Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері туралы
СӨЖ
Тақырыбы:Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері.
Қабылдаушы: Кулиев Илияс
Тапсырушы: Бисенова Асем(финансы 4группа)
ЖОСПАР:
1.экономикалық теорияның тарихы.
2.Зерттеу әдістері.
3.Экономикалық теорияның даму кезеңіндегі мектептер.
4.Қортынды
Қазіргі экономикалық білімдердің құрылымында экономикалық ілімдердің тарихы маңызды орын алады. Бұл аталған курстың мәселелік ерекшелігі - экономикалық ой-пікірлердің пайда болуын, қалыптасуы мен дамуын тарихи-кеңістік аспектісінде талдауға байланысты. Осылайша, экономикалық ілімдер тарихының пәні қоғамның түрлі тарихи даму сатыларында экономикалық теорияның жүйелі даму үрдісі болып табылады. Экономикалық теорияның жүздеген жылдар дамуы барысында оның мәні кезең-кезеңмен өзгеріп отырды. ХVІІІ ғасырда экономика ғылымының пәні - халық байлығының табиғаты мен себептерін (А. Смит) зерделеу болса, ал ХІХ ғасырда шығарылған өнімді бөлуді анықтайтын заңдар (Д. Рикардо) және өндірістік қатынастар жиынтығы (К. Маркс) болды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде экономикалық теория белгілі нақты мақсаттарды (мысалы, ең жоғары пайда табуды) көздейтін және шектеулі (әдетте, балама) ресурстарды пайдаланатын адамның мінез-құлқы туралы ғылым ретінде анықтала бастады. ХХ ғасырда біртіндеп, экономикалық теория жекелеген экономикалық тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалардың) мінез-құлық шарттары мен тәсілдерін зерттейтін микроэкономикаға және экономикалық мінез-құлықты тұтас зерттейтін макроэкономикаға бөлінді.Ғылым тарихында кумулятивтік және эволюциялық көзқарастарды ажырату қалыптасқан. Кумулятивтік көзқарасқа сәйкес ғылыми білімдер жинақталады, сондықтан кейінгі қалыптасқан теориялар ескілердің жетілдірілуі болып табылады. Зерттеу әдістері жетіле түскендіктен кейінгі қалыптасқан теориялар кейбір жаңа мәселелерді енбұрынғы шешілмеген міндеттерді шеше алады, алдыңғылардың қателерін түзей алады, сараптамалық салаға кейбір жаңа мәселелерді енгізе алады. М. Блаугтың пікірінше, кумулятивтік ұстаным сараптамалық құралдардың үнемі жетілдіріліп, ұлғайтылуын, эмпирикалық деректердің үздіксіз жинақталып, реттелуін, экономикалық жүйе жұмысының бұрынғыға қарағанда жақсырақ ұғынылуын білдіреді.
Экономика ғылымының дамуындағы эволюциялық көзқарас бойынша экономикалық мінез-құлық заңдары өзгеріссіз қалмайды, олар белгілі бір уақытқа қарай айтарлықтай өзгереді. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде экономистер түрлі экономикалық нақтылықты зерттейді және оған жаңа ғылыми парадигма сәйкес болуы керек. Осы көзқарас бойынша өзгерген шындыққа жауап беретін жаңа теориялар жасау қажет. Эволюциялық өзгеріс нәтижелері әдетте алдын ала болжанбайды. Сондықтан белгілі тарихи кезеңде аса мән берілмеген құбылыс басқа кезеңде үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін. Осы ретте ескі экономикалық ой-пікір туындаған жаңа экономикалық нақтылықты ұғынуда және жаңа модельдерді құруда тиімді болуы мүмкін.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіңдірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз -- ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінін жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі -- ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz