Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды

сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орнына қарай үлкен екі салаға бөлетіні белгілі. Олар: ғұрып фольклоры және көркем фольклор . Бұл жіктеу көптеген халықтар фольклортану ғылымында орныққан. Ғұрып фольклоры дегеніміз тұрмыс-салт, наным-сенім, ұлттық дүниетаным негізінде туған сюжетсіз әрі синкретті сипаттағы халық поэзиясы болып табылады. Ғұрып фольклорына тұрмыс-салт жырлары, мұң-шер өлеңдері, үйлену салт жырлары және т. б. халық поэзия жанрлары жатады. Көркем фольклор деп мазмұны, тақырыптық-идеялық ерекшелігі, оқиғалар желісі, сюжеттік құрамы, композициялық құрылысы, образдар жүйесі және поэтикасы негізінде халық өмірін суреттеген сюжетті көркем шығармалар жиынтығын айтамыз. Көркем фольклор құрамына қазақ эпостары, ертегілері, хикаялар және сол сияқты сюжетті халық поэзиясы мен проза жанрларын жатқызамыз.

Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы, теоретик А. Байтұрсынов

«Әдебиет танытқыш» еңбегінде жалпы типологияға сүйеніп, қазақ фольклоры жанрларын үлкен 2 салаға топтайды. Оларды : сарындама (ғұрып ф. ) және сауықтама (көркем ф. ) деген терминмен атайды.

Фольклор халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркемөнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек т. б. ) тұтастай жинақтаған ғылым саласы.

Ол тек ауыз әдебиетімен ғана емес, «этнография», «этномәдениет» ұғымдарымен де сабақтасып жатыр . Фольклор - ертедегі халық өмірінің айнасы. Фольклор - халық шығармашылығының асыл қазынасы . Фольклор этнография, әдебиет, тарих, педагогика, мәдениет, тіл білімі және т. б. ғылым салаларын бойына жинаған рухани мұра . Сол себепті фольклорлық үлгідегі шығармалар типология мәселесін халық өнерінің түрлері мен түрлі ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қарастырған жөн. Халық шығармашылығын тек қана әдебиеттану принциптері бойынша жіктеу ғылыми тұрғыдан теріс.

Қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңымен XIX ғасырдан басталады . П. И. Рычков, П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. Ф. Фальк, И. Г. Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады. XIX ғасырдың

2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.

Шын мәніндегі қазақ фольклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә. А. Диваев, М. Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады . XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т. б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған. Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ. Өскенбайұлы, X. Досмұхамедов, т. б. зиялылар шоғыры қазақ фольклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.

Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926), Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927), Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) - қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фольклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20-30-жылдары, 30-50-жылдары, 50-90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фольклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.

«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов қазақ фольклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады.

Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә. Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. сұраныстары. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.

“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т. б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты . Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты. Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т. б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғылыми (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, М. Дүйсенов, Н. Төреқұл, Р. Бердібаев, М. Мағауин С. Қасқабасов т. б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т. б. ) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман - Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғылыми зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т. б

Қазақ фольклорының бай мұраларын, оның көшпелі қазақ қоғамында билік, басқару, құқықтық тәрбие саласында атқаратын рөліне тұңғыш болып Шоқан Уәлиханов назар аударды. Өзінің жазып қалдырған құнды еңбектерінде қазақ ағартушысы фольклордың көшпелі қазақ қоғамында ерекше мәндік сипатқа ие болғанын ерекше атап көрсетеді. Оның пікірінше фольклордағы шешендік өнер - билер институтының, әділсот ісін жүргізудің ең тиімді, ұлт санасына ғасырлар бойы қалыптастырған ел басқарудағы тиімді рухани құрал, сот прецеденті.

Ән - көңілдің ажары кез - келген жиын - тойдың сәні ән мен жыр екендігі белгілі. Ән айтылып, күй тартылмай, ойын - сауық болмай қазақ тойдан тарқаған емес. Қашанда әуезді ән адамның көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Ән тек қана көңіл көтеріп, қызықтау ғана емес, рухани жақтан адамға дем беріп, шабыт беріп отыратын қуатты құрал. Ән музыкалық шығарманың мәнерлеп, әсем ырғақпен, дауыстап айтылатын түрі, әуен, сазды үн. Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани - мәдени мұраларының бірі - фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор - сөз өнері, халық даналығы, ел естілігі ретінде көрсетілген.

«Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, фольклортануды » өнертану ғылымымен салаластығын да көрсеткен. Осы мәселеге орай В. П. Аникин мен Ю. Г. Круглов: « Очень существенно, что отделение фольклористики как искусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные представители последней » ( Русское народное поэтическое творчество. - Л., 1987, 6 - б. ), - деген болса, Ю. В. Бромлей « этнография мен өнертану салаларының сабақтастығын анықтауда оларды әрі эстетикалық, әрі этникалық қызмет атқаратыны ескерілуі қажет екенін ескертеді» ( Этнос и этнография. - М., 1973, 223 - б. )

Бұл ғылыми саласының мақсаты - халқымыздың музыкалық мәдениетін, соның ішінде фольклорлық мұрасын жете игеріп, негізгі белгілері мен сипаттарын ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу еңбектерімен танысып, фольклор туындылары - халық ән - күйлерін тереңірек игеру міндеті де туады. Көне дәуірлерден келе жатқан музыка үлгілерінің халықтық тыныс - тіршілігі - этнографиясымен байланысты екені айқын. Музыкалық фольклордың тікелей халқымыздың тұрмыс - салт ерекшеліктерінен де туындайтын үлгілері де аз емес. Осы белгісіне орай, қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі арнаға жіктейміз:

Салтқа байланысты туған фольклор үлгілері. Оған « Сыңсу »,

« Тойбастар », « Бесік жыры », « Жоқтау » секілді салт - дәстүр аясында өмір сүретін шығармалар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Қазақ әдебиетінің тарихы
Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz