Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау құрылымдау деректер базасын әзірлеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау, құрылымдау(деректер базасын әзірлеу).
Дерекқор немесе деректер базасы(фран. base, грек.basis- негіз) - ұзақ мерзімге сақтауға(әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің реттелген жиынтығы.
Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар, атластар, әртүрлі картотекалар, анықтамалық басылымдар, құжаттар және т.б құруы мүмкін.
Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ- мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ- нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым- қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолданылуына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады.
Деректер базасын басқару жүйесі - бұл қолданушыларға деректер базасын анықтауға, құруға және сүйеуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге оған қадағалынатын рұқсатты беретін бағдарламалық қаптама. ДББЖ қолданушының қолданбалы бағдарламалары және деректер өзара әрекеттесіп, келесі мүмкіндіктерге ие:
1. Деректер базасын анықтау, әдетте деректер базасын анықтау тілі (DDL -- Data Definition Language) арқылы іске асырылады. DDL тілі қолданушыларға деректер типін және олардың құрылымын көрсету құралдарын, сонымен бірге деректер базасында сақталатын ақпараттар үшін шектеулер қою құралдарын ұсынады.
2. Деректер базасына ақпарат қою, жаңарту, жою және басқа да амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Әдетте бұл амалдар деректерді басқару тілі (DML -- Data Manipulation Language) арқылы орындалады. Барлық деректер және олардың сипаттары үшін ортақтандырылған қойманың болуы DML тілін сұраныстарды ұйымдастырудың жалпы құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
3. Деректер базасына қадағаланатын рұқсатты келесі құралдар арқылы пайдалануға береді:
* Бекітілмеген қолданушыларға деректер базасына рұқсат бермейтін қауіпсіздікті қадағалау жүйелері;
* сақталатын деректердің өз-өзіне қайшы келмейтін күй-жағдайын қамтамасыз ететін бүтіндікті сақтау жүйелері;
* деректер базасына ортақ рұсат беру үрдісін қадағалайтын қосымшалардың параллель жұмысын басқару жүйелері;
* аппараттық не бағдарламалық қамтаманың жұмыстан шығу нәтижесінде бұзылған деректер базасын алдыңғы қайшы келмеу жағдайына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қалпына келтіру жүйелері;
* деректер базасында сақталатын ақпараттардың сипаттамалары енгізілген қолданушылар үшін каталог.
* Қолданушыларға тек нақты қажетті деректерді ұсыну арқылы жұмысты жеңілдетумен бірге , бейнелердің басқа да ерекшеліктері бар:
* Қосымша деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бейнелер кейбір қолданушылардан деректердің кейбір мәліметтерін жасыру мақсатында құрылуы мүмкін. Мысалы , бөлімдердің іс жүргізушілері және есеп-қисап бөлімінің есептеу секторының қызметкерлеріне барлық қызметшілер және олардың жалақылары туралы бейне құруға болады. Сонымен бірге, деректерге басқа қолданушылардың мүмкіндігін шектеу мақсатында тағы бір, мысалы, жалақылары туралы ақпарат алып тасталған бейне құруға болады.
* Деректер базасының сыртқы интерфейсін баптау қызметі ұсынады. Мысалы , келісім-шарт бөлімінің қызметкерлері Ай сайынғы жалдық төлем атты өріспен жұмыс істеп, оған қарапайым Төлем деген атау бере алады.
* Деректер базасының сыртқы интерфейсін оның құрылымына өзгерістер, мысалы, өрістерді қосу не жою, байланыстарды өзгерту, файлдарды бөлу, оларды қайта құру не атын өзгерту, енгізгенде де қайшы келмеуге және өзгеріссіз қалуға мүмкіндік береді.
ДББЖ ортасында 5 негізгі компоненттерді бөліп көрсетууге болады: аппараттық қамтама, бағдарламалық қамтама, деректер, процедуралар және қолданушылар.
ДББЖ мен жұмыс істеу үшін қандай да бір аппараттық бағдарлама қажет. Ол өте кең аралықта - жалғыз дербес компьютер не бір мейнфреймден көп санды компьютерлі желілерге дейін түрленуі мүмкін. Қолданылатын аппараттық қамтама нақты ұйымның және қолданылатын ДББЖ ның түріне байланысты болады. Кейбір ДББЖ лар операциялық жүйелердің не қондырғылардың тек нақты типтеріне арналса, басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалар және түрлі операциялық жүйелермен жұмыс істей алады. Әдетте ДББЖ мен жұмыс істеуге минимум оперативті және дискілі жады жұмсалады. Бірақ мұндай минимальды конфигурация жүйенің жарамды өнімділігіне жетпеуіне алып келуі мүмкін.
Бұл компонент ДББЖ ның өзіндік бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы бағдарламаларды,егер ДББЖ желіде қолданылса, желілік бағдарламалық қамтамаларды өз ішіне алады. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal сияқты үшінші ұрпақ тілдерінде не операторлары осы тілдердің бағдарламаларына енгізілетін SQL типті төртінші ұрпақ тілдерінде құрылуы мүмкін. Дегенмен , ДББЖ сұраныстардың процедуралық емес тілдері, есептер генераторы, графикалық бейнелер және толықмасштабты қосымшалардың көмегімен жылдам қосымшалар құру үшін өзінің арнайы төртінші ұрпақ құралдарына ие болуы мүмкін.
ДББЖ ортасының ең маңызды компонентті деректер болыптабылады. Деректер туралы және компьютер арасында көпір рөлін атқарады. Деректер базасы жұмыс, сонымен бірге, метадеректер, яғни деректер туралы деректер ден тұрады. Деректер базасының құрылымы сұлба деп аталады .
Процедураларға деректер базасын жобалауда дәне қолдануда есепке алынатын нұсқаулар және қағидаларжатады. Қолданушыларға және қызмет етушілерге берілетін жүйені қолдану және күзету процедуларын толық қамтитын құжатнаманы беру қажет.
ДББЖ ортасының соңғы компоненті - бұл жүйе қолданушылары. Олардың ішінен 4 түрлі топты бөліп көрсетуге болады:
* Деректер базасының администраторы;
* Деректер базасын құрушылар;
* қолданбалы бағдарламаушылар;
* ақырғы қолданушылар.
Деректер базасы және ДББЖ кез келген басқарылатын ресурстар сияқты корпоративті қор болып табылады. Әдетте деректер базасын басқару ДББЖ және оған енгізілген деректерді қадағалауды қарастырады. Деректер администраторы деректерді басқаруға, деректер базасын жоспарлауға, стандарттарды, бизнес-қағидаларды және жұмыс процедураларын құру және күзетуге, сонымен бірге деректер базасын концептуалды және логикалық жобалауға жауап береді. Деректер администраторы алға қойылған корпоративтік мақсаттарға жету үшін деректер базасыныңжалпы бағытының сәйкестігін қадағалап, басшылықтың жоғарғы буынына өзінің кеңес және ұсыныстарын береді.
Үлкен көлемді деректер базасын жобалауға құрушыларды екі түрлі типі қатысады: логикалық деректер базасын құрушылар және физикалық деректер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты жинау
Мәліметтер жинау
Деректерді талдау
Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Көлік компаниясының ақпараттық қажеттіліктерін бағалау
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Мектепте тарих сабағынан тыс оқытушының көмегімен оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Жасанды интеллект түсінігі
АВТОКӨЛІКТЕР МЕН АВТОКӨЛІК БӨЛШЕКТЕРІН САТУ БОЙЫНША ДҮКЕННІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТЕСТІЛЕУ
Пәндер