Атом материя құрылымының негізі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ермұхан Нұртілеу 1-015 ОМ

Эссе

Тақырыбы: Атом материя құрылымының негізі ретінде

Макро-микро-ультромикроэлементтер, p-d-элементтер және олардың медицинада қолданылуы.

АТОМ. Қазіргі таңда атомдар туралы өте көп информация бар. Меның түсінігім бойынша, бізді қоршаған әлем атомдардан құралған. Дем алатын ауамызда, жерде, тіпті өзіміздің денемізде атомдардан құралған. Атомдар кез-келген материяның құррамдас бөлігі, олардың қаншалықты шағын екенін елестету қиын атомның ені 0, 1мм(миллионнан бір милиметрдың оннан бірін) ғана құрайды.

Әр атом үш негізгі элементар бөлшектерден тұрады, олар; протондар, нейтрондар және электрондар. Атомның көп бөлігі бос кеңістіктен тұрады. Оның ортасында шағын ғана тығыз шар болады оны - ядро деп атайды. Және ядро атом массасының 99% ын құрайды. Протондар мен нейтрондар ядроның ішінде орналасады. Ядро атом көлемінің трилллионнан бір бөлігін құрaсада, атом массасының басым бөлігі осы ядроға келеді. Протондар әрдайым оң зарядталған ал нейтрондардың заряды болмайды. Ядроны қоршаған бос кеңістікте жұрген теріс зарядталған электрондар. Олар атомды айнала қозғалады. Атомдағы электрон саны мен протон саны тең болып келеді. Оң және теріс зарядтар тең болғандықтан, атомдар әрқашан бейтарп болады. Жалпы барлық атомдарды бір бірінен ерекшелейтін протондар саны. Ол атомдық нөмір деп аталады екен. Cол арқылы яғни атом нөмірі арқылы біз металлдарды алтынның алтын, күмістің күміс екенін ажыратамыз. Ең жеңіл атом ол сутек атомы. Ол бір ғана протоннан тұрады. Атом құрамында 2 протон болса, онда ол гелий, сегіз протон болса оттегі атомы болғаны. Атом құрамындағы элетрондар мен протон сандары бірдей болғандықтан, атомдық номер атомдағы электрон саны жайындада дерек береді. Ол оз алдына элементтің реакцияға тұсу қабілетіне ықпал етеді

Атомның өзі де күрделі бөлшек екенін, ал ядро мен электрондардан тұратынын айттыс. Енді осы электрондар ядроның төңірегінде қандай заңдылықтармен орналасатынын айтайын.

Жаңа ғана айтқандай атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады екен. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды, N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны N = 2n2 формуласымен анықталады.

Адам үшін және бүкіл табиғатқа маңызы бар элементтер, олар микро макро және ультрамикроэлементтер

МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР - топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0, 01 - 0, 1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т. б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В. Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады.

Микроэлементтер сонымен қатар медицинада және адам өмірінде маңызы зор. Мысалы Fe, Cu, Co осы элементтер адам қанының түзілуіне көмектеседі, ал бойдың өсуіне осы элементтер аса маңызды

МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР. Жалпы макроэлементтер организмнің 99%-ын құрайды. Жәнеде олар ұлпаның құрлысын, осмос қысымының тұрақтылығын, йонддық және қышқылдың тұрақтылығын реттеушілер болып табылады. Макроэлементтерге оттегі, көміртегі, сутегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий, және хлор жатады.

УЛЬТРОМИКРОЭЛЕМЕНТТЕР. сынап, алтын, уран, торий, радий, және т. б

p-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ. Медицинада қолданылады:

1. Активтелген көмір (карболен) ; ауыр металдар тұздарымен, алкалоидтармен т. б уланғанда қолданылады.

2. NaHC03 натрий гидрокарбонаты; асқазан сөлінің кышқылдығын кемітеді; ол сулы ерітінділерді шаюда, жууда қолданылады. Кремний. Микроэлемент. Тіршіліктің дамуы мен өсуіне керктілердің бірі. Оның ең көп мөлшері теріде, сіңірде, көздің ұлпаларында кездеседі. Медицинада (3MgO • 4Si02 • Н20) толык қолданылады-сепкіш.

СЕЛЕН. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.

Қорғасын. Қорғасынның биологиялық маңызы анықталмаған. Қорғасын қосылыстары улы болып келеді. Түрлі қорғасын өндірісінде істейтін жұмысшыларда улану (сатурнизм) болады. Сатурнизм ауруымен шалдыққанда (бастың сынып ауруы, ұйқысыздық талма, жүйке жүйелері) осы белгілер және бүйрек (альбуминурия), асқазан-ішек функциялары бұзылады. Медицинада қорғасын қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады. РЬО қорғасын жабыстырғышының құрамында болады, оны тері ауруы -сыздауық шыққанда қолданылады. Рентген кабинетінде жұмыс істейтін медбикелердің киімдеріне корғасын қосылыстары қосылады, себебі қорғасын рентген у-сәулелерін жұтатын қабілеті бар.

Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%- тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылқылдарының, биогенді аминдердің т. б. құрамында болады.

d-ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда жэне демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

Мыс. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші - адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кванттық теорияны философиялық талдау
Техника саласындағы физика
ӘЛЕМНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ СУРЕТІ
Атом материя құрылымының негізі ретінде. (Атом құрылымы, элементтер мен изотоптар, атом салмағы, электронды және энергетикалық деңгейлер). Макро, микро және ультрамикроэлементтер
Химия пәнінен материалдар
Геометриялық құрылым мәселесі және оның физикалық теориясы
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәнінен лекциялар жинағы
Атом материя құрылымының негізі ретінде. (Атом құрылымы, элементтер мен изотоптар, атомның массасы, электрондық және энергия деңгейлері)
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz