Мультимедиялық қосымшалардың мүмкіндігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы:

«Мультимедиялық қосымшалардың мүмкіндігі»

2020 жыл

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты:

Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу, мультимедиялық объектілерді ұтымды пайдалана білу жолдарын қарастыру

Зерттеу міндеттері :

  • мультимедиялық объектілер мен технологияларға толық сипаттама беру;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларына қажет аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларға тоқталу;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын қолдана отырып мультимедиялық электронды оқулық құрастыру.

Гипотеза:

Мультимедия жүйелерінің пайда болуы қоғамның көптеген саласында жаңа мүмкіндіктер әкелді. Әсіресе білім саласында мультимедияның қолданылуы кеңінен етек алды. Себебі мультимедияға негізделген ақпараттандыру құрылғылары білім беру барысын айтарлықтай тиімді етуге қабілетті. Тәжірибе жүзінде, білім алушы материалды ауызша мазмұндау барысында минутына ақпараттың мың бірлігін қабылдап қорытатыны, ал оған көру мүмшелерін қосса жүз мыңға дейін ақпарат бірлігін қабылдау мүмкіндігі бар екенің дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері мен процедурасы :

  • Мәселені белгілеу, тақырыпты тұжырымдау және оның өзектілігін негіздеу
  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау
  • Зерттеу нысаны мен тақырыбын анықтау
  • Зерттеу гипотезасын ұсыну
  • Зерттеу әдістері мен әдістерін таңдау
  • Эксперимент жүргізу және зерттеу процесінің сипаттамасы
  • Деректерді талдау және түсіндіру, тұжырымдау

Эксперимент әдістемесі:

  • Жүйелік талдау
  • Құжаттаманы зерттеу
  • Мультимедиялық модельдеу

Зерттеудің жаңалығы:

Бұл жұмыста мультимедиялық объектілердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды құру және өңдеу технологиялары мен бағдарламалары зерттелінді және Microsoft Silveright технологиясының көмегімен мультимедиялық объектілерді пайдалана отырып, «Қызықты әліппе» мультимедиялық оқулығы құрастырылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы, мектеп оқушыларына «Қызықты әліппе» мультимедиялы электронды оқулығын ұсыну болып табылады.

Аннотация

Цель исследования:

Изучение технологий интеграции мультимедийных объектов, рассмотрение путей рационального использования мультимедийных объектов

Задачи исследования:

  • дать подробное описание мультимедийных объектов и технологий;
  • остановиться на аппаратном и программном обеспечении, необходимых для технологий интеграции мультимедийных объектов;
  • составление мультимедийного электронного учебника с использованием технологий интеграции мультимедийных объектов.

Гипотеза:

Появление мультимедийных систем принесло новые возможности во многих сферах жизни общества. Особенно широкое применение мультимедиа получило в сфере образования. Потому что устройства информатизации, основанные на мультимедиа, способны сделать образовательный процесс достаточно эффективным. Практика доказывает, что обучающийся в ходе устного изложения материала в минуту воспринимает до тысячи единиц информации, а при включении в нее зрительных функций имеет возможность принять до ста тысяч единиц информации.

Этапы и процедура исследования:

  • Постановка проблемы, формулирование темы и обоснование ее актуальности
  • Формулирование цели и задач исследования
  • Определение темы и объект исследования
  • Выдвижение гипотезы исследования
  • Выбор методов и приемов исследования
  • Описание процесса проведения эксперимента и исследования
  • Анализ и интерпретация данных, формулировка

Методика эксперимента:

  • Системный анализ
  • Изучение документации
  • Мультимедийное моделирование

Новизна исследования:

В данной работе были отдельно остановлены на каждом из мультимедийных объектов, изучены технологии и программы их создания и обработки и составлен мультимедийный учебник «Занимательная азбука» с использованием мультимедийных объектов с помощью технологии Microsoft Silveright.

Практическая значимость работы заключается в том, чтобы предложить школьникам мультимедийный электронный учебник «Занимательная азбука».

Abstract

The purpose of the research : to Study technologies for integrating multimedia objects, to consider ways of rational use of multimedia objects

Research objectives

  • give a detailed description of multimedia objects and technologies;
  • focus on the hardware and software required for multimedia object integration technologies;
  • development of multimedia e-books with the use of technology integration of media objects.

Hypothesis:

The advent of multimedia systems has brought new opportunities in many areas of society. Multimedia is especially widely used in the field of education. Because information technology devices based on multimedia can make the educational process quite effective. Practice proves that the student during the oral presentation of the material per minute perceives up to a thousand units of information, and when visual functions are included in it, he can accept up to one hundred thousand units of information.

And the procedure of the study:

  • Statement of the problem, formulation of the topic and justify its relevance
  • Formulation of research goals and objectives
  • Definition of the topic and object of research
  • Putting forward a research hypothesis
  • Selection of research methods and techniques
  • Description of the experiment and research process
  • Data analysis and interpretation, formulation

Experimental methods

  • System analysis
  • Study of documentation
  • Multimedia modeling

The novelty of the research:

In this work, we have separately focused on each of the multimedia objects, studied technologies and programs for their creation and processing, and compiled a multimedia textbook «Entertaining ABC» using multimedia objects using Microsoft Silveright technology.

The practical significance of the work is to offer students a multimedia electronic textbook «Entertaining ABC»

Кіріспе

«Мультимедия» термині ең алғаш 1965 жылы пайда болды және жетпісінші жылдардың аяғына дейін сол замандағы слайдтар, кино, видео, аудио бөлшектерді, жарықтық эффектілер мен музыкаларды пайдаланатын театрландырылған ерекше шоуларды сипаттау үшін кеңінен пайдаланылды. Жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың басына қарай мультимедияны дыбыстық және музыкалық сүйемелдеумен қатар жүре отырып, бірнеше проекторлардан түсірілетін статикалық немесе динамикалық бейнелерге негізделген түсінік ретінде қабылдады[17] .

Осыған орай, «мультимедия» құрылғылары ақпаратты визуальді, вербальді және аудиальді секілді әр түрлі формада ұсына отырып, адамның бірден бірнеше сезім мүшелеріне әсер ете білді. Ақпаратты мұндай түрде ұсыну адамдардың сезіміне айтарлықтай әсер ете білгендіктен, жоғарыда аталған тетатрландырылған қойылымдарға ерекше танымалдық әкелді. Адам психикасының сезім ортасына әсер ету мүмкіндігі, оқу барысында білімді неғұрлым тиімді қабылдау үшін негізгі фактор болып табылады. Кейінгі онжылдықтар барысында «мультимедия» термині өз бойына әр түрлі ұғымдарды қамтып үлгерді.

Соңғы уақытта «мультимедия» ұғымы тіптен көп мағынаға ие бола бастады. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын кабельдік телеарналарды заманауи мультимедиялық технологияларға жатқызуға болады. Ал «мультимедиялық желелілер» термині үлкен корпорлацияларда қолданылатын бейнкөрім деректер қорының, жарнамалық тақталар мен экрандардың жұмысын қаматамасыз ететін құны миллиондаған долларды құрайтын басқару жүйелерін сиппаттауда қолданылады. Видео өңдеуші компьютерлік бағдарламаларды да мультимедиялық технология ретінде қарастыруға болады. Мультимедия әлі де даму үстінде және жаңа техологиялардың пайда болуы мен қолданылуы мультимедия ұғымын одан әрі кеңіте түсуде.

Мультимедия дегеніміз:

- әр түрлі типтегі ақпараттарды өңдеу және ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;

- әр түрлі типтегі ақпараттарды ұсынуға және өңдеуге негізделген компьютерлік бағдарлама;

- әр түрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппраттық жасақтама;

- дәстүрлі статикалық визуальді (мәтін, графика) және әр түрлі типтегі динамикалық (сөз, музыка, видео үзінділер, жанбітірімдер және т. б. ) ақпараттардан тұратын байытылған ерекше ақпарат түрі.

Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.

Мультимедия жүйелерінің пайда болуы қоғамның көптеген саласында жаңа мүмкіндіктер әкелді. Әсіресе білім саласында мультимедияның қолданылуы кеңінен етек алды. Себебі мультимедияға негізделген ақпараттандыру құрылғылары білім беру барысын айтарлықтай тиімді етуге қабілетті. Тәжірибе жүзінде, білім алушы материалды ауызша мазмұндау барысында минутына ақпараттың мың бірлігін қабылдап қорытатыны, ал оған көру мүмшелерін қосса жүз мыңға дейін ақпарат бірлігін қабылдау мүмкіндігі бар екені дәлелденген. Кейінгі жылдары жоғарғы оқу орындарының аудиторияларында бор мен тақта өз орнын компьютер тінтуірі мен медия - проекторға бере бастады. Оқу орындарында «компьютер - бейнекамера - бейнемагнитофон - телевизорлар» кешенімен қамтамасыз етілген дәрістік аудиториялар құрылды.

Сонымен, ойын-сауық, білім беру, жарнама және ақпарат тарату секілді салаларда мультимедиялық объектілер ең негізгі нысандар болып табылатыны белгілі боды. Олай болса, аталмыш салалардың кез келгені неғұрлым мультимедиялық объектілерге бай, әрі қабылдауға жеңіл тиетін сапалы мазмұнды ақпараттарды қажет етеді. Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын қарастыруға негізделген зерттеу жұмысының маңыздылығы осында.

Ал зерттеу жұмысының басты мақсаты: мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу, мультимедиялық объектілерді ұтымды пайдалана білу жолдарын қарастыру.

Басты мақсатымыз бен жұмыс маңыздылығын ескере отырып, қарастырылатын негізгі мәселелер:

  • мультимедиялық объектілер мен технологияларға толық сипаттама беру;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларына қажет аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларға тоқталу;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын қолдана отырып мультимедиялық электронды оқулық құрастыру.

Зерттеу кезінде материал ретінде мультимедия, мультимедиялық объектілер, мультимедиялық технологиялар жайлы ақпараттар мен дерек көздері пайдаланылды. Ал жұмыстың негізгі объектісі мультимедиялық объектілер болып табылады.

  1. Мультимедиялық компьютер

Мультимедиялық құрылғылар түсінігіне формальді түрде қарайтын болса, онда оған оқыту және т. б. қызметтер барысында әр түрлі ақпараттарды ұсына алатын кез келген құрылғыларды жатқызуға болады. Мұндай жағдайда мултимедиялық құрылғылар қатарына қазіргі таңда ескіре бастаған аналогтық құрылғыларды да жатқызуға болады.

Дегенмен мультимедиялық құрылғыларға әдетте компьютер мен оның сыртқы құрылғыларын жатқызады. Компьютер ақпаратты өңдеудің әмбебап құралы болып табылады. Олай дейтініміз, компьютер бір өзі әр түрлі типтегі ақпаратты (мультимедия ақпарат) өңдеуге және осыларға қатысты біршама амалдарды орындауға қабілетті. Осының арқасында компьютер мен оның сыртқы құрылғылары техникалық мультимедиялық құрылғылардың барлық қызметін атқара алады.

«Мультимедиялық компьютер» дегеніміз мультимедиялық қосымшалардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алуға мүмкіндік беретін компьютер[10] . Мұндай компьютерлер монитор экранында графикалық, анимациялық және видео ақпараттарды көрсету, жоғары сапалы дыбыстар мен музыканы ойнату секілді көптеген амаларды орындай алуы керек.

Көп жағдайда «мультимедиялық компьютердің» негізгі құрауыштарына төмендегілер жатады:

  • қоректендіру көзі орнатылған корпус;
  • жүйелік (аналық) тақташа;
  • орталық процессор;
  • бейнеадаптер;
  • монитор;
  • қатты дискілі жинақтағыштар;
  • пернетақта;
  • тінтуір;
  • DVD жене CD-ROM;
  • дыбыстық карта;
  • модем;
  • телеарналық тюнер.

Кез келген компьютер арнайы бағдарламалық жасақтамасыз жұмыс істей алма ды. Бағдарламалық жасақтамаларды қолданбалы (мультимедиядық энциклопедиялар, компьютерлік ойындар, дыбыстық және бейне ойнатқыштар және т. б. ) және арнайы бағытталған (профессинальді графикалық өңдегіштер, 3D-графикаларды өңдегіштер, дыбыстық редакторлер және т. б. ) деп шартты түрде екіге бөлуге болады.

Мультимедииялық компьютердің неізгі бағдарламалық жасақтамалары:

  • амалдық жүйе;
  • қолданбалы мультимедиялық қосымшалар.

Қазіргі таңда мультимедиялық қосымшалар бағдарламалық жасақтама нарығының қарқынды дамушы секторларының біріне айналды. Заманауи компьютерлердің көпшілігінде өте күшті дыбыстық карталар мен графиктік адаптерлер онатылған. Мультимедияны қолдайтын осындай барлық құрылғыларды қолдану үшін компьютерге құрылғылармен жұмысты ұйымдастыратын амалдық жүйе орнатылуы тиіс. Мұндай амалдық жүйелерге мысал ретінде Microsoft Windows XP, Linux секілді амалдық жүйелерді келтіруге болады.

Қолданбалы бағдарламаларға мультимедиялық компьютердің қарапайым қолданушысы тікелей жұмыс істейтін қосымшаларды жатқызамыз. Ең бірінші кезекте мұндай қосымшалардың бірі компьютерлік ойындар болып табылады. Сонымен қатар бейне және дыбыстық ойнатқыштар, презентация құрушы және көрсетуші бағдарламалар да қолданбалы бағдарламалар қатарына кіреді.

  1. Мультимедияның аппараттық құрылғылары

Мультимедиялық жүйені құру үшін дыбыстық және бейне сигналдарды сандық эквивалентке ауыстыру үшін аналогты-cандық, сандық-аналогты түрлендіргіштер секілді қосымша аппараттық жабдықтар қажет. Дыбысқа байланысты аппаратураның барлығы дыбыстық картаға ал бейнекөрімге қатысты құрылғылар бейне картаға біріктірілген. Мультимедияның аппараттық құрылғылары:

  • дыбыс жазу құрылғылары;
  • дыбыс ойнату құрылғылары:
  • манипуляторлар;
  • «виртуальды шынайылық» құрылғылары;
  • жіберу құрылғылары;
  • жазу құрылғылары;
  • кескіндерді өңдеу құрылғылары.

Дыбыстық карталар. Кез келген мультимедиялық компьютердің құрауыштарының құрамына дыбыстық адаптер кіреді. Дыбыстық адаптер компьютерге дыбыс ойнату мүмкіндігімен қатар, дыбыс жазу мүмкіндігін де береді. Компьютердің дискілік тасымалдағыштары аналогты дыбыстық сигналдарды жазуға жарамайды.

Дыбыстық адаптердің дыбыстық сигнал деңгейін анықтап, оны сандық кодқа айналдыратын аналогты-сандық түрлендіргіші бар. Алынған сандық код жадылық тасымалдағышқа жазылып отырады.

Шынайы дыбыстық сигналдың сандық түрі компьютер жадысында файл түрінде (мысалы, WAV-файлдар) сақталады. Дискіден оқылған сандық сигнал сандық-аналогты түрлендіргіш арқылы ойнату үшін акустикалық колонкаларға жіберіледі. Дыбыстық адаптердің негізгі параметрлері дыбыстық сигналдарды кванттау жиілігі мен кванттау дәрежесі болып табылады.

Дыбысты ойнатудың тағы бір түрі оның синтезіне байланысты. Синтезаторға келіп түскен ақпарат сәйкес шығыс сигналына түрлендіріледі. Заманауи адаптерлер дыбыстық файлдарды екі әдіспен синтездейді. Олар: FM жиілік модулациясы және толқындық синтез. Екінші тәсіл неғүрлым шынайы дыбысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бейнекарталар. Қазіргі компьютерлерде бейне сигналдармен жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар пайдаланалады. Бұл құрылғыларды келесі түрде жіктеуге болады: бейне тізбекті қабылдау және шығару құрылғылары MPEG ойнатқыштар, фреймграбберлер (Framegrabber), TV-тюнерлер, VGA TV сигналды түрлендіргіштер.

MPEG - ойнатқыштар. Мұндай ойнатқыштардың қызметіне ықшам дискілерге жазылған фильмдерді көрсету кіреді. Бұл құрылғылар графиктік және аналогты-сандық құрылғылар мен бейне сигналдарды өңдеуші микросхемаларды біріктіреді. Фреймграбберлер жеке суреттердің жеке кадрларын алмасу буферіне сақтай отырып, бейне сигналдады дискретизациялай алады. Сонымен қатар олар бейне сигналдарды компьютер мониторы арқылы жеке терезеге шығара алады. Буфердегі мәліметтер шамамен 40 мс кадрларды ауыстыру жиілігімен жаңарып отырады.

TV тюнерлер. Сырт келбетіне қарағанда бұл құрылғыларды картаға немесе қорапшаға ұқсатуға болады. Бұлар кабельдік телеарна, бейнемагнитафон, камкодер немесе антенна арқылы келіп түсетін аналогты бейне сигналды түрлердіруге арналған. TV-тюнерлер MPEG-ойнатқыштар немесе фреймграбберлер секілді құрылғылардың құрамына кіруі мүмкін.

Кейбіреуінің құрамына дыбысты түрлендіруге арналған микросхемалар кіріктірілуі мүмкін.

VGA-TV түрлендіргіштер. Бұл түрлендіргіштердің негізгі қолданылу мақсаты VGA кескіннің сандық түрін теледидар қабылдағыштары қабылдай алатындай аналогты сигналдарды тарату.

Мұндай түрлендіргіштерді қолданудың мысалына титрлерді құру барысында бейнесигналдарды қабаттастыруды келтіруге болады.

  1. Мультимедиялық объектілер

Мультимедия қолданушыға әртүрлі ақпараттармен (графика, мәтін, дыбыс, бейнекөрім) сұхбаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін біртекті ақпараттық орта түріндегі аппараттық және бағдарламалық құрылғылар кешені[17] . Мысалы, бір контейнер-объектінің ішінде мәтіндік, аудиальді, графиктік, бейнекөрімдік ақпараттар және жоғарыда аталғандармен интерактивті қарым-қатынас ұйымдастыру әдісі бірге қамтылу мүмкін (1-сурет) .

Описание: Crystal Clear action playlist.png
Описание: Crystal Clear app kaboodle.png
Описание: Crystal 128 camera.png
: Мәтін
: Аудио
: Кескін
: Описание: Crystal Clear app aktion.png
: Описание: Crystal Clear app camera.png
: Описание: Crystal Clear app mouse.png
: Анимация
: Бейнекөрім
: Интерактивтілік

Сурет 1. Негізгі мультимедиялық объектілер

Кескіндер. Кесіндерге векторлык графикалар мен расторлық кескіндер жатады. Расторлық кескіндер сканерлер, грабберлер секілді әр түрлі сандық форматқа ауыстырушылардың көмегімен алынады. 256 түсті режимде максимальді үлкендігі 640*480. Мұндай сурет жадыдан шамамен 300 Кбайт орын алады. Адам өзіне келіп түсетін ақпараттың 95% визуальді түрде кескін ретінде қабылдайды.

Бейнекөрім. Бейне (лат. Video -“көремін”) - бұл термин жазу, өңдеу, жеткізу, сақтау және қайта жаңарту технологиясының кең спектрін түсіндіреді.

Бейнежазбаны сақтауда әдетте Audio and Video Interleaved (AVI) деп аталатын медиа контейнер қолданылады. Аталмыш контейнерді алғаш рет қолданған Microsoft болғандықтан, Windows амалдық жүйесінің кез келген нұсқасында осы контейнерде жазылған бейнекөрімдерді ойната беруге болады. Егер бейнекөрім басқа контейнерлерде жазылса, онда оны орнатқаннан кейін қажетті жазбаны қандай да бір Direct Show -ойнатқыштарымен (прогрыватель) ойнатуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама - Splitter қажет. Бейнекөрімнің сапасын анықтау үшін бірнеше сипаттамаларға назар аудару қажет.

Бейнекөрім сапасына қойылатын негізгі талаптар [6] :

  • бір секундтағы кадрлар саны;
  • экранның жақтарының сәйкестігі;
  • түстер саны;
  • бейнеағым көлемі.

Дербес компьютердің қолданылу саласы кеңіген сайын, үй бейне студиосын құру идеялары көптеп туындауда. Дегенмен, бейне сигналмен жұмыс істеу барысында өте үлкен ақпараттарды өңдеп, сақтауға тура келеді. Мысалы, кеңейтілуі SIF (VHS пен қатар алғанда) бір минуттық бейне сигнал 442 Мб орын алады ((228*358) пиксель*24бит/c=442 Мб) . Ал заманауи компьютерлерде қолданылатын ықшам диск (CD-ROM, шамамен 650 Мб) немесе қатты диск секілді тасымалдағыштарға жоғарыдағы форматта жазылған бейнекөрімді сақтау қиынға соғады. Мұндай қиындықтан MPEG технологиясын қолдану арқылы құтылуға болады. MPEG кескіндерді болымсыз деградациялау арқылы бейне ақпараттың көлемін сығымдайды.

Жанбітірім. Алдын-ала дайындалған графикалық суреттерді тізбектей көрсету, сонымен қатар суреттерді қайтадан салу немесе қозғау, формаларын өзгерту секілді қозғалыс түрлерін компьютер арқылы ұйымдастыру. Жасалу жолдарына қарай жанбітірімдерді төмендегідей жіктеуге болады[8] :

  • кілттік кадрлар бойынша жанбітірім;
  • қозғалысты жазып алуға негізделген жанбітірім;
  • процедуралық жанбітірім;
  • бағдарламаланатын жанбітірім.

Компьютерлік жанбітірім жекеленгенген графиктік файлдардың жиынтығынан тұратын универсал графиктік форматта (мысалы, GIF) сақталады.

Дыбыс. Қазіргі таңда толқынды дыбыстық мәліметтерді (WAVE) өңдеуге, сандық түрде жазуға және олармен толыққанды жұмыс істеуге болады. Соңғы уақыттарда MP3 форматы ерекше танымалдыққа ие болды. Ол адамның есту қабылетінің ерекшеліктеріне негізделген.

Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты физикалық тұрғыдан алып қарастырсақ, жалпы мағынада дыбыс деп қоршаған ортада бір нүктеден екінші нүктеге берілетін (ауада) бөлшектердің тарауын айтамыз. Мысалға, музыкалық құралдың дыбысы, аксустикалық жүйенің мембраналық динамикасы және т. б. белгілі бір жиілік пен амплитудада тез тербеліс жасап өтеді. Жиілік деп 1 секунд ішінде толқын тербелісінің қайталану циклдар санын айтамыз, ал амплитуда деп ─ қалыпты жағдайдан максималды ауытқуын айтамыз (2-сурет) .

Сурет 2. Дыбыс толқындарының таралуы

Дыбысталу нәтижесінде ауада дыбыстық акустикалық емес толқын таралады, кезегінде ол есту мүшесіне жетеді. Дыбыс интенсивтілігі техникада дицебел (dB) арқылы өлшенеді. Дыбыс жиілігі бірлік секундтар не герц Гц (Hz) арқылы өлшенеді. Дыбыс толқынының интенсивтілік динамикасы мен жиілігі дыбыстың негізгі сипаты болып табылады (3-сурет) .

Сурет 3. Дыбыс толқынынның интенсивтілік динамикасы

Дыбысты компьютерде жазу үшін, ең алдымен оның уақыттқа тәуелді интенсивтілігін график түрінде елестеткен дұрыс (4-сурет) .

Сурет 4. Дыбыстың дискреттеумен байланысты интенсивтілігінің цифрлық көрінісі

Мәтін. Компьютер тілінде мәтін дегеніміз символдар тізбегі. Мұндағы тізбек деп отырғанымыз қандай да бір a 1 , a 2 , . ., a n элементтерден тұратын, ұзындығы N-ге тең сызықтық тізім. Тізбек элементі символ болып табылады. Символдардың қарапайым тізбегі тек қана мәтіннің құрылымын ғана анықтайды. Ал оның бейнеленуін сол мәтінді өңдейтін бағдарлама анықтайды. Мысалы, Windows амалдық жүйесінің құрамына кіретін Блокнот бағдарламасы мәтінмен жұмыс істейтін ең қарапайым редакторлардың бірі болып табылады. Бұл редактордың жұмыс істеу жүйесі басқа да мәтіндік редакторлармен үйлес. Қолданушының негізгі мақсаты символдық тізбекті енгізу, ал оның монитор бетінде бейнеленуі және компьютерде сақталынуы секілді амалдар бағдарламаның мойнында.

  1. Мультимедияның ерекшеліктері

Мультимедиялық технология информатиканың ең танымал, әрі ең болашағы зор салаларының бірі болып табылады.

Технологияның басты ерекшеліктері мен артықшылықтары ақпаратты ұсынудағы келесі мультимедиялық мүмкіндіктерге байланысты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы
Авто Көмек мобильді қосымшасының құрылымы
Мобильді жарнаманың өсуі
Векторлық графиканы қолдану
Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу
Java және Android бағдарламасында мобильді құрылғы құру
Мультимедиялық құралдар сипаттамасы
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Windows операциялық жүйелер желілеріне салыстырмалы талдау
Техникалық қызмет көрсету ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz