру тәрбиесіндегі негізгі мәселесі - денсаулық күйін жақсарту мен физиологиялық даму, жұмысқа қабілеттілігін арттыру, даму үстіндегі жас функционалды мүмкіндіктерін кеңейту мен қозғалыс, қимыл дағдыларын қалыптастыру. Дене шынықтыру тәрбиесі балалардың бойында салауатты өмір сүруге, күнделікті физикалық жаттығулар жасауға, спортқа деген қызығушылықты арттыра отырып, ойлау қабілетін дамытып, сол арқылы тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру. Мықты денсаулықтың, дененің жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі - осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады.
Сонымен қатар балабақшада құм терапиясын да пайдаланған жөн. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді, олар не істеу керектігін түсінем дегенше, олардың қолы өздігінен құмды шашып, тунельдер мен қаланы сала бастайды. Егер оған әртүрлі пішінді құммен ойнауға арналған ойыншықтарды қосса, онда ғажайып әлем пайда болып, бала сол әлемге толығымен кіріп кетеді. Құммен ойнау баланың психологиялық ауыр күйлерден арылуға септігін тигізеді, бала өзге, өз әлеміне, құм әлеміне аяқ басып, өзінің ғажап ойларын құмда іске асырып, ішкі сезімдерін реттеуге, бағындыруға, басқаруға септігін тигізеді. Бала құммен ойнау барысында өзінің терең эмоциялық сезімдерін шығара алады, ол бастан өткергенді және қорқыныш сезімдерінен арылады. Құм баланың әрекетіне әсер етеді. Балабақшадағы балаларға құммен ойнаудағы бірнеше жаттығуларды ұсынуға болады. Мысалы, «Сәлеметсің бе, құм?» жаттығуында баланың психологиялық тежелуін қалыпқа келтіру. Тәрбиеші балалардан «құммен амандасуды» сұрайды, балалар әртүрлі әдіспен құмға қол тигізеді, құмға кезекпен бір-бірлеп саусақтарын тигізеді, сосын екінші қолын, соңында түгел саусақтарын тигізеді, жұдырығына құмды сәл не қаттырақ қысып, сосын оны жайлап құмдыққа төгеді. Құмға алақанын түгел қояды, алдымен ішкі, сосын сырт жағымен, құмды саусақтарымен, алақанымен үйкелеп көреді. «Құмды жаңбыр» жаттығуы, балаларда бұлшық ет тежелуін, әлсіреуді қалыпқа келтіреді, бала жәймен, сосын тез құмды өз алақанынан құмдыққа, өз алақанына, тәрбиешінің алақанына себелейді, көзін жұмып, құмға алақанын қояды, тәрбиеші оның бір саусағына құм себеді, ал бала сол саусақты атайды. Осындай терапияның негізгі мақсаты - баланы өзгерту емес, оны қажетті іс-әрекетке үйрету емес, өзі болуға мүмкіндік беру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz