XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары: Оян қазақ ұранының мәні және қалыптасқан идеялық платформалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№1 Апталық жұмыс

Орындаған: Акмалиев Бахытбек, МТ-2004

  1. Мәселе (1000 сөз) :

ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының «Оян қазақ!» ұранының мәні, мазмұны мен маңыздылығы неде? Қазақстанда осы кезеңде қандай идеялық платформалар қалыптасты?

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғылымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірігейі ретінде халқымыздың ұлт болып қлыптасуына, оның ұлттық және саяси сана - сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған қазақ интеллегенцияларының саяси күресі мен құқықтық көзқарастарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихимәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңелегінің пайда болуы мен оның нақтылы ісәрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді. Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында Алаш партиясы құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мен мерзімді баспасөз: ұлт зиялылары және тұңғыш мерзімді басылымдар
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары: Алаш қозғалысы, ұлттық тәуелсіздік пен мәдени-ғылыми мұра
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары: Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастары мен қоғамдық-саяси қызметі
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясының қоғамдық-саяси рөлі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары мен саяси қайраткерлері: өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі
XVIII ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстары
XX ғасырдың басындағы қазақ-түрік әдеби байланыстары: рухани ықпалдастық және аударма
XIX-XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары: білім жүйесінің рөлі мен петициялық қозғалысы
Әлімхан Ермековтің XX ғасырдың басындағы Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz