12 жылдық білім беру жайында семинар баяндамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі.

Семинар
Тақырыбы: 12 жылдық білім беру

Қабылдаған:Иманбаева С.
Орындаған:Абуталип М
202 топ студенті

2020-2021

Автордың аты-жөні, тегі: М.Т.Баймұқанова, Т.М.Омашева
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл -- соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.
Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты -- дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі -- білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:

-саты -- жалпы бастауыш білім беру ( 1 - 4-сыныптар -- бастауыш мектеп). Оқуды бастау жасы -- 6 жас.

Оқу мерзімі -- 4 жыл.
Негізгі міндеті -- баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

-саты -- негізгі орта білім беру (5 - 10-сыныптар -- негізгі мектеп). Оқу мерзімі -- 6 жыл.

Негізгі міндеті -- адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.

-саты -- жалпы орта білім беру (11 - 12-сыныптар -- жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы -- 2 жыл. Негізгі міндет -- бейінді оқыту

Бейінді оқыту -- жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау [1].
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:

Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.

Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

Сабақ мерзімінің 30 - 35 мин аспауы.

Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.

Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мəселелерге ерекше көңіл бөледі: жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқытудың дəстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; терең жəне белсенді кəсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мəдениеттілік, денсаулық сақтау жəне экологиялық тəрбие беру рөлінің күшейтілуі; өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету жəне жаңадан жасау; білім мекемелерінің оқушыны əлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мəселелердің шешілуін талап етеді:

Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі.

Бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар).

Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау.

Жалпы жəне орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі.

Санитарлық-гигиеналық норма жəне негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу.

Мектепке дейінгі бастауыш, орта жалпы жəне жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы.

Білім саласын елдің тарихи дəстүріне, мəдениетіне бейімдеу [2].

Əлем елдері тəжірибесінде əр мемлекеттің өзіне тəн орта білім беру жүйесі, мектеп үлгісі жəне орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ- та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда -- 12 жыл.Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10 - 11 жылдық. 1983 ж. АҚШ Үкіметінің Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді. АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6 + 3 + 3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші жəне жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7 - 9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10 - 12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пəндері жəне практикалық, академиялық бағыттағы бейіндік пəндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пəнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пəндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие болады. Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушының білімін бағалаудағы басты əдіс -- тест. Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін əдісті көп қолданады.
Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80-жж. бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан əрі балалар өз қалаулары жəне қабілеттеріне қарай оқуларын кəсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сəйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымды болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1 - 4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5 - 10 сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім оқушылар құрайды, олар əрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кəсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5 - 10 немесе 7 - 10 сыныптар) кəсіби- практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пəндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта жəне содан кейін арнайы жоғары кəсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5 - 13 немесе 7 - 13 сыныптар) толық орта білімді береді жəне университеттік үлгідегі жоо түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пəндер: неміс тілі мен əдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тəрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты əр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пəндер блоктарға сəйкес біріктіріледі, мысалы: тіл - əдебиет - өнер, əлеуметтік білімдер, əлеуметтік - экономикалық жəне т.б. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пəндерден басқа да пəндерді қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерін талдау
Абай мұрасы
Жапония — күн-шығыс елі
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Жоғары оқу орнындағы семинар сабақ және лабораториялық жұмыс
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары
Абайтану ғылымы
Пәндер