Құқықтық жүйенің негізі және оның басқа пәндермен байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық жүйенің негізі және оның басқа пәндермен байланысы

Құқықтық жүйе дегеніміз - бір-бірімен байланысатын, қоғамдағы қатынастарды және элементтерді ретіне келтіретін жиынтық, сол немесе өзге елдердің құқықтық даму деңгейін сипаттаушы. Ол - әр елдің ұлттық, тарихи өзгешеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүр негізінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқықтың теориясына қарасақ, құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген ғылымда екі ұғым бар. Барлық мемлекеттердің құқық құрылымы, оның жүйесінің құрылуы, дамуы біркелкі - ешқандай өзгешілігі жоқ. Ал құқықтың тарихи өмірге келуі, құқықтық жүйенің қалыптасуы, дамуы әр елде өзгеше болады. Себебі әр ел тарихының дамуы, ұлттының қалыптасуы, оның мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті құқықтық жүйелерінің де құрылуы, дамуы және көркейе түсуі әр түрлі болады. Негізі басқа да елдердің құқықтық жүйелерін қарап, жақсы тәжірбиелерін алып, оны пайдаланса, өз еліңнің ұлттық құқықтық жүйесін өте жақсы дамытуға болады.
Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың пайда болуы мен оның жүйеден жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқықтық жүйе мен құқық құрылымы қоғамның құқығын дамыту, оны нығайту үшін және жұмысын жақсарту үшін қалыптасады. Қоғамның даму кезінде көпшіліктің бір-біріне қарым-қатынастары өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеп отыруын және оларды басқаруын объективті жолмен құқық жүйелері қалыптастырып отырады.

Қоғамдағы құқықтық жүйенің құрылымына негізгі элементтер ретінде:

  1. құқық заңнамасы;
  2. заңи практика;
  3. үстемдік ететін құқықтық идеологиякіреді.

Құқықтың жүйелері қоғамдағы әр салаға сәйкесінше қалыптасып сол саланы реттеп және басқарып отырады. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің ең негізгі деген салалары:

  • Мемлекеттік құқық. Бұл сала әр мемлекеттің қоғамдық, мемлекеттік құрылысын, азаматтық құқықтық жағдайды реттеп, басқарып отырады.
  • Әкімшілік құқық. Бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару байланыстары мен қатынастарын реттеп, оған қоса дамытып отырады.
  • Азаматтық құқық. Қоғамның күрделі деген саласындағы мүлік қатынастарын реттеп отырады.
  • Еңбек қүқығы. Азаматтардың еңбек жолындағы қатынастарды дамытып, реттейді.
  • Жанұялық құқық. Ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қарым-қатынастарын реттейді.
  • Қылмыстық құқық. Қылмыстық істерді жан-жақты тексерумен, оларды дұрыс шешу мәселелермен шұғылданады.
  • Еңбекпен түзеу құқығы. Қылмыскерлерді тәрбиелеу, дұрыс жолға салу, қоғамға пайдасы тиетін азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастар.
  • Халықаралық құқық. Мемлекеттер арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Бұл процесте ерекше ең маңызды рөлді атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, қылмыстық, мемлекеттік, әкімшілік салалары. Себебі бұл салалар қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени негізді құрастырумен қатар дамытады. Осы салалар құқық жүйесінің ұйтқысы, басқа салаларға өз әсерін тигізіп, олардың жақсы жағынан дамуына жағдай жасайды.

Ендігі тақырып «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» түсінігін талдайық. Адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол сол адамның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне зияны тиетіні туралы білімін қамту қасиеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деген - ол жемқорлыққа қарсы, оған жол бермейтін белсенді азаматтық позиция болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қоғамда іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктер болуы қажет, олар:

- жемқорлықты әлеуметтік зұлым деп танып білуі;

- жемқорлықтың көріністеріне қатысты материалды сыни және объективті көзбен қарап білуі;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу негіздерін немесе оның қоғамдық өмірде, кез келген салада деңгейін төмендету жағдайын қарастырып, барлық мүмкіндіктерді пайдалана білу.

Сыбайлас жемқорлықтарды мәдениетімізге жат құбылыс екенін сезіну- қоғамымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі болып есептеледі. Талай рет осы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан азаматтардың өздерінің құқықтарын және заңды мүдделерін іске асырған кезде құқықтық сауаттылығы әлсіз екендігінің салдары болып табылады. Осыған орай, қоғамдағы құқықтық нигилизмнің түбегейлі жойылуы өте қатты маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Экономикалық ғылым жүйесіндегі бухгалтерлік есептің орны
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Тіл мәдениетінің сипаты
Тіл білімін зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz