Сандар қасиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Сандар қасиеті

2020 жыл

Аңдатпа
Мақсаты: Сандар қасиетін зерттеу арқылы сандардың адам табиғаты мен өміріне әсер ету дәрежесін анықтау.
Мақсаты:
Сандардың пайда болу тарихын және сандар ұғымын зерттеу;
Сандардың адамның тағдыры мен мінезіне әсерін анықтау;
Болжам:
Егер сандар адамның тағдырына әсер етсе, онда сіз өз болашағыңызды нумерология ғылымына сүйене отырып құра аласыз.
Зерттеу әдістері: бақылау, ақпарат жинау, сауалнама жүргізу, талдау
Зерттеу пәні: сандар қасиеті, нумерология ғылымы.
Зерттеу нысаны: сыныптастардың сандық коды.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеу кезеңдері мен процедурасы:
Мәселені белгілеу, тақырыпты тұжырымдау және оның өзектілігін негіздеу;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;
Зерттеу нысаны мен тақырыбын анықтау;
Зерттеу гипотезасын ұсыну;
Зерттеу әдістерін таңдау;
Эксперимент жүргізу және зерттеу процесінің сипаттамасы;
Деректерді талдау және түсіндіру, тұжырымдау;
Эксперимент әдістемесі:
Жүйелік талдау
Құжаттаманы зерттеу
Сандық модельдеу
Зерттеудің жаңашылығы:
Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
Қазақстан Республикасында нумерология ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Сыныптағы оқушыларды нумерологиялық көрсеткіштер арқылы шығармашылық топтарға бөлу арқылы жоғары оқу жетістіктеріне жетуге болады. Бұл материалды сабақтарда да, сыныптан тыс жұмыстарда да қолдануға болады. Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді, - деп ойшыл әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені шын. Әр санның астарында белгілі бір ойдың барына шүбә келтіре қоймаспыз.

Аннотация
Цель: определить степень влияния чисел на природу и жизнь человека путем изучения свойства чисел.
Задачи:
Изучение истории происхождения чисел и понятия чисел;
Определение влияния чисел на судьбу и характер человека;
Гипотеза:
Если цифры влияют на судьбу человека, то можно строить свое будущее, опираясь на науку нумерология.
Методы исследования: наблюдение, сбор информации, анкетирование, анализ
Предмет исследования: свойство чисел, наука нумерология.
Объект исследования: цифровой код одноклассников.
Этапы и процедура исследования:
Постановка проблемы, формулирование темы и обоснование ее актуальности;
Формулирование цели и задач исследования;
Определение темы и объект исследования;
Выдвижение гипотезы исследования;
Выбор методов исследования;
Описание процесса проведения эксперимента и исследования;
Анализ и интерпретация данных, формулировка;
Методика эксперимента:
Системный анализ
Изучение документации
Цифровое моделирование
Новизна исследования:
Всем известно, что существует сакральное понятие о числах а значит, есть необходимость обратить внимание на их значения;
Нумерологические понятия рекомендуется внедрить в воспитательную сферу школьной деятельности.
Развивать науку Нумерология в Республике Казахстан.
Практическая значимость исследования:
Достичь высших учебных достижений можно, разделив учащихся в классе на творческие группы с помощью нумерологических показателей. Этот материал можно использовать как на уроках, так и во внеклассной работе. Числа не управляют миром, а учат, как управлять, - как говорил мыслитель и поэт Гете, вокруг чисел есть большая тайна. Мы не сомневаемся, что под каждым числом есть определенная мысль.

Annotation

Purpose: to determine the degree of influence of numbers on nature and human life by studying the properties of numbers.
Tasks:
Study the history of the origin of numbers and the concept of numbers;
Determining the influence of numbers on the fate and character of a person;
Hypothesis:
if numbers affect the fate of a person, then you can build your future based on the science of numerology.
Research methods: observation, information collection, survey, analysis
Subject of research: property of numbers, science of numerology.
Object of research: digital code of Odnoklassniki.
And the procedure of the study:
Statement of the problem, formulation of the topic and justify its relevance;
Formulation of research goals and objectives;
Definition of the topic and object of research;
Putting forward a research hypothesis;
Selection of research methods;
Description of the experiment and research process;
Data analysis and interpretation, formulation;
Experimental methods:
System analysis
Study of documentation
Digital simulation
Novelty of the research:
Everyone knows that there is a sacred concept of numbers, which means that there is a need to pay attention to their values;
It is recommended to introduce numerological concepts into the educational sphere of school activities.
Develop the science of Numerology in the Republic of Kazakhstan.
Practical significance of the research:
You can Achieve higher educational achievements by dividing students in the class into creative groups using numerological indicators. This material can be used both in the classroom and in extracurricular activities. "Numbers do not control the world, but teach how to control it" - as the thinker and poet Goethe said, there is a big mystery around numbers. We have no doubt that under each number there is a certain thought.

Кіріспе
Қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. 3, 7, 9, 0 сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-тыйымдарымыздан, нақыл-сөздерімізден мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан-жағымызға қарасақ сандар тек қана математикада емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда да маңызы зор. Қарап отырсақ осы керекті 10 сан болмаса , біз телефон да соға алмаймыз.
Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы о баста 5 күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Әр санның өз қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелегін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвистика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған:
-1, 2, 3, 4, 7 сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
-7, 9, 40 сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің туумен бірге қалыптасқан;
-Сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған;
-Сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т.б негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектеген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де кешенді мазмұны - тілдік сананың түп негіздері;
-Сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты;
-Қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.

І ТАРАУ. Сандар қасиетінің сыры

1.1 Сандар тарихы
Бар ғылымның атасы - математика болса, математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Адам баласы өмір сүре бастаған алғашқы кезеңнің өзінде - ақ жазу-сызудан бұрын санауды үйренген дейді ұлы ғұламалар. Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Ал біздің ата-бабамыз 1 санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелерін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған.
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі жағынан еркеше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған
Әлемнің әміршісі сандар деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік - бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзді талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған
Жай сандардың құпия қасиеттері жайында алғаш пікір айтып, нумерология ғылымының негізін қалаған Платон, Аристотель болды. Кейіннен неміс дәрігері, философ Генрих Корнелий Агриппа Неттесгеймский, Н.Л.Гильбрайт, австралиялық нумеролог Дэвида Филлипс, А.Ф.Александров, т.б зерттеу еңбектерін жазған. Ал киелі сандардың қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттеуші-ғалымдар І.Кеңесбавтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева,Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектеріне қарастырылған.
Математика - адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол-жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр
Цифр дегеніміз - сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.
Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4.,5, 6, 7, 8.,9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруге жаңа жүйелерді өмірге әкелді. 0 цифр деген мағынаны береді.
1.2 Сандар сыр шертеді
Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы:
1 саны - батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.
2 саны - сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.
3 саны- ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны - жұмбақ сан.
5 саны - тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.
6 саны - әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағымдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.
7 саны - әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.
8 саны - басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.
9 саны - қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.
Бұл келтірген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.
Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас деп есептелінеді. Ертегілерде Қырық уәзір айтылады, оның үстіне Ханда қырық кісінің ақылы бар, Қырық кісі бір жақ - қыңыр кісі бір жақ, Қырқында- қыры кеткен деген аталы сөздер бар.
Әр санда өзіндік бір ұғым, мағына болатындығын, сан атаулының мақсаты мен мағынасы болатынын сезініп, түйісе білгендіктен, белгілі бір сан атауларына байланысты мақал-мәтелдерді, ұғымдарға теңеп отырған. әлемдік көзқарас бойынша да сан атаулының әрқайсысында адам баласының дүниетанымы, көзғарасы жатыр. Осы саланы зерттейтін ғылым бар, ол- нумерология деп аталады.
Сан атаулының түрлі құпиясын ақтаруға көмегін тигізетін нумерология ғылымына, оның ішіндегі қазақ халқының киелі деп есептеген сандарының сырын білуге денген құштарлық сезімі заман мен қоғам алға қарыштап қадам басқан сайын өрши түспесе, өшпейді. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген. Сенбейсіз бе, онда тыңдаңыз: Француздың ұлы ғалымы Блез Паскаль теоремасы атты атақты еңбегін он жеті жасында жазса, Венгр халқының атақты ақыны Шандар Петефи небәрі жиырма алты-ақ жыл өмір сүріп, өзінің барлық шығармаларын осы жасқа дейін өмірге әкелді, Тынық Дон роман -эпопеясының 1-2 кітабын жазғанда М.Шолохов небәрі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шоқан Уәлиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас қана өмір сүрді. Әрине, тарихта мұндай 17-30 жас аралығында-ақ атақ-даңққа бөленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23 , 30 жастың қандай құдірет күші бар, жалпы сандардың адам өміріне қатысы қаншалықты шындық?! Бұл жөнінде халықтың наным-сенім, ырымында болжам көп...
Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың. Олардың пікірінше, алдағы ғұмырың туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жоқ, оған ырымшыл жандар, басқа да адамдардың бірқатары сенеді, кейбірі оған күдіктене де қарайды. Алайда мұндай болжам айтушылардың әңгімесіне назар аударған, оны өз өміріңмен салыстырып көрген, алдағыны сандардың айтатынын талдап, танысқан артық емес. Біз енді адамтану мәселесімен айналысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған тиесілі 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталайық.
Ғұмырдың 3 кезеңі Бірінші кезең. Ол - 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?
Ол жөнінде мынандай болжам бар:
Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар - 1, ақпан - 2, наурыз - 3 ай дегендей есеппен 9 - айға - қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан - 10-ай: 1+0=1, қараша - 11-ай; 1+1=2: желтоқсан - 12-ай: 1+2=3).
Екінші кезең. Ол - 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан туған күннің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқылы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы айдың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызына дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны - 9; 7 - ақпанда туғандардың саны - 7 деген тәрізді. Үшінші кезең. Ол - 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз - 7.
Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі тиесілі сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қорытыңыз.

1.3​ Сандар қасиеті
Біз енді сандар қалайша сөйлейді, соған көңіл бөлсек.

1 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келетін болса, бойыңызда сенімділік, бастан сөз асырмайтын шамшылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме, өз өміріңнің бір кезеңіне бұл 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды.Осы күндері бір іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады.

2 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келген кезеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты сандар және олардың қасиеттері. Рационал сандар. Иррационал сандар. Жиын. Жиындарға қолданылатын амалдар. Жиынның қуаты
Бір өлшемді жиындарға амалдар қолдану
Кейбір киелі сандардың танымдық ерекшеліктері
«Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны
Математика оқу бағдарламасы 1 - 4 сыныптар
Кванторы бар сөйлемдерді теріске шығару ережелері
Сандар сырымен танысу
Жиындар мен математикалық логика элементтері
Теріс емес бүтін сандар жиынының қасиеттері
Математика пәнінен дәрістік тезистері
Пәндер