Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы туралы


Дана Абайдың тәрбиелеу ілімін әділет-махаббат педагогикасы деп жүрміз. Абай атамыз тәрбиелеудің ілімдік жағынан көрі өнерлік жағына көп мән берген ғұлама. Себебі жалпақ жұртқа ұрпағын толық адам болдыру үшін алдына қандай мұрат, мақсат қойып, нендей жол-жобалармен жүріп, қандай амал-тәсілдерді қолданып жүзеге асыруға болатындығын түсінікті әрі асыл сөзбен айшықтап жеткізген. Абай заманында жұрттың барлығының көкірек көзі бүгінгідей саңылаулы болған жоқ, Осыны дұрыс аңғармаған бірер педогог ғалымдарымыз Абай атамыз арнаулы педагоги-калық іспен айналыспаған, іргелі педагогикалық-психо-логиялық еңбек жазбаған деуге дейін барды. Иманипедагогиканы жаратпайтын одан жиренетін советтік дәуірде, атамыздың педагогикалық-дидактикалық көзқарастарын таптық, материал-истік сүзгіден өткізіп талдап, жұлмалап керектендік. Абайды зертеуші ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ақынның шығармашылық қызметі - халықтың рухани қазынасы. Ұстаздық, ойшыл ақынның пікірінше, жастарды ізгілікке, адамгершілікке үйретушілік. Абай халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне тәрбиелеуші үлкендерден ұстаздық шеберлікке лайық қабілет болуын талап етті. Бұл ойын ақын: «Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға…» - деп тұжырымдады. [3] [4]
Абайдың педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы - ақын-ның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Өскенбей шаңырағына бекем орнаған «Қарашаңырақ мектебі», Асыл әжелердің басшылығында жұмыс жасаған «Дана Аналар» мектебі, Білікті аталар арқылы бұл әулетте жүмыстаған «Дана Аталар» мектебі ауыл балаларымен бірге жас Абайды үкілеп өсірді, айтулы адам болдырды. Осы отбасы мектептерінің өзіндік педагогикасы қашаннан бар болатын, Абай дана педагогикасында бұл дәстүр ұнасымды орын тауып, сабақтастықпен жалғасқан. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық топшылаулары шығыстың атақты ғүламалары Әлішер Науаи, Ғ. Дауани, әл-Фараби т. б. ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтарының маңызды тәлім- тәрбиелік ой-толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т. б. атап айтты. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педаго-гикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Адам туралы, оның рухани жан дүниесі туралы ол былай деп жазады: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреу білсем екен демелік … мұның бәрі жан құмарлығы - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [1, 154-156 бб. ] . Білімнің қайнар көзі - қоршаған орта, адамның өзі. Оның ақыл ойының, сана сезімінің жоғары болуы өзіне байланысты. Адам барлық уақытта осы мақсатта өзін өзі жігерілендіріп, мұраткерлік танытып отыруы керек. Адам танымын Абай өте күрделі процесс деп қарайды. Адам ұдайы ақыл ойын, таным түсінігін, рухани жан дүниесін табанды еңбегі арқылы жетілдіріп, ұштап, күш қайратын, жігерін осы мақсатқа шоғырландыруы тиіс. Ғылымға ден қойған адам қоршаған ортаны, адамдардың бойындағы сапалық қасиеттер мен ерекшеліктерді бұрынғыдан да кеңірек танып біледі. Абайдың айтуынша, адамның өмірі мен оның бүгіні, болашағы үшін ең басты қажеттілік, адамның мақсатына, мұратына жетуі үшін өзін және қоршаған ортаны кеңірек танып, оның нәтижесін шындықты өтіріктен, әділеттілікті әділетсіздіктен, қайырымдылықты қатыгездіктен айыра білуі қажет. Абай заманында ұлттық сананың өміршеңдігін айқындаған бәсекелік пен прагматизм мейлінше әлсіреп кеткендігі ақиқат. Өйткені, бұларды биік деңгейде ұстап тұратын саяси факторлар - қазақ мемлекеті мен билігі тарих сахнасынан түсіп қалған еді. Олардың материалдық және рухани тіректері - жер мен тілдің бірі жат қолына көшсе, екіншісі ауыл арасы деңгейінде ғана жұмыс істей алды. Міне, осындай ортада ұлы ойшылдың халқын білім мен ғылымға шақыруы, тілі мен тарихын қорғауы, әсем ән мен тәтті күйдің талғампаз жанашыры, бірегей туындатушысы болуы ұлттық қауіпсіздікті күзеткені, рухани өмірдегі, салт-дәстүрдегі жаңашылдығы, сананы жаңғыртқаны еді. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл, Ойландағы үшеуін таратып бақ, Басты байла жолыңа малың түгіл. Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы, Осыларды бұзатын және үш іс бар:Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы. » [2, 89 б. ] . Абайдың сүйіспеншілігі, махаббаты, адамға құштарлығы тек адаммен шектелмейді. Бұл сүйіспеншілік аспанға, Құдайға дейін тарайды және құдайдан тарайды. Құдайдың өзі адамзатты махаббатпен жаратқан соң адамның бұл дүниені, адамзатты «бауырым» деп танымауына шара жоқ. Адамның адамды бауырым деп тануы - әділет жолы. Әділетті таңдаған адам адамзатқа сүйіспенілікпен қарайды, сүйсіне қарайды. Сөйтіп, Абай сүйіспеншілікті адамгершілік деңгейіне көтереді, сезімді ақылмен ұштастырады. Әлем шындығындыа Құдайдың өзі жаратқан махаббат бесігіне бөленіп, сүйіспеншілік жөргегіне оранып, әділеттің алақанында тербеліп тұр. Адам осы ұяда өсіп-өніп, толық адам болып жетілуге тиіс. Социалистік педагогикада интернацоналист тәрбие деген бар. Ол, ұлы держевалық шовипист көзқарасты қаншама көлегейлеп жабуға ұмтылғанмен, адамдардың діни, нәсілдік ерекшелітерінің тігісін жатқызып, өзара ынтымак бірлікке шамасынша жанталасып кіріскенімен нәтиже шығара алмады. Осы бір қиюы қашқан ұран мен насихатты атамыз; «адамзаттың бәріп сүй бауырым»- деп қана өте терең мағынада, сырлы сөзбен сабақтаған. Абай педагогикасы тәрбиелеу ілімінің әрі тереңі, әрі тұнығы. Ол бес баулудан тұрады. 1. Елдікке, ерлікке, Отаншылдыққа баулу. Бұл Арғы қазақтан келе жатқан ұласпалы дәстүр, текті де, тегуірінді қасиет. Мүны бар қазақ, еш адам, ешуақытта аттап кете алмайды, қанға сіңген қатал тәрбиелік ұстаным. Оны бойына сіңірген адам ғана, толық адам, нағыз қазақ бола алады. 2. Кісілігі мол кісі болдыру, адамшылыққа баулу. 3. Имандылыққа баулу. 4. Өнер, білім-ғылымға баулу. 5. Өмірге дайындау, еңбекке баулу. Осы баулу мектептерінен өткен, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер, білім-ғылымға көргенділікке қол жеткізген, қоғамда өз орнын таба білу (өміртану) ғылымын игеруші жанды атамыз, толық адам деген. Олай болса Дана Абай педагогикасы-заманауи толық адам қалыптастыру ісінде тұғыр боларлық, Қазақстан білім жүйесінде, жастарға тәлім-тәрбие беруге ғылыми негіз боларлық ұлтанды ілім болып табылады. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы -бұл «Адам бол!» деген үндеуі - ол ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам - ақын көзқарасында, ақыл ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн - аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер - таудың әшекейі, ал жердің сәні - адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», - деп жар салады [2, 86 б. ] . Абай дүниетанымы мен философиясындағы даналықтың қыр-сырын, бүге- шүгесіне дейін ашып көрсете білген профессор Т. Х. Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа, даналықты білдіретін сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді; ол даналықты танып, ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық Абай ілімінде теориялық концепция болып қалған жоқ, өмір сүру тәсіліне айналды. » «…Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі, одан кейінгі қазақ ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін түсінік. Өткенді де, қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік. Оқумен, тоқумен, тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең бойлаумен келген түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің кім екенін, ненің не екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік» [4, 44 б. ] . Сондықтан да, Абай педагогикасы да, таңқаларлық терең әлем!
Абай педагогикасында бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды. Қазақ қоғамындағы әрбір әлеуметтік топ өкілдерінің мінез-құлқы мен қасиеттерін ашып көрсетуінің себебін ақын жиырма екінші қара сөзінде: «Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуді бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті» [3, 129 б. ], - деп түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы жаман мінез-құлықты, еңбексіздікті, ғылымнан мақрұмдықты сынады. Ол халқын еңбек етуге, ғылымды меңгеруге, адамгершілікті болуға үндеді Білімнің негізі-еңбекте, талапта. Ой еңбегін атқарудың ерекшелігін игеруде талаптанып және оған үнемі жаттығып, машықтанса, бұл саладағы қиындықтың да болатындығына Абай дәл бағыт береді. «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге. » Оқу мен білімді меңгеру тұрғысынан қарап : «Талап әр балада бар, -дейді ақын, -оған талас қылуға болмайды. Егер талапты ескеріп, күтіп тәрбиелей білсе, ол дамып, өрістеп жетіледі. Ал оған мән бермесе, өз-өзінен жоғалып кеткенін адам байқамай қалады», -деп, оның қалай жоғалып кеткенін айналасындағы жұртшылық та байқамай қалатынын айтады. Абай не қажет, не залал-осының бәрін білімді адам толық біледі, өз өмірін жандандырады, өз халқына пайдасы тиеді деп ұғынды. Жастардың бірінші міндеті ғылымға, білімге, білуге талпыну деп білді. Абай ғылым үйрену деп мынадай талаптар қойды. Отыз екінші қара сөзінде: «Білім -ғылымды үйренбекке талап керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар: әуелі білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесі керек болады деп іздемеске керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең, һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады», -дейді. Көреген Абай ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі. Бірі-сол ғылымды ақиқат үшін, білу үшін үйренушілер де, екіншісі-бақас үшін, яғни біреуден озу, біреуден жоғары болу мақсатын көздеушілер. Біріншісі-сөз жоқ, нағыз ғалым, ғылымға нағыз берілген адам. Ал екіншісі- ғылыми дәрежені жеке басының пайдасына бір жолата бұратын, Абай заманынан бері келе жатқан, біздің заманымызда да кездесетін ғалымсымақтар. Абай ғылымды үйренуге тойымдық жасап, жеткілікті деп отырып қалмау жөнінде он екінші қара сөзінде былай дейді: «…үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадат болмайды», -дейді. Кемеңгер Абай ғылымды іздеп, тауып үйренген адамда енді бір мынандай қасиет керектігіне отыз екінші қара сөзінде былай мән береді: «Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып-үйреніп те пайда жоқ. Қонарға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың?», -дей келіп, алған мақсаттан таймайтын табанды болуды талап етеді:Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан, -деп, ғылым қуған жастар әр нәрсеге көре желікпе, қызыққуғыш болмай, мақсатты болу, сол жолға өзін даярлау керектігін ескертеді. Абай ғылымды кімнен үйрену керек деген сұраққа шығармаларында толық жауап береді. Мысалы, ол «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде мынандай пайымдаулар айтады: «Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса, мейлі, сол айтты, Ақылменен жеңсеңіз?, -деп, яғни өзіңнің көзің жетпей ештеңеге, ешкімге сенбе дейді. Мұны жазған кісінің, Атын білме, сөзін біл!Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. » Ал ғылымды кітап арқылы ғана игеруге болытынын және аңғартады. «Интернатта оқып жүр» деген еңбегінде:Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге, -дейді. Білім-ғылымды көбейту үшін адам бойында ойласып, пікір алысатын, екінші, ол пікірді сақтап қорғайтын екі түрлі қуатты қасиет болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. «…Мінезде арды, ақылды сақтарлық қайраты бар болсын. Бұл ақыл үшін, ар үшін болсын…. » «Ақылға кесел нәрселерден сақ болған жөн. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Көкірегі байлаулы берік болу керек. Сол нәрсені естігенде я көргенде бірдемеге үлгі етіп, ұқсатып, бар ынтамен ұғу керек. Бірнеше рет қайталап, көңілге бекіту керек. Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Ол кеселді нәрселер: салғырттық, уайымсыздық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, болмаса бір нәрсеге құмарлану, бұл төрт нәрсе ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер. (31-қара сөз) [1, 173-174] Адам бойындағы кеселді нәрселердің ең жағымсызы, Абайдың пікірінше, ол - уайымсыз-салғырттық. Салғырттық - құдайдың да, елдің де, үлгінің де, ақылдың да, ардың да қас дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды, - дейді ғұлама Абай. Абай білім алуды, ғылым үйренуді жастық ісі деп қарайды: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра-тексермедім. Ер жеткен соң, түспеді уысыма, Қолымда мезгілінен кеш сермедім. немесе:Жастықтың оты қайдсың, Жүректі түртіп қозғамай?Ғылымның біліп пайдасынДүниенің көркін болжамай. Абай жасөспірімдерден көп үміт күтті, халықтың ілгері дамуына, жаңа заманға ие жастар екенін баса айтты. Жастар айналысар іс-өмірлік мұратпен сай келуі керектігін ескертті. «Дүниенің һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», - дейді Абай. Ақылды, білімді адамды құрмет тұтты: «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», -деп жастардың білімді болып, ғылымды игеруі арқасында, ел-жұртына, заманына көп пайда келтіре алатынына кәміл сенеді. Оның білім, ғылымға, өнер үйренуге бағытталған көзқарасы жалпы дүниетанымына, философиялық ойларына негізделеді, білім, ғылым ақын пікірі бойынша дүние, мал табудың көзі болуымен пайдалы. Абай “дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл берсеңіз” немесе “түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып білім алған” деген. Осы арқылы ол адамдарды, әсіресе, жастарды оқу, ғылымға қызықтырғысы келеді. Ол ғылым, өнердің мал тауып жақсы өмірге тұғыр болатынын “ниетің түзу болса сенің аппақ, ғылым, өнер, мал таппақ жұртқа жақпақ” дей келе, өнер туралы “әуелі өнер үйренелік қолдан келсе”, немесе “ұқпасын ба сөзді тез сөз өнері тұр таяу” деп өнер мен ғылымды адамның қабілетімен байланыстырады. Жастық қайрат, сергек ақыл, қаны тасыған жүрек қана шынайы махаббатпен айналысқанда ғылымның көсегесін көгертеді. Көсегесі көктеген ғылым ғана елдің еңсесін тіктейді. Өркениет әлеміне тікелей жол ашады. Ғылымы мен білімі дамыған мемлекеттердің бүгінгі қол жеткізген жетістіктері осыған меңзейді. Мұның бәрі бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан жастарымызға тікелей қатысты, ғибраты мол, өнегелі сөздер.
Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор мән берді. Абай шығармалары олардың әр түрлі кәсіпті еркін меңгеруіне ықпал етіп, еңбекті тиімді ұйымдастыру жолдарына баулыды. Ақын жастарды бойындағы күш-қуатын пайдалы еңбекке жұмсауға шақырды. Өз заманындағы еңбекке салғырт көзқарастың зардабын дәлелдеп, адам бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуында еңбектің атқаратын шешуші қызметіне талдау жасады. Жастардың айналысар кәсібінің аясы тарлығына тоқталып, өзімен көршілес халықтардың егіншілік пен қолөнерін, сауда жасауды, түрлі кәсіпті үйренуге үндеді. . Әр адам еңбекпен ғана өседі. Еңбек - Абай әлеміндегі ең негізгі ұғымдардың бірі. «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?» деген өлеңінде ол:«Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей, Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» - дей келе, тағы бір жолдарында:«Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Малың болса, сыйламай тұра алмас ел…Есек көтін жусаң да, мал тауып кел, Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас…» - деп барлық адамды еңбек қылуға шақырады . Оның шығармаларынан «әуелі өнер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz