Салауатты өмір салтын сақтауға деген ынтаны арттыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Салауатты өмір салтын сақтауға деген ынтаны арттыру.

Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні жас ұрпақтарда, ал дені сау жастарды тәрбиелеу негізі мектеп қабырғасынан басталады.

Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Соңғы жылдары нарық қыспағына түскен жастар рухани да, мәдени де, спорт жағынан да құлдырап кетті. Бұл, әрине, өсер ұрпаққа теріс әсерін тигізуде. Қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтар тым күрделеніп кетті. Әлі де өмір жолына түспеген ұрпақты сақтандыру үшін, бос уақыттарын мәнді де мәнерлі өткізуіне көңіл бөлу керек. Осыдан шығар бірден-бір жол - спорт пен өнерге балаларды тарту.

Мектептегі тәрбие Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағыты бойынша жүргізіледі. Осы 12 бағыттың 9- бағыты Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру болып табылады . Мен өзімнің шығармашылық тақырыбым ретінде «Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбын алдым.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.

Олар келесі мақсаттарда көзделеді :

- Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;

- Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;

- Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;

- Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;

- Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;

- Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.

Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде оқушылардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі, себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеуметтік, тұлғалық, рухани) . Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін, оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз:

- Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

- Шынықтыру . Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб, вирустармен жақсы күреседі.

- Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық - адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

- Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да, шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.

- Зиянды әдеттердің алдын алу. Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп, өмірді қысқартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбие саласы. Дене тәрбиесінің міндеттері мен маңызы
Дене тәрбиесі теориясының негіздері
Денсаулық түсінігі және оның құрамы
Табиғат қорғау дәстүрлері
Адам денсаулығына және организмге жүгірудің әсері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Жалпы дене шынықтыру
САЛТЫН ОҚЬПУ
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz