Түркі қағанаты X-XIIғ ежелгі дәуір әдебиеті

1.Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәруірі кезіндегі түркі халықтарының қоғамдық дамуы.Қарахан мемлекеті -түркі халықтарының тарихында 940-1212 жылдары мұсылман әулеті билік жүргізген алғашқы мемлекет.Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар кейін қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.Қарахан мемлекетінің құрылуы Жетісу мен батыста Испиджабқа, шығыста Қашғарға дейінгі алып аумақтағы саяси оқиғалармен, қарлұқ мемлекетінің құлдырауымен тікелей байланысты. Осы аумақтағы шиеленіскен саяси жағдайды Қашғар билеушісі Сатұқ (915-955 жж.) пайдалана білді. 942 жылы ол Баласағұнды алып өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Осы жылдан Сатұқ негізін қалаған Қарахан мемлкетінің тарихы басталды. Сатұқ исламды қабылдап Дослан Қарахан лауазымын алды. 955 жылы билік Сатұқтың ұлы Мұсаның қолына өтті. Мұса қаған 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялады. Бұл исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған тұңғыш түрік мемлекеті еді. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болды. Сатұқ Боғра ханның екінші ұлы Сүлеймен ілік Баласағұнда билік жүргізді.
Қарахан билеушілері көрші елдердегі жағдайды өз пайдаларына шеше білді.Соның бірі Орта Азиядағы саяси жағдай еді. Хғасырдың екінші жартысында Орта Азиядағы саманилер әулетінің үстемдігінің әлсіреуін пайдаланып, Қарахан билеушілері бірнеше жорық ұйымдастырады. Хасан Боғра хан Испиджабты, Самани әулетінің астанасы Бұхара мен Самарқандты басып алады. 992 жылы Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алады, ал 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Мәуереннахрды біржола бағындырады.Қарахан мемлекетіндегі билік екі ірі этносаяси бірлестік шігілдер мен яғма көсемдерінің қолында болды. Олар Арслан (Арыстан) және Боғыра (Түйе) лауазымдарын иеленді.Қарахан мемлекетінің негізгі құрылысы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс бөліктерден тұрды. Жоғарғы билік шығыс бөліктің қолында болды. Шығыс иелік аумағы Жетісу мен Шығыс Түркістан болып, билеуші ставкасы Қашғар мен Баласағұнда орналасты. Билеуші шігіл тайпасының өкілі, Арслан Қарахан лауазымын иеленді. Батыс бөлік кіші қағанның қолында, ол Боғырахан лауазымын иеленіп, яғма тайпасынан шықты. Батыс иелікке Мәуереннахр аумағы кірді. Кейін XI ғасырдың 40-жылдары Ибраhим ибн Насыр тұсында Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа Шығыс және Батыс қағанаттарына түпкілікті бөлінуі аяқталды.
Қарахандар иеліктері батыста Амудария мен Сырдарияның орта ағысына дейін, шығыста Қашғар, солтүстікте Тараз маңынан өтіп оңтүстікте Мәуереннахрға дейін созылды.Ірі екі бөлік - Шығыс және Батыс ұсақ үлестерге бөлінді. Үлес билеушілері ілік, тегін лауазымдарына ие болды. Үлестік жүйе өзара қырқыстар туғызып, соған сәйкес билеушілері де жиі алмасып отырды. Қаған билігін жоғарыда аталған іліктер шектеді. Қағанға ең жақын адамдардың бірі уәзір еді. Билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Оның ішінде сатылы жүйе, яғни ағасынан інісіне берілді.Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылыс жүйесі өзіне дейінгі түрік ммлекеттеріне қарағанда өзгешелеу болды. Ол қағанаттағы жер иелену түрлерінен, алым -салық жинау жүйесінен де байқалады.Жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелінді. Қарахан мемлекетінде жер иеленудің бірнеше түрлері қалыптасты. Олар иқта, коммендация институты, вакфтық жер үлесі, т.б.
Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген. Жер сыйлықтарына тек әулеттің мүшелері, орташа және ұсақ төрелер ғана емес, сонымен қатар әскербасылар да ие болған. Мұндай түрі әскери иқта деп аталған. Онда олардың қызметі, әскери дәрежесі, сіңірген еңбегі ескерілді. Бұл тартулардың иелері муқта (араб термині) немесе иқтадар (парсы термині) деп аталды.
Жер иелері - иқтадарлар ауданның, аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтарды алуға құқылы болды. Олар тек салықтар алумен шектелмей, сол жерлердің тұрғындарына да өз құқықтарын сақтауға тырысты.
X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінде дамыған коммендация институтының мәні мынада болды: әлсіз (адам) өзінің жер учаскесін күштінің қамқорлығына береді, ол (күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс, сөйтіп олар феодал шонжарларға тәуелділікке түсті. Мұндай қамқорлық кедей шаруаға арзанға түскен жоқ. Олар салық төлеуге, түрлі міндеткерліктерді атқаруға (феодалдың малын бағу, мүлкін қорғау, шаруасына қарау), қажет жағдайда жауынгер беруге, т.б. міндеттенді.
Вакфтық жерлер- Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. Вакфтық жерлерден салық алынбаған.Қарахандар тұсында да Жетісу мен оңтүстік Қазақстанда бұған дейін үстемдік етіп келген негізгі шаруашылық түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталынды. Жылқы өсіру жетекші орын алып, отар-отар қой мен түйе, ешкі, ірі қара мал өсірген. Көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың үстем тобы арасында аң аулау демалудың, қызық қуудың ролін атқарса, қарапайым халық үшін күн көрістің көзі болғандығы белгілі. Суы мол осы бір аумақта балық аулау да айтарлықтай роль атқарды.Қарахан мемлекеті өзіне дейінгі түрік қағанаттарының тікелей мұрагері болғанымен де, әскери-лендік жүйе, жер иеленудің түрлері, жалпы экономикалық тұрғыдан жаңа, дербес дамыған саяси жүйе болып қалыптасты.Ислам дінінің мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне тың өзгеістер әкелді. Жаңа мешіт ғимараттары салына бастады. Атақты адамдар басына күмбездер тұрғызылды. Олардың қатарында Айша -бибі, Бабаджа- қатын, Қарахан кесенелері бар. Қалаларда шығыс моншалары бой көтерді.XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.
2.Әл-Фараби Риторика, Поэзия өнері туралы еңбектері.Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Ғалым Аристотельдің "Категориялар", "Герменевтика", "Бірінші және екінші Аналитика", "Топика", "Риторика", "Софистика", "Поэтика" секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді "Екінші ұстаз" атандырды" деп жазады . Ғалымның кейбір трактаттарында (Риторика, Бақытқа апаратын жол т.б.) тіл білімі мен əдебиет тану ғылымының бірқыдыру маңызды мəселелері қарастырылған [2].
Тіл туралы ғылымды əл-Фараби екі бөлімге -- лексикология жəне грамматика бөлімдеріне -- ажыратып қарастырады. Мұның біріншісі (лексикология) қайсыбір халықтың тіліндегі сөздерді еске сақтау жəне оның əрқайсысының мағынасын білумен шұғылданады.Тіл туралы ғылымның екінші бөлімін, яғни грамматиканы, əл-Фараби тілдегі сөздерді меңгеретін, бағындырып ұйыстыратын бөлім ретінде қарастырған.Энциклопедист-ғалымның жан-жақты мұрасының поэтикаға қатысты қырлары дегенде, оның бұл салаға арнаған бүгінгі ғылымға белгілі екі зерттеу еңбегінің бар екенін айту қажет. Оның біріншісі -- Поэзия өнері жайлы, ал екіншісі Поэзия өнерінің қағидалары трактаттары. Фарабидің бұл екі трактаты атауына қарағанда өзара ұқсас туындылар көрінгенмен, олардың мəтінімен жақын танысу екеуінің бір-бірінен бөлек нысанды, дербес мазмұнды еңбектер екенін айқындауға мүмкіндік береді.Ғалымның Поэзия өнерінің қағидалары атты трактаты Аристотельдің Поэзия өнері жайлы еңбегін талдауға арналған туынды. Əл-Фараби бұл туындысында өзі хакім деп атаған Аристотельдің поэтика бойынша тұжырымдары мен ілімін түсіндіреді.Поэтикалық шығармашылыққа қабілеттілік туралы айта келе, əл-Фараби ақындарды үш топқа бөледі. Біріншісі, теориялық тұрғыдан бұл өнер негіздері жайлы білімнен ада болғанымен, поэзияның немесе барлық жанрларына табиғи қабілеті барлар. Екінші топтағы ақындар, олар табиғи дарындарымен қатар, поэзия өнерінде де терең білгірлігімен сипатталады. Оларды ойлаушылар деп атауға тұрады. Үшіншісінде - шығармашылық төлтумалық пен өнер канондары туралы терең білім жоқ, алғашқы екі топтағы ақындарға еліктеушілер [3; 322].
Фарабидің ойынша, нағыз көркемдік өнерді, білімді табиғи таланты зор ақындар туғызады. Оның үстіне ғажап поэзия жасау үшін ақын еркіндігі болу керек. Ақын өзі игерген, əбден меңгерген жетік формада (жанрда) жазса да, жақсы туынды бере алады. Ал əр түрлі əсер ықпалдарға байланысты немесе өзі əбден игермеген жолмен жазса, білгір ақынның өзі де жақсы нəтижеге жете алмайды. Өлең шығаруда ақынның білімділігі мен табиғи талантына қоса тəжірибелілігі де қажет деп, жазушының өз өнеріне кемелденуін ерекше бағалайдыƏл-Фараби Поэзия өнері жайлы трактатында негізінен араб метрикасына сəйкес мəселелерге -- бəйіттің соңғы дыбысы, ұйқас, бір бунақ немесе жолдағы қысқа дауыстылар саны, олардың өлең өлшеміне қатысты жəне т.б. тек араб поэзиясының өзіне ғана тəн сұрақтарын талдап, сонымен қатар поэзияның оған жақын өнер -- риторикада қолданылу ерекшеліктеріне қатысты тұжырым жасайды. Əдебиет теориясының еліктеу теориясына жан-жақты, əрі терең талдау жүргізеді.Бұл еңбекте əл-Фараби тұлғасы Аристотельдің еңбегін талдаушы немесе оған түсіндірме беруші ретінде емес, араб поэзиясының заңдылықтарын зерттеуші ретінде танылады. Яғни, бұл екі еңбектің атауы ұқсас болғанмен, бірі классикалық грек поэзиясы тұрғысындағы, екіншісі əлемдік əдебиеттің ең көркем саласының бірі -- араб поэзиясына арналған туындылар [5].Қорыта келе айтарымыз, əл-Фараби пікірлері өте терең. Оның поэзия туралы зерттеу еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сондықтан да ғұлама данышпанның əдебиет теориясына қатысты туындыларының мазмұны болашақта оның туған жерінде, өз елімізде дербес зерттеудің тақырыбына айналғаны дұрыс.
3.Махмұт Қашқари Диуани лұғат-ат-түрік еңбегі. Қашқари - XI ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол "Диуани лұғат ат-түрік" атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz