Мемлекет және құқық теориясының пәні туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1 Мемлекет және құқық теориясының пәні .
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде кұрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне - предметіне айналады. Мемлекет және кұқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория - мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын , мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, кұқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.Мемлекет және құқықты бір бірінен айыруға болмайды. Олар объективті тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ ты олар бір ғылымғы жатқанымен өздерінің нақты бағытттары болады. Мемлекет қағамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады. , құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.Міне осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс- тәсілдерін, функцияларын жан- жақты зерттеуге , жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады. Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену , феодалдық , буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде болашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын , әдіс- тәсілдерін зерттейді . Осы үш дәуірде болған және мемлекет пен құқықтын өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжіриебелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.Мемлекет және құқықтың пайда болуы , олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық , құқық бұзушылық мемлекеттің формалары , сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады . Осыған орай қазіргі жаһандану кезеніңде саяси құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда мемлекет пен құқықытың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәні мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынандай мәселелерді шешуді талап етеді:
-Жаһандану заманыңда мемлекеттердің даму бағыттары қандай
-Федерация құрамындағы ұлтық республика , афтаномия немесе ұлттадын жеке тәуелсіз мемлекет құру идеясының болашағы қандай ;
-Ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси құқықтық институттарды еңгізу мяселесі;
-Құқықты реттеу функцияларының мүмкіндіктерін арттыру , тиімді болуының тетіктерің жасау
-Адам құқығының аяққа тапталмуының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен валюнтаризмге жол бермеу;
-Құқық бұзушылық пен жаңа тұжырымламасы мен теориясын қалыптастыру , оны әлеуметтік рпактикада пайдалану ;
Бұл проблеммаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет пен құқықтын негізгі міндеті мемлекет пен құқықтын дамуын тану , қисынды мағынада менгеріп , оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады.Бұл көрініс біртұтастықты тек бөліп алып зерттеу арқылы іс жүзінде асырылады . Тану барысында мемлекет пен құық біртұтастық өзінің барлы күрделі байланыстарымен қозғалыстын дамудын формасы ретінде танылады.Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының интеграцияланған саласы болып табылады .Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және құқық теориясын қалыптастыра алмаймыз.Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең негізгі қорытынды , бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясының категорияларың қалыптастыра алмймыз . Сондықтан интеграцияланған деп айта аламыз .Себебі қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін зертеп білу арқылы объективтік мағынада және жан- жақты ашып көрсете алады. Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оқытады , қоғамның , табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді . Белгілі ресей зерттеушісі В. Нерсесянц өз зертеулерінде былай деп қорытынды жасайды : "Ғылыми зерттеу объектісінің ғылымның пәнінен айырмашылығы бар. Бір объект бірнеше ғылымдармен зерттелуі мүмкін және әр ғылым сол объектіні өзінің ерекше пәні және әдісімен зерттейді... заң ғылымдарының объекті мемлекет және құқық болып табылады, ал оның пәні-құқық пен мемлекеттің негізгі мәндік қасиеттері.[1;4] Сонымен қорыта айтқанда , мемлекет және құқық теориясының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияларын пайда болып , зандылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып таңылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет және құқық теориясының оқулықтары жарық көрді және оларда пәннің анықтамасы бір мағынада берілген : Мемлекет және құқық теориясының пәні-бұл мемлекет пен құқықтын пайда болуынан, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институтттары[2;16] Басқа афторлардың пікірлері бойынша жалпы теорияның пәні - мемлекет пәні құқықтың пайда болуының , дамуының және қызмет атқаруларының заңдылықтары , олардың мәні , құрылымы және мақсаты Профессор Т. Ағдарбеков : Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген қоғамдық дамудын объективтік заңдылығын олардың , олардың әлеуметтік саяси мақсаттарын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудін тетігін және оның даму мақсаттарын көрсетеді , - деп тұжырым жасайды . Ал , У.Д Құдайбергеновтің пікірі бойынша: Мемлекет және құқық теориясы - базалық жалпы теориялық заң ғылымы және заң рқу орнындағ оқу орындарынын бірі . Ол мемлекет және құқық сияқты күрделі әлеуметтік құбылыстардың міндеттері мен мәніне қорытынды фундаменталдық білім береді , олардың заңдылықпен дамуы мен қызметтерің , мемлекет және құқықтың қазіргі қоғамдағы , дүние жүзінің әр аймақтағы рөлің айқындайды.[3;10] Ресей зерттеушісі В.С Нерсесянц: Өзінің ғылыми мәртебесі бойынша мемлекет және құқық теориясы жалпы теориялық сипаты және маңызы бар фундаменталдық заң пәні болып табылады ...онда мемлекет және құқық туралы ғылыми теориялықой пікірдің ең елулі жетістіктері шоғырланған деген пікірге тоқтатылады.[4;72] Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар . Біріншіден, біздің анықтамада көрсетілгендей , Мемлекет және құқықтың дамуы , бір сатыдан бір сапалысатыға көтерілуі еш уақытта өзінен өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды . Әсіресе өндірістік қатынастанрдың жиынтығы оның сипат , формаға ие болған ерекшеліктер - экономикалық детерминизмнің мемлекет пен құқыққа тигізетің ықпалы бар . Экономиканың заңдары қоғамның билеуші күші бола қала бермек . Мысалы: нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі . Бұл жерде мемлекет және құқық пассивті әрекет мәртебесіне ие . К Маркс былай деп жазды : Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда -өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар оладың материалдық өңдіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғаның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұл қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді . Метериалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік,саяси және рухани процестерді туғызады .Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.[5;522-523] Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған тарихи дәстүрлері, әдет ғұрыптары біршама әсер етеді . Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. Ойдан шығарылған жасанды сырттан теліген мемлекеттік- құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс .Мысалы . Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің еңгізген реформалары қазақ қоғамын , ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты , ішкі шиеленістерді күшейтті . Ресей әкімшілігі ұлттық , мемлекттік құқықық институттардың эволюциялық дамуын жасанды реформалармен қиратып , орыс бирюкратиясының жағымсыз көріністерін қазақ даласына күшпен мойындатты . Соның нәтиежесінде біркелкілік жүйенің негізі қаланды , көшпелі қазақ өркениетінің төл-тума құндылықтары , гуманистік мағынадағы құқықтық , әлеуметтік институттары табиғи қажеттерінен мүлдем айырылады . Бұл көрініс ұлттық сана дағдарысын ұрпақтын жалғастыруына негіз болды . Ұлы Мұхтар Әуезов өзінің Көксерек әнгімесінде заман шиелінісін , қасқыр адам образдары арқылы асқан шеберлікпен , философиялық мағынамен көрсете білген . Көк Бөрі көшпелі қоғамның ғасырлар бойы қабылдаған төтемі мен рухы , мифологиялық табыну символы жаңа даму сатысында сырттан телінген басқа жат құбылыстар дың әсерінең қанішер ,барып тұрған жауыз , рақымсыыз көріністін символына айналды . Соныңда өзі де өліа тынды . Бұл мағынада Ұлы ойшыл кошпелі қазақ құндылықтарын болашақта құрдымға кететіні асқан көрегенділік пен көрсеткен. [6;185] Үшіншіден, мемлекет және құқық теориясының танымдық мағынасы тарихтың даму ерекшеліктерімен байланысып отырады. Траихтың сабақтары мен қалыптастырған тұжырымдамаға теориялық деңгейде қорытындылар жасауға жаңа принциптер, ұғымдар мен анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады. Төртіншіден, мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік құқықтық түсініктерді өзінің негізгі тақырыбы ретіңде зерттейді және бүкіл юриспруденция ғылымына әдістемелік маңызы бар пән болып табылады . [7;185] Бесіншіден: мемлекет және құқық теориясының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп , эмпирикалық санаға байқалмайтын ішкі мәнің , қозғалысын ашып көрсетіп , адам игілігіне жарату болып табылады .Мемлекет және құқық жүйесінің негізгі даму заңдылығын, мәнің , әр тарихи кезеңге тән сипаттары мен қызметтері диалектикалық тұрғыдан зерттеліп , теориялық қорытындылар жасалынады. Алтыншыдан , мемлекет және құқық теориясы салалы құқық жүйелерін (конституциялық, әкімшілік, қаржы, азаматтық ,салық, кедендік, экологиялық , жер , қылмыстық т.б) құқық салаларын оқудын , танудын іргетасы, негізгі өзегі. Жетіншіден, Бұл пән тәуелсіз қазақстанда болашақ заңгерлердің теориялық білімдерін терңдетіп , кәсіптік деңгейлерің жоғарғы рухани дәрежеде болып қалыптасуына өлшеусіз ықпалын тигізеді.
4 Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің пайда болуын оқып-білу үрдісі тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз ақиқат болса, оның қалыптасу барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де, осы күрделі мәселенің барынша кең таралған көрінісін қарастырып көрейік. Алғашқы қауымдық ұжымдық өндірістік қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек бөліністері, яғни мал шаруашылығының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының қалыптасуы, сондай-ақ еңбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала бастайды. Ақырында ру қауымының ортақ меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады. Осы кезеңнен бастап қоғамда маңызды қызмет түрімен айналысатын, бірақ материалдық өндіріске тікелей қатыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалық құрылым күрделене түседі, әлеуметтік қызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде қауымның өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса бастады. Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру үрдісі де әсерін тигізді. Бір жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша былай көрсетуге болады:
- ірі еңбек бөліністерінің болуы;
- еңбек өнімділігінің артуы;
- артық өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне келсек, жеке меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады. Енді меншік иелері -байлардың басқа ру мүшелерімен - кедейлермен мәселелерді бірлесіп, тең негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары, көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.
Мемлекет дегеніміз - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйьм [9]. Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:
- Қоғамнан ажыратылатын ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Жария билік алғашқы қауымдық қоғамда да танылған, бірақ оның ерекшелігі ол қоғамнан ажыратылмаған еді, оны жүзеге асыруға қоғамның барлық мүшелері қатысатын. Ал, кез келген мемлекетте шынайы билік мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылады. Ол адамдардың басқарумен айналысатын ерекше тобынан құралады және қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.
- Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Мүшелері руға, тайпаға тән болу сипатына қарай бөлінетін алғашқы қауымдық қоғамға қарағанда, мемлекеттілік тұрғындар белгілі бір аумақта өмір сүру белгісіне байланысты бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне және басқаруды дұрыс жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық қауымның ыдырауы халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен еді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға ғана тарайды.
- Тұрғындардан салықтарды жинау. Салықтар мемлекетпен қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістері әскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтік салаларды, мемлекеттің өзге де қажеттіліктерін өтеуді қаржыландыруға кетеді.
- Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекет прокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа) кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.
- Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілер қабылдайды.
- Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.
"Мемлекет бұл тәуелсіз адамдардың қоғамдық одағы. Өзара келісілген тәртібі мен мемлекет органымен бекітілген құкығы бар. Мемлекеттің негізгі атқаратын бағыттары олардың барлық бірдей қызметтері туралы аныктау және олардың негізгі орны мен қызметін қоғам өмірімен саяси жүйеде орналастыру.
Мемлекет пен құқық сарапшыларының арасында қазіргі кезде және алдыңғы уақыттарда да мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты карастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік - кұкықтық жүйе, кұлиеленушілік жүйе болды.
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде бірінші кезекті маңыз, даусыз жағдайда мемлекет үшін карым-қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзак уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді козғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады. Мемлекетке берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі. Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін түрақты сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып, логикалық қорытындылардың қажеті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, кисындауға ұмтылушылық жиі кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады. Мемлекеттік билік қоғамдық биліктің бірден-бір жалғыз үлгісі емес. Мемлекет барлық қоғамдық одақтардың ішіндегі басымдығы бойынша билік етуші болып саналады.
"Мемлекет - бұл әлеуметтік өкілдерден тұратын таптар одағы, жалпы адамзаттық қағидалармен негізделген өзіне сәйкес рухани билік - бұл ой Тихомиров А.А. өзінің жеке ойымен мемлекетті түсіндіреді [10,31бет], осыған ұқсас Шершиневичте Г.Ф. "Мемлекет бір орталыққа біріккен адамдар билігі мен территория иесімен сипатталған" . Сонымен, мемлекетті аппарат билігі сияқты немесе мемлекеттік үйымдасқан қоғам сияқты қарастырын, айтуға болады. Мемлекетті зерттей отырып, оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Мемлекет қоғамсыз өмір сүрмейді. Көп жағдайда мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
Пәндер