Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Факультеті:《
Педагогика ғылымдары》
Кафедрасы:《Шетел тілі: екі шет тілі》
Семинар жауаптары
Тақырыбы: «Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі»
Орындаған: Бақтыберген А. Е.
Тексерген: Ақпанбаев Е. Ж.
Топ: ИЯ 19-04-03
Алматы 2020
1. Құқық негіздері оқу пәнінің түсінігі мен жалпы жүйесі .
«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бірсаласы.
Құқық негіздері пәнінің әдіс-тәсілдері:
1. Жалпылама әдістер (диалектикалық-материалистік)
2. Жалпы ғылыми әдістер ( талдау, жүйелеу, синтездеу)
3. Жекеленген әдістер (салыстырмалы, міндеттеу, социологиялық, статистикалық т. б. )
Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді:
1. Теориялық заң ғылымдары. Оларға мемлкект және құқық теориясы жатады.
2. Мемлекет пен құқық тарихы. Оларға Қазақстан Республикасы, басқа да елдердің мемлекті мен құқығының тарихы жатады.
3. Салалық заң ғылымдары ( азаматтық, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек т. б. )
4. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы т. б. )
2. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
Мемлекет мәселесін қарастыруды алдымен қоғамнан бастауымыз керек Қоғам- адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны болып табылады. Оның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып айырбасталауы белгілі бір тәртіпті, адмдар арасындағы қарым-қатнастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуды қажет етеді Ол үшін адамдардың мінез-құлығын басқару және реттеуді жүзеге асыратын ерекше құрал керек. Сондай құрал ретінде мемлекет пайда болған.
2. Мемлекеттің түсінігі белгілері, нысаны, пайда болуы, түрлері, қызметі және мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар және қызметі. Мемлекеттік аппарат.
Мемлекет дегеніміз белгілі бір аумақ щеңберінде басқару функциясын орындайтын және соның көмегіменқоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, бүкіл халыққа міндеттізаңдар мен ереже қағидаларын қабылдайтын және сол нормалар арқылықоғамдық өмірді реттейтін ерекше құқылы саяси ұйым Мемлекеттің белгілері . Жария билігінің. Белгілі территориясының болуы, мемлекттік органдарының, егемендігінің болуы. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:теологиялық, патриархалдық, коғамдық келісім теориясы психлолгиялық, органикалық теория, материалистік. Мемлекеттік басқару нысандары : монархия (абсолютті, шектеулі, дуалистік), республика( парламенттік, президенттік, аралас) . Құрылым нысаны : 1) қарапайым, унитарлы; 2) күрлелі мемлекет (империя. федерация, конфедерация, одақтастық) Саяси режимге қараймемлекттер үш түрге бөлінеді: тоталитарлы, авторитарлы, демократиялық.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар .
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типтегі елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаңғ күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялар:
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория - осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриарқалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
Писхологиялық теория - адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т. б.
3. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы-құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми оргындар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сон-дай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді . Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағ өзара қарым - қатынас саласында кірісу жат құбылыс . Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айырықша қаморлық көрсетеді және он сақталуын қадағалап отырады.
Құықтық мемлекеттің белгілірі :мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі, заң үстемдігі, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі. құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейде болуы, дамыған азаматтық қоғам, нарықтық экономика, құқық қорғау органдарының тиімді жүесінің болуы, заңдардың халқаралық құқық нормаларға сәйкестігі т. б. Еліиізде билікті үш тармаққа бөлу принципі алғаш рет 1999 ж 25қарашада қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік суверенитеті туралы» декларация негізінде енгізілді. 1993 жылғы конституция мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, және сот билігі болып бөлінетінін адам өмірі, оның бостандығы мен құқықтары қоғамдаы ең жоғарғы қңндылық екендігін жариялады. Қазіргі, 1995 жылғы конституция да осы қағыдаларды бекітті. Сонымен қатар елімізде әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекет барлық әлеуметтік топтарын қорғауды оларға өз азаматтарына қамтамасыз ететін мемлекет.
4. Құқық ұғымы, оның теориялық негіздері, белгілері, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.
Құқық дегеніміз - жалпыға бірдей міндетті, мемлекттің күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатнастарды реттейтін, заңды және басқа да құжаттарда анықталған нормалар жиынтығы. «Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады.
Құықтың белгілері жүйелелігі, нормативтік сипаты, формальді анықтылығы, мемлекетттің күшіне сүйенуі, жалпыға бірдей міндеттілігі, адамдардың еркін білдіруі және өзгермелілігі. Құқықтың қызметі:реттеу, қорғау және тәрбиелеу. Заң дегеніміз жалпыға бірдей міндетті, мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер жиынтығы.
Құықтық нормалардың құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкциядан тұрады.
5. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
Құықтық сана адамдардың құқыққа көзқарастарын білдіретін түсініктері мен сезімдерінінң, бағалары мен мақсаттарының жиынтығы. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Құқықтық сана заң нормалары мен нақты қоғамдық қатнастар арақатнасын белгілей отырып құқықтың мүмкіндігінше қандай болуы керектігін анықтайды. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени- тарихи мазмұнымен күшті Құқықтық сана жеке топтық және қоғамдық болып үш түрге бөлінеді. Құқықтық мәдениет . Қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін көрсетеді.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ. С. Сапарғалиев пен А. С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі».
6. Мемлекет пен құқықтың өзара байланысы мен арақатынасы.
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас - бұл мемлекет пен құқық идеалары, ұғымдары арасындағы қатынас емес, нақты дүниеге қатынасты байланыс категориясы.
Мемлекет пен құқық бірін-бірі туғызбайды. Олардың екеуі де қоғамнан туындаған.
Олардың әрекеттері үнемі жанасып жатады. Мемлекет құқықты іске асыруға қатысады, құқықтық нормалар өз күшін мемлекетке де жүргізеді. Бұл заңдылық, өйткені құқық пен мемлекет бір органикалық тұтастықтың тараптары болып табылады. Мемлекет пен құқықтың ара қатанасы олардың бірлігімен, айырмашылығымен және өзара байланысымен сипатталады.
Мемлекет пен құқықтың бірлігі мынада:
-Олар бірге пайда болып, дамиды.
-Мәндері мен тұрпаттарын зерттеудің бірдей жолдары болады.
-Биліктің, басқарудың құралдары болып табылады.
-Жеке, топтық және қоғамдық мүдделерді үйлестіру, қамтамассыз етуге арналады.
-Бір базиске негізделіп, әлеуметтік - экономикалық, рухани және т. б. факторлармен анықталады.
Мемлекет пен құқық арасындағы айырмашылық:
-Мемлекет саяси биліктің айрықша ұйымы болса, құқық әлеуметтік реттеуші болып табылады.
-Егер мемлекет күшті білдірсе, құқық- ерікті білдіреді.
-Мемлекеттің бастапқы элементі мемлекеттік орган болса, құқықтікі- норма болып табылады.
-Олар қызметтері, нысандары және т. б. бойынша да сәйкеспейді.
7. Құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) - құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы - құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция - құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция - мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) бейнеленген диспозиция - мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері
анықталса; в) сілтемелі диспозиция - егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті - анық, б) баламалы, в) салыстырмалы.
8. Қазақ жерінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қалыптасуы.
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы тарихы мен даму кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы қарастырылады. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің әдет-ғұрыптық құқықтарының құрылымдарымен таныстыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық тарихы мен еліміздің болашақтағы мемлекеттік құқықтық даму бағыттарын айқындау.
Құрметті «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты конференцияға қатысушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгінде құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, занды білу - заман талабы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz