ҚР құқықтық мемлекет ретінде пайда болуы мен қалыптасуы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының қоғамдық Каспий университеті
Эссе
Тақырыбы: ҚР құқықтық мемлекет ретінде пайда болуы мен қалыптасуы
Орындаған : Мәдениетаралық коммуникативті аударма тобының 1 курс студенті
Таниркулова Дарина Муратовна
Алматы 2020
Жалпы құқықтық мемлекет деген не?
Құқықтық мемлекет-конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет өзінің басты салаларының бірі ретінде биліктің нақтылығын, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығы мен қарапайым халықтың сол жаң жүйесіне бағынуын бақылай отырып, сол қауіпті істердің болмауына назар аударып, қандай да бір жағдайда мемлекет тарапынан тигізілген қандай бір кесірдің болуында өтеп алуды қарастыратын мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тарихи ежелгі кездерден ақ келе жатыр. Яғни ата ғасырынан бастап мұндай ұғым тарихымызға ене бастаған. Құқық тікелей заңнамалар жинағы меен қлттық кодекспен тікелей байланысты. Не себепті? . . . Себебі құқық сөзінің өзі заң деп қарастыруға болады, өйткені дәл заң жинағындай мұнда да адами құқықтар мен мүмкіншіліктері қарастырылады. Бастысы, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Демек адам құқықтарын заң арқылы да өңдеп қрғауға мүмкіншіліктеріміз бар.
Құқықтық мемлекет идеясының негізі - оның демократиялылығында, билік негізі ретінде қарапайым халықтың бостандығын бекіту, мемлекеттің жалпы бір қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясының ең бастысы - мемлекеттің және ондағы белгілі органдардың зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау мақсаты болатын мемлекеттің қандай да бір құқықпен байланыстылығы болып табылады. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектегендігімен айрықшалынады, ал ондағы ең маңызды принцип - құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі не деген сұрақ туындауы мүмкін. Ендеше, құқық үстемдігі дегеніміз- заңмен тікелей байланысты немесе заң негізінде құрылған деп атасақ та болады. . Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заңның басымдылығы арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Құқықтық мемлекеттіңбилік органдарын енгізудегі басты қағидаларының бірі ол-тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің бар болуы. Оның басты мақсаты мемлекеттің үш тармағын жеке иемденіп кете алмайтындай етіп, өзара өкілдерімен біріге немесе бөле отырып билеу болып табылады. Оған қоса, билікті басқаруда басты ережелердің бірі біртұтастық болғандықтан ережелерден ауытқу қандай да бір қиындықтар туындатады, дәл сол себепті билік ыдырамай өз қалпында қалады. Біртұтастық ережесі жоғары өкілетті биліктің бір басқармада екендігін айқындайды, демек, барлығы жұмыла отырып жұмыс атқарады
Құқықтық мемлекетті қалыптастырып дамыту ежелгі кездерден ақ адамдардың басты мақсаттарының біріне айналған болатын. Көне дәуірдің ойшылдары:Сократ, Демокрит, Платон құқықтың өзара қатынасын инабаттылық, көрегендік пен шыншылдықпен байланыстырмақ болды. Осы ғалымдарымыз құқықтық негіздерді ойлай отырып, көп қиялданып көптеген деректер қалдырып кеткен болатын. Құқықтық мемлекет термині тұңғыш рет ХIХ ғaсырдың біріншi жapтысындa пaйда бoлып, кeйін Eуропaның бiршама елдеріне таратылған болатын. Бiрақ құқықтық мeмлeкет жайлы негізгi көзқaрастаp aнтикалық замандaрда негізін қалап, мемлекeт пeн құқықтың байланысы жaйлы тұжырымдaмалар жаcaлған болатын. Жаңа замaндa құқықтық мемлeкет турaлы көзқаpaстардың қaлыптасуы тaбиғи құқықтың дoктaринaсының бекітiлуі, зaйырлы зaң дүниeтaнымының пайдa болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқaрушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптaсуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы aрнасында жүрдi.
Мемлекeттің дaмуы - мeмлекет қoғамдық eңбек бөлінiсінiң, жeке меншiктің пaйда бoлуы әсepiнде aлғашқы қaуымдық құрылыcтың тoпқа бөлiнуінен пaйда бoлған туындыcы. Мeмлекет жaрия үкiметтің iс- әрекeті мeн пaйда бoлуының нәтижеci peтінде қaлыптасқан, қоғaмның өмірін ұйымдaстырудың ныcаны мен оның негiзгі салaларына бaсшылық көрсетeтін, қaжетті жағдаяттaрда мемлeкеттiң күш-қуaтына үйренiсетін бaсқару жүйеci.
Құқық екі жолмен дамыған болатын. Біріншісі, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдық-діни нормаға сүйенді. Мысалға, Индия да Ману заңына бағынады, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы орын алады. Екіншісі, жеке меншік бағыттардағы қатынастардың мемлекеттік органдарының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеліп, басқарылады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің құқықтық тәртібіне, билігіне бағынып, өзінің мінезін, іс- әрекетін, тәртібін қоғамдық мүде - мақсатты орындауға жұмсап келе жатыр. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен айналысып, ғылыми зерттеулер атқарып келеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда бекітілген әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Онда әлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және оны жүзеге асыру талаптары заң шығарушы және атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті - заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің міндеті. Биліктің бөлінуінің әрекетшілдігі және тиімділігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара әрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары ара - қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі - бір заңдылық туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің әрекетін шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр.
Тұлға еркіндігі, оның құқықтары мен мүдделері, ар-намысы, абыройы оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру қағидаларының мызғымастығы басқа тұлғаларға қатысты тұлғаның еркі мен құқығын қорғаумен қатар, қоғамға қатыстыны да қорғау болып табылады. Адамның бостандығы мен құқығы билік берген «сый» емес, бұл оған тумысынан тиесілі. Адам қоғамның мүшесі ретінде өз еркіндігі мен құқығы барлығын түсінсе, дәл солай ол өзінің бағыныштылығын да ұғынуы керек. Бұл отбасылық, корпоративтік, сословиялық бағынуды мемлекет қоғамда тәртіп пен тыныштықты сақтау мақсатында шектемесе, ол керекті шекарадан асып, тұлғаны басын-жаншуға дейін жетуі мүмкін.
Құкықтық мемлекетте билікті бөлу олардын өзара әрекет ету ұйымдық-құқықтық механизмін, әрқайсысы ез құзыры шеңберіне тоқтау және қарама-қарсылықты ұстап тұру мақсатын және сонымен қатар өзге биліктерден дербестігін әрі тәуелсіздігін қамтамасыз етуді өзіне косып алган. Билікті бөлу - бұл құкық пен мемлекеттің дамығандығының көрсеткіші. Билікті бөлмейінше құқықтық мемлекет пен құқықтық зандардың болуы мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz